1 Қосымша
ЖАТАҚХАНАЛАРДА
ОРЫН БЕРУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Кезектен тыс:
1. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар
2. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі, бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар мен I және II топтағы мүгедектер.
3. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар
4. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жергілікті атқарушы органдардың грант иегерлері.
5. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға грант бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар
6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар - білім гранттарының иегерлері
Жатақханадан орын алуға басым құқықтар:
1. Мүгедек балаларға арналған интернат үйлері, балалар мектеп-интернаттары
2. ІІІ топ мүгедектері
3. Апатты аймақата тұратын білім алушылар (Арыс қаласы, Мақтаарал ауданы)
4. Көп балалы отбасынан шыққан білім алушылар («Алтын алқа», «Күміс алқа" иегерлері»)
5. Бірінші курсқа қабылданған, "Алтын белгі" белгісі бар білім алушылар»
6. Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы сертификатының иегері болып табылатын білім алушылар, "Абай сыйы" республикалық пәндік олимпиадасының І, ІІ,ІІІ орын иегерлері, Әлем чемпионатының, Азия чемпионатының, Дүниежүзілік Универсиаданың жүлдегерлері, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпазы.
7. Мектепті үздік бітірген білім алушы (куәлік, аттестат, диплом)
8. Грант иегерлері:
- шалғай аймақтардан келгендер;
- жақын аймақтардан келгендер.
9. Ұйым өткізген Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу барысындағы қабылдау емтиханы немесе тест қорытындысы бойынша жоғары баллмен бірінші курсқа қабылданған студенттер. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қорытындылары, ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандары пәндер қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде өтініш беруші мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамалар ұсынған кезде білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі
10. Ата-анасының екеуі де зейнеткер
11. Экологиялық қолайсыз аймақтан келген білім алушылар
Шетелдік студенттерге жатақханадан орындар келесі жағдайда беріледі:
- халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарындағы білім алушылар;
- сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген білім алушылар;
- тілдік курстарға түскен білім алушылар.
Өзге де білім алушылар:
- Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген студент;
- Дайындық курсының тыңдаушылары;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жоғары курс білім алушылары (критерийлерге сәйкес).
Достарыңызбен бөлісу: |