Бағдарламасы дала жағдайында 2 пәннен практикалық сабақ жүргізуден тұрады: Орманшылық



Дата09.09.2022
өлшемі41 Kb.
#149073
түріБағдарламасы
Байланысты:
2-курс Өндірістік практика жоспары
@8;. 07, stud.kz-2805



2 курстағы пәндер бойынша өндірістік практикалары
Оқу практикасының бағдарламасы дала жағдайында 2 пәннен практикалық сабақ жүргізуден тұрады: Орманшылық.


ОРМАНШЫЛЫҚ
Орманшылық курсы бір-бірімен тығыз байланысты әрі жеке-жеке пәндер болып келетін орман табиғиғатын оқытатын ормантану және орманшылық бөлімдерінен тұрады.
Ормантану
Практиканың мақсаты – орманды оқып-үйренуге байланысты алған теоретикалық білімдерін бекіту және тереңдету, орман биоценоздары мен оларды құраушы элементтердің заңдылықтарын оқып-үйрену.
Практиканың міндеті: студенттер орман ішіне барып онда өсетін барлық орман өсімдік элементтерімен (сүрекдің, орман астары, өскін, тірі топырақ жамылғысы, өсімдіктердің биіктік бойынша қабаттылы бөлінуі) танысуы керек. Сонымен бірге студенттер орман типтерін анықтау және олардың таксациялық сипаттамаларын практикалық тұрғыда білуі керек, табиғи жаңаруды есептеудің әдісін оқып-үйренуі тиіс.
Практиканың ұзақтығы: 10 күн, топқа 6 сағаттан.
Практиканы өткізу орны – Іле-Алатауының солтүстік беткейлерінің таулары мен тау маңы бөлігі.
Практиканың мазмұны:

  1. Орманмен танысу. Орманды құрайтын элементтер: сүрекдің, орман астары, өскін, тірі топырақ жамылғысы, өсімдіктердің биіктік бойынша қабаттылы бөлінуі. Сүрекдің және оны бөлудің белгілері.

  2. Табиғи өздігінен сиреу процессі. Ағаштардың өсуі бойынша жіктелу.

  3. Орманның табиғи жаңаруын есептеудің әдістері.

  4. Ағашы кесілген жерлерде өсімдіктер жамылғысының ауысуы және табиғи жаңаруды талдау.

  5. Орман типтерін диагностикалау.

Ормандағы барлық жұмыстарды 5-6 адамнан құрылған бригадалар істейді, бригада жалпы ортақ есеп дайындайды, есепті қорғау әрбір студентке жекеше жүреді.


Орманшылық
Практиканың мақсаты – студенттерге орманға байланысты адамның орман шаруашылық шараларының тапсырмаларын, өздігінен дұрыс шешуге оқып-үйрету.
Практиканың міндеті: студенттер орманның табиғатын оқып-үйренудің негізінде алған практикалық білімдерін басты мақсатта және арлық кесу учаскесін таңдауға, кесілетін ағаштарды іріктеу және белгілеу, кесудің қолайлы интенсивтілігін анықтау, сүрекдің дайындауды есептеу, орманның табиғи жаңару процесін өлшеу.
Практиканың ұзақтығы: 15 күн, топқа 6 сағаттан.
Практиканы өткізу орны – Іле-Алатауының солтүстік беткейлерінің таулары мен тау маңы бөлігі.
Практиканың мазмұны:

  1. Студенттерге жарықтандыру немесе тазалау үшін кесулер жүргізілетін учаскелерді таңдату және жүргізу.

  2. Студенттердің қатысуымен сирету үшін кесу жүргізетін орынды таңдату және жүргізу.

  3. Орманы қайта қалпына келтірілетін учаскеде кеспе ағашты белгілеу және кесілетін ағаштарды іріктеу.

  4. Кесудің типін анықтау және орманның табиғи жаңару шараларын таңдау.

  5. Орман шаруашылығындағы өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуымен танысу.

Ормандағы барлық жұмыстарды 5-6 адамнан құрылған бригадалар істейді.
Практика орманда күніне 6 сағат жұмыс істеуге есептелген. Орман материалдарын камералды өңдеу жұмыстары күнделікті орманнан келген соң күннің екінші жартысында жүргізіліп отыруы керек.
Бригада жалпы ортақ есеп дайындайды, есепті қорғау әрбір студентке жекеше жүреді.
ОРМАН ПИТОМНИКТЕРІ
Практиканың мақсаты – орман питомниктерінде отырғызу материалдары түрлерін өсіруге байланысты оқыған теоретикалық курстарын бекіту және іс-тәжірибелерін жетілдіру.
Практиканың міндеті – студенттер дала жағдайында өздерінің қатысуымен сан алуан ағаш және бұта түрлерінің көшет материалдарын өсіру технологиясымен танысу.
Практиканың ұзақтығы: 5 күн, топқа 6 сағаттан.
ҚазҰАЗУ студенттеріне практиканы өткізу орны – «Орман питомнигі» АҚ.
Практиканың мазмұны:

  1. Тұқымдарды себу түрлері мен сүлбесі, себу алдында тұқымдарды өңдеу.

  2. Тұқымдарды себу, себу тереңдігі мен себу нормасы, себу тәсілдері.

  3. Себілген тұқымдарды күтіп-баптау (топырақты қопсыту мен арамшөптерді отау, себілген тұқымдарды көму және көлеңкелеу, суғару жүйесі).

  4. Сеппелер мен тікпелерді қазып алу және көміп қою, оларды отырғызуға дайындау және отырғызу жұмыстарын жүргізу.

  5. Отырғызу материалдарын түгендеудің технологиясы.

Орман питомнигіндегі барлық жұмыстарды 5-6 адамнан құрылған бригадалар істейді.
Практиканың соңында әрбір бригада оқытушыға барлық істеген жұмыстарын жазып есеп өткізеді, есеп тапсыру әрбір студентке жекеше жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет