Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады



Дата18.01.2020
өлшемі31,17 Kb.
#56109
Байланысты:
3D Blender 1



Түсінік хат.
Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан – жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, виртуалдық-шынайы әлемді танып білуде, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруде информатика пәнi үлкен рөл атқарады.

«3D Blender-де модельдеу» бағдарламасында заманауи талаптарға сай Blender программасында 3D кеңістігін қолдану, үшөлшемді графиканы жасау, нысандардың нақты және виртуалды айырмашылығын модельдеу, анимациялау, қолдану аясы қамтылған. Бағдарлама тек информатика бағытында емес бейнелеу, физика, математика, ағылшын тілі пәндерімен байланыстырылып құрылған. Осы мәселелер бойынша оқушыларға терең білім беріледі.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және  әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар, кино өнерін жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Бағдарлама ақпараттық технологияны қолданудың әдістері мен тісілдерін меңгертуге және оқушылардың іс-әрекеттеріне компьютерді еркін пайдалана алатындай дәрежедегі біліктілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама виртуалдық-шынайы әлемді танып білуге жәрдемдеседі, бағдарламаның жұмыс істеу принципін түсініп, заманау технологияны үйренеді, танымдық білім алу дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан «3D Blender-де модельдеу» (34 сағат) бағдарламасын ұсынып отырмын.


Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:


  1. Компьютерлік графика

  2. 3D Blender бағдарламасы

  3. Меш-нысандар

  4. Модификаторлар

  5. Анимация


Мақcаты:
Білімділік:

Оқушыларға үшөлшемді графикалық нысандарды компьютерде үлгілеу туралы білім беру.


Дамыту:

Оқушылардың білімді шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін дамыту, функционалдық сауаттылықтарын арттыру.


Тәрбиелік:

Оқушыларды компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.



Міндеттері:


  • Оқушылардың өздігінен дамуына жағдай жасау;

  • Оқушылардың алдында оқу проблемаларын тудырып, оны шешуін ұйымдастыру;

  • Алған теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстармен ұштастыруға мүмкіндік туғызу, яғни оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

  • Шығармашылыққа баулу;

  • Қосымша материалдармен жұмыс істеуге үйрету


Күтілетін нәтиже.

  1. Қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және практикалық жұмыстарын қорытындылап, дәлелдеп береді.

  2. Модельді нысаннан ажырата біледі.

  3. Үшөлшемді нысандармен, мәтіндермен жұмыс жүргізуді үйренеді.

  4. Нысандарды бөлу, біріктіру функцияларын қолдануды дағдыланады.

  5. Сахнаны, камера және жарықты баптауды үйренеді.

  6. Қарапйым модельдер құруды үйренеді

  7. Қарапайым модельдерге материал және текстура тағайындай алады.

  8. Модификаторларды қолдануды дағдыланады.

  9. Үшөлшемді графикада анимацияны құруды үйренеді.


Мазмұны.
(Барлығы 34 сағат,аптасына 1сағат)
Қауіпсіздік ережесі (1сағат)

Кіріспе (1сағат)

Үшөлшемді модель. Үшөлшемді модельдеу.



3D Blender бағдарламасы (3сағат).

3D Blender бағдарламасының интерфейсі. User Preferences терезесінің құрылысы. Нысандарды импорттау және Append командасы



Mesh- пішін (2сағат)

Mesh- пішін. Негізгі модификаторлар. Extrude және Scale модификаторлары. Практикалық жұмыс№1: Шамшырақ



Mesh-нысанды редактрлеу (4сағат)

Mesh-нысанды редактрлеу. Extrude және Scale модификаторлары. Knife құралы. Mesh-нысанды біріктіру және бөлу. Практикалық жұмыс№2: Мүсін жасау



Boolean модификаторы ( 2сағат)

Boolean модификаторы. Практикалық жұмыс№3:Шамшыраққа бульдік модификатор қолдану.



Материал панелі (3сағат).

Материал панелі. Diffuse, Specular, Shading, Z-Transparency, Halo қасиеттері. Практикалық жұмыс№4: Нысандарға материал тағайындау.



Texture панелі (4сағат)

Texture панелі. Негізгі Texture элементтері. Stucci, Cloud, Displacement Mapping. Практикалық жұмыс№5: Шамшыраққа текстура қою

Камера және жарық ( 4сағат)

Камера және жарық. Жарықтың типі және оны редактрлеу. Emit опциясы. Практикалық жұмыс №6: Шамшырақты жағу.



3D текст дайындау (2сағат).

3D текст параметрлері. Практикалық жұмыс №7: Компания логотипі.



Рендер және сахна (3 сағат)

Рендеринг. Интерфейс және редакторлеу.Видео файл құрудың жеті қадамы. Scene – сахна дайындау. Практикалық жұмыс №8: Рендеринг.



Модификаторлар (2 сағат)

Модификаторлар. Практикалық жұмыс №9: Нысандарға модификаторларды қолдану.



Анимация (3 сағат)

Анимация. Практикалық жұмыс №10: Менің алғашқы анимациям. Жобаны қорғау: Менің алғашқы анимациям



Нормативтік бөлім

Тақырыбы

Сағат саны

Қауіпсіздік ережесі

Кіріспе


3D Blender бағдарламасы

Меш-пішін

Mesh-нысанды редактрлеу

Boolean модификаторы

Материал панелі

Текстура панелі

Қамера және жарық

3D текст дайындау.

Рендер және сахна

Модификаторлар

Анимация.

Барлығы


1

1

3



2

4

2



3

4

4



2

3

2



3

34


Бағдарлама



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі



Қауіпсіздік ережесі

1






Үшөлшемді модель. Үшөлшемді модельдеу.

1






3D Blender бағдарламасының интерфейсі

1






User Preferences терезесінің құрылысы

1






Нысандарды импорттау және Append командасы

1






Mesh- нысандар.

1






Негізгі модификаторлар.

1






Mesh-нысанды форматтау.

1






Extrude және Scale модификаторлары

1






Практикалық жұмыс №1: Шамшырақ

1






Knife құралы. Mesh-нысандарды біріктіру және бөлу

1






Практикалық жұмыс №2: Мүсін жасау

1






Boolean модификаторы

1






Практикалық жұмыс №3:Шамшыраққа бульдік модификаторлар қолдану.

1






Материал панелі

1






Diffuse, Specular, Shading, Z-Transparency, Halo қасиеттері

1






Практикалық жұмыс №4: Шамшыраққа материал қою

1






Texture панелі

1






Айналаны баптау

1






Практикалық жұмыс №5: Шамшыраққа текстура қою

1






Камера және жарық

1






Жарықтың типтері және оларды баптау

1






Emit опциясы

1






Практикалық жұмыс №6: Шамшырақты жағу

1






3D текст параметрлері.

1






Практикалық жұмыс №7: Компания логотипі.

1






Рендеринг. Интерфейс және редакторлеу.

1






Scene – сахнаны баптау. Видео файл құрудың жеті қадамы

1






Практикалық жұмыс №8: Рендеринг

1






Модификаторлар

1






Практикалық жұмыс №9: Нысандарға модификаторларды қолдану

1




32.

Анимация

1




33.

Практикалық жұмыс №10: Менің алғашқы анимациям

1




34

Жобаны қорғау: Менің алғашқы анимациям

1




Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Информатика 10сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыт. Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова. Астана, «Арман-ПВ», 2014ж.

  2. Самоучитель Blender 2.60. А.А.Прахов. БХВ-Петербург, 2012ж.

  3. Основы Blender. Д.Кронистер. 2013ж.

  4. Онлайн оқулық. Блендер 2.6_Manuals_rus_.pdf-Adobe Reader

Интернет ресурстар:

  1. http://www.LinusBlog.org/blender/podborka

  2. http://www.cgtextures.com.

  3. http://www.archibase.co/gde.

  4. http://www.Blender3d.com.

  5. http://www.Blender.org.

  6. http://www.3D.demiart.ru.

  7. http://ru.wikibooks.org/wiki/Blender_3D





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет