Бағдарламасы қабылданды, онда 4 негізгі бағыт айқындалған: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету



Дата05.06.2017
өлшемі86,9 Kb.
#17771
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылы Мемлекет басшысымен «Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда 4 негізгі бағыт айқындалған:

- ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

- ақпараттық ортаны құру;

- және отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Барлығы Мемлекеттік бағдарламамен 83 нысаналы индикатор және 257 іс-шара жоспарланған. Бағдарламаны үш жыл іске асыру нәтижесі бойынша орындалуы 40%-ға қол жеткізілді (әлі 4 жыл бар екеніне қарамастан).

Сонымен бірге, халықаралық сарапшылардың пікірінше, әлемде елдің ЖІӨ-не ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үлесін арттыратын үлкен деректер (big data), интернет заттар (Internet of things), бұлтты технологиялар (cloud computing) және блокчейн сияқты жаңа технологияларды пайдалана отырып, бизнес үлгісі өзгеруде.

Оның ішінде, 100 қадам шеңберінде қойылған міндеттер жаңа «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу үшін алғышарт жасайды.

Цифрлық Қазақстанды әзірлеу шеңберінде біз мынадай жұмыстар атқардық:

Бірінші. Біз Қытай, Канада, Австралия және Оңтүстік Корея сияқты елдердің цифрлық экономикасын дамыту бағдарламаларын зерделедік. Бұл елдер цифрландыру бойынша стратегиялық құжаттарды қабылдағандықтан, айтарлықтай тәжірибелері бар.

Екінші. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз Huawei, Cisco, сондай-ақ Google және IBM компанияларымен алдын ала бірлескен жобаларды айқындадық. Мысалы, Huawei компаниясымен Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік және Смарт сити Астана жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Cisco компаниясы Интеллектуалды көлік жүйесі жобасына өз қызығушылығын білдірді. IBM компаниясымен Резервтік Сервер орталығын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық осы жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша іске асырылатын болады.

Үшінші. Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның бағыты IDC, McKinsey, BCG және ОЭСР ұсынымдары мен стандарттарына негізделген. Біз Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық орнатқанымызды атап өткім келеді, атап айтқанда, бұл тәсілдемелер Дүниежүзілік банк сарапшыларының қатысуымен әзірленді.

Төртінші. Сондай-ақ, бұл тәсілдемелер мүдделі мемлекеттік органдармен, ІТ-қауымдастықтармен және бизнес қоғамдастықтармен алдын ала келісілді, сонымен бірге біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз.

Цифрлық Қазақстанның тәсілдемелерін әзірлеу кезінде Дүниежүзілік банктің цифрлық экономикасын құру әдістемесі пайдаланылды.

Әдістеме 3 негізгі құрауыштарды қарастырады:


  • Цифрлық инфрақұрылым, яғни үлкен деректерді дамыту (big data), байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларын арттыру.

  • Цифрлық шешім – бұл цифрлық денсаулық сақтау, цифрлық білім беру, ауыл шаруашылығы, көлік, ақылды қала т.б.

  • Цифрлық дивиденттер – ол біздің қай бағытқа ұмтылатынымыз, атап айтқанда, жұмыс орындары, жоғары өнімділік және ЖІӨ-нің өсуі.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

Бағдарлама 4 негізгі бағыттан тұрады:



  • Цифрлық Жібек жолы

  • Проактивті мемлекет

  • Креативті қоғам

  • Экономика саласындағы цифрлық қайта құру.

2020 жылға қарай біз қол жеткізетін нысаналы индикаторлар:

  • Еліміздің ЖІӨ-дегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының 4,85%-ға дейін өсуі;

  • ІТ секторындағы жұмыс орны 100 мың адамға өсуі;

  • Осы саладағы еңбек өнімділігінің 31%-ға өсуі;

  • Тұрғындардың цифрлық сауаттылығының 80%-ға дейін жоғарлауы.

Тұжырым: Аталған бағдарлама 2050 стратегиясымен, 100 қадам Ұлт Жоспарымен, Нұрлы жол бағдарламасымен және басқа да мемлекеттік бағдарламалармен қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Цифрлық Қазақстанның бірінші бағыты. Цифрлық Жібек жолы – цифрлық алшақтықты еңсеру.

Аталған бағыт екі құрауыштан тұрады, ол:



  • Транзитті әлеуетті қолданыстағы Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (ҰАСМ) арқылы дамыту және бүкіл республика бойынша деректерді өңдеу орталықтарын құру. Бұл ақпараттық деректер ағынының 0,3%-ын Еуропа-Азия бағыты бойынша өткізу мүмкіндігі үшін жағдай жасайды (ҰАСМ өткізу қабілеті 2020 жылға қарай 4 есеге артады деп жоспарланып отыр).

  • Қалада да, ауылда да Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікті (КЖҚ) қамтамасыз ету, бұл ретте қосымша 1000 мектеп және 1000 аурухана қамтылатын болады. Бұл Қазақстанға тұрғындардың 78%-ын кеңжолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді.

  • Анықтама ретінде:



Қала

Ауыл

1.

ADSL = 10 Мбит/с

ADSL = 10 Мбит/с

2.

FTTН = 120 Мбит/с

CDMA/EVDO = 3,1 Мбит/с

3.

3G = 7,2 Мбит/с




4.

4G = 100 Мбит/с




Екінші бағыт. Азаматтарға бағдарланған проактивті мемлекет.

Мемлекеттік органдардың деректер базасын өзекті ету, ақпараттық жүйелерін интеграциялау және бизнес процестерін оңтайландыру арқылы мыналар іске асырылады:

Бірінші. Мемлекеттік органдардың архитектурасы және ақпараттандырудың сервистік үлгісі. Яғни, біз қайталанатын функцияларды анықтап, мемлекеттік органдардың ІТ-инфрақұрылымын ұстауға жұмсалатын шығындарын төмендетіп, бизнестің дамуына жағдай жасаймыз.

Екінші. Азаматтарды барыншы аз тарта отырып, композиттік қызметтерді ұсыну (мысалы, бала туылғанда, медициналық карталарды ашу, жәрдемақы тағайындау, балабақшаға және мектепке кезекке қою сияқты қызметтер автоматты түрде беріледі).

Үшінші. Ашық үкіметті құру және бюджеттер мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын онлайн талқылау арқылы шешім қабылдау процесіне азаматтарды тарту.

Ашық үкіметті құруға қатысты барлық қажетті жұмыстар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңды қабылдай отырып, 100 қадам Ұлт Жоспары шеңберінде іске асырылды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, азаматтардың мемлекетке деген сенімі, халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтардің сапасына қанағаттануы артатын болады.

Үшінші бағыт. Креативті қоғам – ақылды қоғам.

Аталған бағыт шеңберінде келесілер түсіндіріледі:



  • 100 мың қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында ІТ-мамандарды даярлау. Қазір жыл сайын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтары бойынша ЖОО, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша 30 мың маман тамамдауда. Сонымен бірге, БҒМ-мен бірлесіп, осы сала бойынша сабақ беру әдістемесін жаңарту және гранттар санын көбейту жұмыстарын жүргізудеміз.

  • Кәсіби кадрларды тұрақты түрде қайта даярлау (денсаулық сақтау, өнеркәсіп қызметкерлерін оқыту, жабдықтар мен ақпараттық жүйелерді пайдалану), нәтижесінде, біз 100 мыңға жуық кадрды қайта даярлайтын боламыз.

  • Қолданыстағы жоғары оқу орындары базасында жаңа технологиялар бойынша кемінде 3 құзыреттілік орталығы мен ғылыми базаны құру (мысалға, Blokchain технологияларын мемлекеттік басқару және қаржы техке анықтау).

Нәтижесінде, біз тұрғындардың цифрлық сауаттылығын 80%-ға дейін арттырып, ІТ-мамандардың жаңа экономикаға қажеттілігін қамтамасыз етеміз.

Анықтама ретінде: Қазіргі уақытта Статистика комитетінің деректері бойынша ІТ-мамандарға деген қажеттілік 2016 жылы Қазақстанның өңірлері бойынша 94 038 адамды құрады. Қажеттілік 102 531 кәсіпорынға есептелді, яғни ол Қазақстандағы кәсіпорындардың жалпы санының 10,9%-ын құрайды (барлығы 935 312 кәсіпорын).

ІТ-мамандарға деген қажеттілік 2020 жылға қарай орташа болжам бойынша шамамен 101 мың құрайды, жыл сайын орташа 2%-ға өсуді ескере отырып есептелген.

Төртінші бағыт. Цифрлық экожүйені құру.

Аталған бағыт бойынша жобалар келесі салалар бойынша іске асырылатын болады.

- Цифрлық көлік және логистика;

- Цифрлық ауыл шаруашылығы;

- Цифрлық өнеркәсіп (Индустрия 4.0);

- Цифрлық энергетика;

- Электрондық коммерция;

- «Ақылды қалалар»;

- Цифрлық денсаулық сақтау;

- Цифрлық білім беру;

- Цифрлық ШОБ.

Мысалы, біз «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Жүйе тасымалдар туралы деректерді жинауды және өңдеуді автоматтандыру, көлік ағындарын есепке алудың және мониторингілеудің бірыңғай деректер базасын құру және көлік бақылауды автоматтандыру арқылы құрылатын болады. Нәтижесінде, аталған жүйенің қамту үлесі республикалық маңызы бар жолдардың 60%-ын құрайды және жолдардың өткізу қабілеті 70-80%-ға реконструкциясыз артады.

Сондай-ақ, электрондық коммерцияны дамыту шеңберіндегі жобалар туралы айтсам деймін. Бұл бағыт бойынша логистикалық инфрақұрылымды және заманауи төлеу құралдарын дамыту жоспарлануда, сондай-ақ жаһандық сауда алаңы арқылы қазақстандық өнімдерді экспорттау үшін онлайн сауда тұғырнамасын іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде, электрондық коммерция үлесін бөлшек саудасының жалпы санының 3%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, біз INALCA компаниясымен бірлесіп, «Мал шаруашылығы өнімдерін бақылау» бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Осы жоба шеңберінде мал басын туғаннан, сойып, өнімге дайындағанға дейін, сондай-ақ малдарға жүргізілген вакцинация бойынша да есепке алу жоспарлануда.Нәтижесінде, біз мал ауруының таралуын төмендетіп, басқа елдердің нарығына ет экспортын арттырамыз.

Бағдарламаны жалпы болжамдық қаржыландыру түрлі қаржыландыру көздерінен шамамен 720 млрд. теңгені құрайды. Негізгі үлесін МЖӘ бойынша жоба және республикалық бюджет құрайды. Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық институттардың қаржыландыру механизмдері қосымша қарастырылуда.

Кәрім Қажымқанұлы, Дүниежүзілік банк заем беріп, Цифрлық Қазақстан жобасын қаржыландыруға дайын. Осы мәселені Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп пысықтауға рұқсат беріңіз.

Сондай-ақ, бағдарламаны қайта қараудың тағы бір себебі мынада: Ақпараттық Қазақстан бағдарламасында негізгі қаржыландыру үлесі республикалық бюджет есебінен еді, ал Цифрлық Қазақстанды қаржыландыру МЖӘ, Ақпараттандырудың сервистік үлгісі, компаниялардың өз қаражаты және жеке инвестициялар сияқты түрлі механизмдер арқылы жүзеге асады деп жоспарлануда.

Бағдарламаны тиімді басқару мақсатында «Зерде» Холдингі базасында Орталық трансформация кеңсесі, сондай-ақ мүдделі министрліктерде жергілікті кеңселер құрылды.

Сонымен бірге, бағдарламаны жалпы үйлестіру үшін вице-премьердің басшылығымен ведомствоаралық комиссия құрылатын болады. Бұл жұмыс қазір жүргізілу үстінде.

Таныстырылымды аяқтай отырып, Цифрлық Қазақстанды құру және қойылған барлық мақсаттарға жету жеткілікті қаржыландыру көлеміне, мемлекеттік органдардың тартылуына, тұрғындардың белсенділігіне және бизнестің қызығушылығына байланысты.

Осыған орай, Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, аталған тәсілдемелерді қолдауыңызды сұраймын. Біз Мемлекеттік бағдарламаның бастапқы жобасын дайындадық, егер сіз мақұлдасаңыз, біз Мемлекеттік бағдарлама жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыруға енгізуге дайынбыз.



Назарларыңызға рақмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет