Бағдарламасы Әбжан ауылы 2017 (075) Құрастырған: физика пәнінің мұғалімі Косыбаева Асемгуль Калтаевна



Дата07.02.2020
өлшемі98,5 Kb.
#57389
Байланысты:
000a19fe-af9e7d84 (1)

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

Ленин негізгі мектебі

«Физика әлемінде»

7-сыныпқа арналған

факультативтік курс бағдарламасы



Әбжан ауылы – 2017

УДК 55:37:091(075)
Құрастырған: физика пәнінің мұғалімі Косыбаева Асемгуль Калтаевна

Пікір жазған: С.Торайғыров атындағы ПМУ «Физика және аспап жасау» кафедрасының аға оқытушысы, физика магистрі Искакова А.Б.

Түсінік хат

«Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.

Физика – оқушыға білім беретін жəне өзіндік тəрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын жəне логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тəрбиелейтін өзіндік мазмұны жəне зерттеудің ғылыми əдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.

Бүгін мектептегі «Физика» оқу пəнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық жəне практикалық ойлауын, сыни ойлау жəне талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Берілген факультативтік сабақ - сабақта өтілген материалға пайдалы толықтауышы болып табылады. Физика ең алдымен эксперименетті, есептеуді талап ететін ғылым, бірақ сабақ барысында әр оқушымен жеке (индивидуалды) жұмыс жасауға уақыт жеткіліксіз, сол себепті пәнге деген қызығушылығын жоғалтады.

«Физика әлемінде» курсын оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік жəне шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі жəне білігін техникада жəне күнделiктi өмiрде пайдалана білу.

Курстың міндеттері:


  • физикалық құбылыстар, заңдылықтар, теориялар мағынасын түсінуін және өмірде көрген құбылыстарды физикалық тұрғыдан түсіндіре білуін қалыптастыру;

  • физикалық құралдармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойларын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын әдістер мен технологиялар:

  1. эксперименталды сабақтар;

  2. жеке және топтық жұмыстар;

  3. баяндама әзірлеу.

Берілген курс бағдарламасына мына тақырыптар енгізілген:

  1. «Физика – табиғат туралы ғылым»

  2. «Физикалық шамалар мен өлшеулер»

  3. «Механикалық қозғалыс»

  4. «Тығыздық»

  5. «Денелердің өзара әрекеттесуі»

  6. «Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым»

  7. «Жұмыс және қуат»

  8. «Энергия»

  9. «Жай механизмдер»

  10. «Жер және Ғарыш»

Оқыту нәтижелеріне қойлатын талаптар:

  • Жаратылыстану ғылымы жүйесіндегі және ғылыми-техникалық дамудағы физиканың орны мен рөлі туралы әр оқушы түсіну керек;

  • Физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін ғылыми ақпараттардың негізгі түсініктері мен ұғымдарын жинақтастыруды, талдауды және жүйелеуді білу керек;

Эксперименталды, фронталды жұмыстарды жасау және бақылау, мәнді сапалы есептерді шығара білу керек.
«Физика әлемінде» курсының мазмұны:

Жылына – 34сағат, аптасына – 1сағат, 7-сынып

Тақырып 1. Кіріспе – 1сағат.

Курстың құрылымымен танысу. Кіру тесті.



Тақырып 2. Физика – табиғат туралы ғылым – 3 сағат.

Ерте кездегі ғылымдардың табиғатқа деген көзқарастары. Табиғатты зерттеудің физикалық әдістері. Заттың құрылысы.



Тақырып 3. Физикалық шамалар мен өлшеулер – 2 сағат.

Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігіне; үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуға есептер шығару; аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.



Тақырып 4. Механикалық қозғалыс – 4 сағат.

Механикалық қозғалыстың түрлері, бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау, Қозғалыс, траектория және орын ауыстырудың өзара байланысы, жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу. Біз қаншалықты тез қозғаламыз? Желдің жылдамдығын анықтау. Координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу.



Тақырып 5. Тығыздық – 2 сағат

Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау. Электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әр түрлі денелердің массасын анықтау.


Тақырып 6. Денелердің өзара әрекеттесуі – 4 сағат.

Инерция құбылысы; күш; тартылыс құбылысы және ауырлық күші; масса, салмақ; деформация; серпімділік күші, Гук заңы; үйкеліс күші.

Үйкелістің пайдасы мен зияны. Отто фон Герик тәжірибесі

Тақырып 7. Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым – 4 сағат.

Қатты денелердегі, сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы. Қатынас ыдыстар; гидравликалық машиналар. Атмосфералық қысым, Архимед заңын зерделеу.



Тақырып 8. Жұмыс және қуат – 4 сағат.

Механикалық жұмыс; қуат; ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру; транспорт түрлерінің қуатын бағалау.



Тақырып 9. Энергия – 4 сағат.

Кинетикалық энергия; потенциалдық энергия; энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы. Үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау.



Тақырып 10. Жай механизмдер – 4 сағат

Жай механизмдер; дененің массалық центрі; иіндіктің тепе-теңдік шарты; пайдалы әрекет коэффициенті; көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекеті.



Тақырып 11. Жер және Ғарыш – 2 сағат.

Аспан денелері туралы ғылым; Күн жүйесі; Күнтізбе негіздері.

Бұл курс математика пәнімен байланысты. Оқушылардың білімін бағалау үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі тәсілдерін қолдануға болады: критериалды бағалау, ауызша, жазбаша бағалау.
«Физика әлемінде» курсының жылдық күнтізбелік жоспары

(аптасына – 1сағат, жылына – 34сағат)






Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні




Кіріспе







1

Физика нені оқытады?

1







«Физика – табиғат туралы ғылым»

3




2

Ерте кездегі ғылымдардың табиғатқа деген көзқарастары

1




3

Табиғатты зерттеудің физикалық әдістері

1




4

Заттың құрылысы

1







«Физикалық шамалар мен өлшеулер»

2




5

Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.

1




6

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуға есептер шығару

1







«Механикалық қозғалыс»

4




7

Механикалық қозғалыстың түрлері, бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау.

1




8

Қозғалыс, траектория және орын ауыстырудың өзара байланысы, жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу.

1




9

Желдің жылдамдығын анықтау. Біз қаншалықты тез қозғаламыз?

1




10

Координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу.

1







«Тығыздық»

2




11

Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау.

1




12

Электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әр түрлі денелердің массасын анықтау.

1







«Денелердің өзара әрекеттесуі»

4




13

Инерция құбылысы; күш; тартылыс құбылысы және ауырлық күші.

1




14

Масса, салмақ

1




15

Деформация; серпімділік күші, Гук заңы; үйкеліс күші.

1




16

Үйкелістің пайдасы мен зияны. Отто фон Герик тәжірибесі

1







«Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым»

4




17

Қатты денелердегі, сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы.

1




18

Қатынас ыдыстар; гидравликалық машиналар.

1




19

Атмосфералық қысым

1




20

Архимед заңын зерделеу.

1







«Жұмыс және қуат»

4




21

Механикалық жұмыс

1




22

Қуат

1




23

Ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру

1




24

Транспорт түрлерінің қуатын бағалау.

1







«Энергия»

4




25

Кинетикалық энергия

1




26

Потенциалдық энергия

1




27

Энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы

1




28

Үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау.

1







«Жай механизмдер»

4




29

Жай механизмдер

1




30

Дененің массалық центрі; иіндіктің тепе-теңдік шарты;

1




31

Пайдалы әрекет коэффициенті

1




32

Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекеті

1







«Жер және Ғарыш»

2




33

Аспан денелері туралы ғылым

1




34

Күн жүйесі; Күнтізбе негіздері.

1





Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Я.И.Перельман «Занимательная физика»

  2. И.Г.Кириллова «Книга для чтения по физике 7-8кл»

  3. А.П.Рыженков «Физика. Человек. Окружающая среда»

  4. Большая книга экспериментов для школьников «Росмэн»

  5. В.А.Буров, С.Ф.Кабанов «Фронтальные экспериментальные задания по физике»

  6. М.И.Блуднов «Беседы по физике»

  7. А.В.Перышкин «Физика»

  8. Л.Э.Генденштейн, Л.А.Кирик, И.М.Гельфгат «Решение ключевых задач по физике для основной школы»



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет