5. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «робототехника» үйірмесінің жүргізілу деңгейі және мұғалімдердің электронды оқулықтар мен білім сайттарының материалдарын оқу үрдісінде тиімді пайдалану деңгейі туралы Анықтама Баяндамашы: ДОІЖО: Мыңжасарова А Мектебімізде 2018-2019 жылында вайфай желісі тартылып, мұғалімдер мен оқушылардың ғаламторға қосылу мүмкіндігі жандана түсті. Сонымен қатар 11 оқушыға арналған Робототехника кабинеті ашылды. Кабинетке full hd форматындағы интерактивті панель, лего майндсторм ИВ-3 негізгі жинағынан -11 дана, кеңейтілген жинағынан -11 дана, Lego Vedo 2.0 жинағынан -11 дана және Arduino кеңейтілген жинағынан 11 дана роботтары, 2 дана 3D принтер жергілікті бюджеттен берілді. Кабинет түрлі түсті көрнекіліктермен жарақтандырылған. Информатика пәнінің мұғалімі Султанғалиев Алмас Сұлтанғалиұлы-педагог сарапшы. Робототехника үйірмесінде 5-7 сыныптар арасында сабақ береді. Алмас аз уақыт ішінде көп жетістіктере қол жеткізіп келеді. Робототехника пәні бойынша қала біріншілігіне «Шагающий робот» байқауында 5, 7, 9 сыныптар арасынан 10 оқушыдан тұратын 5 команда қатысып, 49 мектеп-гимназия командасы 3-жүлделі орынға ие болды және 9 «В» сынып оқушылары Тұрар Есқали мен Жолдыбаев Азат дипломмен марапатталды.
Робототехникадан жастар жылына орай "РОБОТОТЕХНИКА-БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ" тақырыбында оқушылар мен студенттер арасындағы өткізілген қалалық байқауында "Чарли роботымен" Тұрар Есқали және Сарыбаев Міржақып Бас жүлдені иеленсе, "Кегельринг квадро" деңгейі бойынша Қалықұл Бағдаулет 1 орын, "Ралли" деңгейі бойынша Меделхан Тимур және Нұртай Нұрдаулет 1 жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Жетекшісі Информатика пәні мұғалімі Сұлтанғалиев Алмас Сұлтанғалиұлы.
Қорытынды: «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «робототехника» үйірмесінің жүргізілу деңгейі жақсы. Мұғалім шығармашылықпен жұмыс атқаруда. Жеткен жетістіктері аз емес. Электронды оқулықтар мен білім сайттарының материалдарын оқу үрдісінде тиімді пайдалану деңгейі ортадан жоғары. Дегенмен, жұмыс деңгейін әлі де күшейтуіміз қажет. білім порталдарына күнде кіріп, сабаққа керекті ресурстарды алып отыру қажет.
Ұсыныс: Робототехника үйірмесінің жұмысын әрі қарай жалғастыру, оқушыларға заман талабына сай технологияларды үйрету. Мабақта білім сайттарын, электронды оқулықтарды пайдалану.