Баланың заңды өкілдерi – ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;
Балалардың тең құқықтылығы
Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Бала және қоғам
Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу Бала және дiн Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау Баланы заңсыз алып кетуден қорғау