Бағдарламасы негізіндегі патронаждық медбикенің ролі



Дата11.01.2023
өлшемі23,32 Kb.
#165364
түріБағдарламасы
Байланысты:
Ба дарламасы негізіндегі патронажды медбикені ролі
18 билет, Дәріс 4 (1), Документ, Модуль 5 13, 4-курс-Фельд, Метод.-Жамбастың-ауытқуы, № ҚР ДСМ -25 бұйрығы15.03.2022. Стандарт педиатрия, 3-сабақ. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы (1), СОЧ 4 четв 10 класс, oyyn-tr-nemese-yzyty-sratar-retnde-arastyrua-bolady

ЮНИСЕФ бағдарламасы негізіндегі патронаждық медбикенің ролі

Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) ұлттық бағдарламасына сай жуырда аудандық ауруханада медицина мекемелерінің патронажды медбикелері жүкті және босанған әйелдерге үйде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрес озық үлгісінің 16 ресурстық модулі бойынша тренинг өтті.

ЮНИСЕФ-тің бағдарламасы бойынша курстан өткен патронаждық медбикелерге арнайы куәліктер беріліп, еңбекақылары 20% көбейеді. Барлық модулдер ЮНИСЕФ ғалымдарының педиатрия, балаларды ерте жастан дамыту, бала психологиясы саласы бойынша соңғы жиырма жылдағы зерттеулерінің дәлелдері негізінде құрылған.
ЮНИСЕФ бағдарламасына сай патронаждық медбикенің жұмысы туралы әмбебап озық үлгісінің 16 ресурстық модульдерін қысқаша шолып өтсек:
1. Модуль: ерте жастағы балалардың шексіз даму уақыты.
Бұл модуль баланың іште пайда болған күнінен бастап 3 жасқа дейінгі даму, яғни мидың дамуы, нейробиологиялық дамуы, денсаулығына әсері, оқыту және өмірлік іс қыймылына бағытталған.
2. Модуль: патронаж қызыметкерінің жаңа рөлі.
Бұл модуль патронаж медбикесіне рөлі мен міндеттерін түсіндіреді, үйге бару бағдарламасы бойынша адамдармен, отбасымен, қоғаммен және мекемелермен байланыс орнату шеберлігін ұғындырады.
3. Модуль: нәрестені дұрыс тамақтандыру(емізу және тамақтандыру).
Қосымша тамақтандырудың баланың денсаулығы мен дамуы үшін маңыздылығын түсіну.
4. Модуль: ата-ана мен бала арасында бауыр басуды дамытамыз.
Ана мен жаңа туған нәресте арасындағы қарым-қатынастың қалыптасу үдерісі.
5. Модуль: әкелерді қатыстыру.
Әкелер баланың дамуында баланың, анасының және отбасының аман саулығында маңызды рөл атқаратынын түсіну. Әкелердің балаларын тәрбиелеу жұмысына нәресте күнінен бастап белсендірек қатыстыру үрдісі және сол үрдістерге мемлекеттік саясат және қызметтер көрсету жүйесі саласында қолдау көрсетілуі.
6. Модуль: тәрбиелеу өнері: сүй, сөйлес, ойна, оқы.
Дұрыс тәрбиелеудің негізгі тұстарын сипаттау.
7. Модуль: ата-аналардың аман саулығы баланың бүкіл өмір бойғы денсаулығының, дамуының және аман саулығының негізі.
Ата-ананың перинаталдық психикалық сырқаты балаға, отбасына, қоғамға қалай әсер ететінін түсіну.
8. Модуль: балаларды тәрбиелеудің кең таралған қиын мәселелері.
Ата-аналардың көпшілігі тап болатын бала тәрбиесіне қатысты түйіткілді мәселелерді түсіну.
9. Модуль: үйдегі орта және қауіпсіздік.
Балалар өмірінің алғашқы жылдары орын алатын жарақаттардың кең таралған себептерін және қалай алдын алу керек екенін білу.
10. Модуль: патронаж қызыметкерлерінің тіл табысу дағдыларын дамытамыз.
Тиімді тілдесуге үйретуді білу.
11. Модуль: стигманы және кемсітуді ескеру бойынша жұмыс жасау.
Әділдікті, инклюзияны және саналуандылықты құрметтеуді ілгері бастыру.
12. Модуль: өзгеше дамитын балалар.
Кемтар, мүмкіндігі шектелген, мүгедек балалар қоғамның өміріне толық және тең құқылы араласа отырып, өз отбасында және қоғамда өсуге және өркендеуіне қажетті барлық қызыметті алуға толығымен құқылы.
13. Модуль: даму мониторингі және скрининг. Мониторинг, мониторинг құралдары, даму кезеңдері, мерзімді скрининг, дамуды толық бағалау ұғымдарын және өзара айырмашылықтарын түсіну.
14. Модуль: балаға дұрыс қарамау, қиянат жасау, көңіл бөлмеу және тастанды баланы анықтау және бұндай жағдайларға назар аудару.
15. Модуль: мекемелер арасындағы байланыс.
16. Модуль: емханада клиникалық тәжірибеде кездесетін ынтамен тамақтандыру.

ЮНИСЕФ бағдарламасына байланысты патронаж медбикесінің бала дамуының мониторингін жүргізудегі 10 негізгі қадамдары бойынша жұмыс жасауды үйренеді:
1. Бірінші қадам. Бала дамуының не екенін ата-анаға түсіндіріп айту. Көбіне ата-аналар бала дамуы мен физикалық өсуін бірдей деп түсінеді. Баланың бойы мен салмағы дұрыс болса болды, бәрі жақсы деп ойлайды. Ата-анаға баланың дамуы деген нені меңзейтінін түсіндіру.
2. Екінші қадам. Ата-анадан бала дамуы кезеңінде не мазаландыратынын сұрау керек. Мониторингінің басты элементі ата-ананың бала дамуына алаңдауы болып саналады. Ата-аналарды не алаңдататынын анықтау барысында ашық сұрақтар қоямыз: баланың дамуы туралы айтқанда, мен балаңыз қалай тілдесетінін, түсінетінін, әңгімелесетінін, ойнайтынын, көретінін, еститінін, қимылдайтынын, үйренетінін және өзіне арналған қандай әрекеттер жасайтынын меңзеп тұрмын. Балаңыздың осы салалардың қайсысында болмасын дамуы алаңдатпай ма? Деген сұрақтар арқылы анықтау.
3. Үшінші қадамнан жетінші қадамға дейін. Бала дамуының облыстары бойынша бағалау жүргізу қажет. Ол үшін арнайы жеті кестені қолданамыз. Кестелер: экспрессивті(бейнелі) тіл дамуы, рецептивті(түсіну) тіл дамуы, қимыл-қозғалыс бойынша нән моторика мен кішкентай моторикаларын анықтау, эмоционалді даму, баланың өз эмоцияларын басқару, бала қалай қарым-қатынас орнатады, ойындар және бір-бірімен ойнау. Кестелерге сай мониторингін жүргізу және қолдау көрсету қажет.
4. Сегізінші қадам. Қорғаныс факторының мониторингін жүргізу, бұған тәрбиешілердің демеуін де қосамыз.
5. Тоғызыншы қадам. Дамуына қатерлі қауіпті факторлардың мониторингін жүргізу.
6. Оныншы қадам. Отбасының қауіп-қатер факторларын мейлінше азайту стратегияларына, қосымша қызыметтерге мұқтаждығына және әрі қарайғы әрекеттер жоспарын жасауға мониторинг жүргізу.
Тренинг барысында мамандар сәбиге тактильді жанасу, онымен сөйлесу бойынша әсерлері, ата-аналардың эмоционалдық іңкәрлігі, баланың когнитивті функциялары мен бейімделу қабілеттеріне қатысты ойындарға ата-ананың екеуін де 1-ші күннен бастап бүкіл кейінгі өміріне дейін белсенді түрде қатыстыруға байланысты жаңа білім алады. Патронажды қызметтің жаңа стандарты бойынша, әйелдің жүкті кезінде 2 рет және барлық балалар туғаннан бастап 3 жасқа дейін патронажды медбикелердің әмбебап пакет бойынша үйге 9 рет бару арқылы көрсетілетін міндетті қызметпен қамтылатын болады. Әмбебап бару аясында патронаджы қызметкерлер баланың ерте жастан дамуына ықпал ететін жолдарды бағалап, ата-аналарға емізу, дұрыс тамақтандыру, дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету, балалар ауруларының қауіпті белгілерін тани білу мәселелері, ата-аналар мен балалар арасында тығыз байланыстың болуының маңызы бойынша кеңестер өткізеді. Нақ осы берік эмоционалдық өзара қарым-қатынастар ата-аналардың баланың психикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ететін сергек әрі қамқор ахуалды қалыптастыруына жәрдемдеседі. Қалыпты және жоғары берекесі бар отбасылар ерте даму, мектепке дейінгі тәрбие бойынша мамандардың даму пакеті бойынша қызметтерін, сондай-ақ жұмыспен қамту, тұрғын үй және қоғамдастықтардағы бизнеспен серіктестік бағдарламаларына қатысу арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік ала алады.
Патронажға барудың жаңа дағдылары өңірлердегі отбасылар үшін алғашқы медициналық қызмет жүйесінің кәсіби құзыреті мен қызметінің сапасын жақсартуға, ана мен 1 жасқа дейінгі бала өлімінің алдын алуға көмектеседі, бала көтеру мәселелеріне әсер ете алады.
Гарвард университетінің педиатрия саласындағы зерттеушілері баланы ерте жастан дамыту бағдарламасына қаражат салу баланың әлеуетін айтарлықтай арттыруға және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау жүйесіне жұмсалатын шығын деңгейін азайтуға көмектесетінін дәлелдеген. Үйге барудың патронажды әмбебап-прогрес моделі негізіндегі патронажға бару пациентті өмірінің кейінгі кезеңіндегі неғұрлым көп шығын жұмсалатын ауруханада емдеудің ескірген тәжірибесімен салыстырғанда барынша экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылатыны дәлелденген.
Жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды медициналық-әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жоба БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры патронаждық медбикелерді әдістемелік материалдар мен тұрақты оқыту шараларымен қамтамасыз етеді.
Анасы 3 жасқа дейін баласының қасында болғаны дұрыс. Анасының қамқорын, тәрбиесін, үйреткенін 10 балабақша да, үйірмелер де үйрете алмайды. Жұбайының жүкті кезінде және баланың туған күнінен бастап әкесі тәрбие ісіне етене араласып, күніне 15 минут уақыт бөлу баланың дамуына ерекше әсер етеді.
Патронаждық медбикелер медициналық қызметкер ғана емес, әлеуметтік қызметкердің және психологтің міндеттерін де біледі. Өйткені балаға дәрі егу немесе басқа да дағдылардан бөлек күтім қажет әрі оған науқас ретінде емес, бала ретінде қарағаны тиімді. Көптеген отбасылар балаларына кәсіби медициналық дәрігерге дейінгі көмектерді көрсете алмайды, сондықтан патронаждық қызмет медбикелері осы міндетті үйретеді. Жас аналарға баланы күтіп-баптаудың қыр-сырын көрсетеді. Бөлмеде жас ана өзін ыңғайлы сезінуге бейімдейді. Ойыншықтармен ойнату, баланы құндақтау тәртәптерін үйретеді. Алуан түрлі дәмді тағамдармен таныстырып, балаларға жасына қарай, қандай тағам әзірлеген дұрыс және қандай азық-түлік бүлдіршіндер үшін пайдалы екенін айтып, мөлшерін көрсетіп береді.
2016 жылдан бері ЮНИСЕФ- тің техникалық қолдауымен осы моделдер енгізіліп жатқан Қызылорда облысында:
1. сәби өлімі 32%-ға (159-17,7‰-дан 108-12,1‰-ға дейін) азайды;
2. басқарылатын инфекциялардан болатын сәби өлімінің саны медициналық көмекке ерте кезден жүгіну есебінен 50%-ға (6-дан 3—ке дейін инфекциялық аурулар) азайды;
3. үйде қайтыс болған балалар саны 13-тен (10,6%) 10-ға дейін (14,3%) 23%-ға азайды;
4. тыныс алу органдарының ауруларынан болатын өлім-жітімнің 3 еседен көп (3-тен 1-ге дейін) азаюына қол жеткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет