БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген



Дата31.12.2019
өлшемі47,57 Kb.
#53992


ҚАРАТОМАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР КСЕНТАЕВ АРДАК АНУАРБЕКОВИЧ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ.Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген.

Жоғары білімім бар. Павлодар университетінің, кеден ісі, кеден ісі маманы мамандығы бойынша тәмамдадым. Инновациялық Еуразия университеті. Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика және бизнес магистрі, 2016 жыл.

Еңбек жолын 2005 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Далба орманшылығының мемлекеттік инспекторы болып бастадым.

2006-2011 ж .ж." МТС Жайма " ЖШС есепші Қаратомар ауылы

2011-2013 "Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ» әкімі.

2013-2014 "Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты "ММ жетекші маманы»

2015 жыл қаңтар-наурыз аралығында "Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы»

27 наурыз 2015 - жылдан қазіргі уақытқа дейін "Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ» әкімі болып қызмет жасаудамын.

Үйленгенмін. 2 балам бар.

Әкім болу – демек, округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету.

1. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.

2. Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

3. Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасаймын.

4. Округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсетемін.

5. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.

6. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.

7. Болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасаймын. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ халқының санын арттыруға күш саламын.

8. Мемлекеттік, оның ішінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» т.б. бағдарламалары бойынша тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, олардың осы бағдарламалардан өз сыбағаларын алуға жұмыстар атқарамын.

9. Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.



Құрметті халық қалаулылары! Егер мен Қаратомар ауылдық округінің әкімі болып сайланған жағдайда жоғарыда көрсетілген бағдарламамның жүзеге асырылуына бар күш-қайратымды жұмсаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет