Бала мінез-қҰЛҚының БҰзылу себептерінің Әлеуметтік-психологиялық ЖӘне педагогикалық аспектілері



Дата21.10.2019
өлшемі26,54 Kb.
#50343
Байланысты:
БАЛА МІНЕЗ
тренинг
«Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша» КММ

БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Баяндама

Баяндамашы: мектеп психологы

Г.Ж,Саменова

Таскескен ауылы

2018-2019 оқу жылы


БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.

Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұрғыда М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон,   Г.П.Медведев және т.б., клиникалық сипатта Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е.Сухарев, криминалогиялық аспектілерін М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев сияқты ғалымдар зерттеумен айналысқан.

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, Ж.Ы.Намазбаеваның, Т.Қ.Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.

Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.

Девиантты мінез-құлық дегеніміз – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.

Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.

Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар:



Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедерге келтіретін физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер (генетикалық факторлар, интеллектуалдық кемістіктер, психикалық ақаулар, психофизиологиялық  және физиологиялық факторлар).

Психологиялық факторлар – баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы (жүйкелік-психикалық ауытқулар).

Әлеуметтік-педагогикалық факторлар – мектептегі, отбасындағы, қоғамдағы тәрбие үрдісінің кемшіліктері мен әлеуметтік назардан тыс қалу нәтижесі (оқудағы декомпенсация, дезадаптация, әлеуметтік бейімсіздік, криминалдылық).

Әлеуметтік-экономикалық факторлар – баланың өз отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына қанағаттанбауы (кедейлік, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу).

Моральды-этикалық факторлар – адамгершілік-рухани құндылықтардың төмендеуі.

Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?



Көрнекті психолог Л.С.Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуде мына ұстанымдарды басшылыққа алу қажет.



  • Педагогикалық әрекеттің мақсатқа бағытталуы.

  • Біртұтастығы мен жүйелігі.

  • Ізгілік ұстанымы.

  • Тұлғаның жақсы жақтарын тауып көре білу.

  • Құрмет көрсете білу және қажеттілік тудыра білу ұстанымы.

  • Саналылық және белсенділік ұстанымы.

  • Жан-жақтылық ұстанымы.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

  • Баланың әлеуметтік ортасына тікелей әсер ету арқылы. Факторлары: табиғи, әлеуметтік.

  • Оқу-тәрбие үдерісінің түзетушілік бағыты. Үнемі!

  • Мәдени-көпшілік және сауықтыру шараларын арнайы ұйымдастыру арқылы.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңына сәйкес келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  • ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркiмен кетуi салдарынан мiнез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балаларды анықтау;

  • қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балаларды дер кезінде есепке алу және реабилитациялық шараларды жүргізу;

  • балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жауапкершіліктерін арттыру;

  • кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасау;

  • кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенiн құру және енгізу.

Енді нақты суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, белгілері және оның шығу себептеріне тоқталып өтейін. Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен саластырғанда үш-төрт есеге есті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.

Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының 41%  жұмбақ жағдайда, 18% жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан, 18%  отбасындағы жағдайлардан, 6% махаббат «ауруының» салдарынан болған.



Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:

  1. өзінің сырт келбетіне салақ қарау

  2. өзін үнемі жалғыз сезіну, пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну

  3. бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау

  4. өлу туралы ойға салыну

  5. болашаққа жоспардың жоқтығы

  6. ұсақ түйектерге ашулану

  7. сыртқы бейнесімен түрінің мұңлы болуы

  8. бір қалыпты дыбыс

  9. асықпай сөйлеу

  10. сөздің қысқа болуы

  11. жауаптың жоқтығы

  12. жылдам экспрессивті сөйлеу

  13. жоқтау

  14. сыңсуға құмарлық

  15. жалпы қозғалыстың саябырсуы

  16. ештеңе істемеу

  17. тым асыра қозғалу

Эмоциялық өзгерістері:

  1. көңілсіз жүру

  2. қабақ шытуы

  3. ашулылық

  4. бұрқылдау

  5. айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас

  6. айналаға жек көрушілік сезіммен қарау

  7. өз-өзіне деген мейірімсіздік

  8. қатыгездік сезімі

  9. мәнсіз қорқыныш

  10. мәнді қорқыныш

  11. көңіл-күйдегі қайғының үнемі болуы

  12. қайғыға душар болу

  13. айнала қуанған сайын көңілсіздікке ұшырау

  14. психикалық аурулар, депрессия

  15. үрейлі қорқыныштың мінездемесі, невроз, ішкі үрей және қорқыныш

  16. шизофрения

Суицидтің белгілері:

  1. өзінің өткен өміріне пессимистік баға беру

  2. өткен өмірдегі таңдаулы жағымсыз оқиғаларды еске түсіру

  3. қазіргі кездегі өзінің жағдайына пессимист көзқарас

  4. болашақта перспективтіктің болмауы

  5. айналадағы ортамен қарым-қатынасқа түспеу

  6. сыңсуға құмарлық

  7. қырсығу

  8. өзінің қайғысына эгоцентристік бағыттау

  9. көзжасының вегетативті бұзылуы

  10. көз қарашығының үлкеюі

  11. ауыз құрғақшылығы

  12. дем жетпеу

  13. бас ауруы

  14. ұйқысыздық

  15. іштің түйілуі

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуы – девиантты мінез-құлықтың бір формасы.

Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:

  • Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы

  • Ішкі эмоцоналды жағдайдың бұзылуы

  • Әлеуметтік шеттетілу

  • Жанұядағы жайсыз психологиялық ахуал

  • Өзіндік “Менінің” жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы

Суицидтің шығу себептері

  1. Отбасылық ұрыс-керіс, ажырасу, жалғыздық, махаббатқа жол болдырмау, жыныстық қарым-қатынастағы әлжуаздық;

  2. Психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;

  3. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқу;

  4. Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар;

  5. Жұмыс және оқу орындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;

  6. Қоғамдық -саяси жағдайлар;

  7. Тұқым қуалаушылық;

  8. Даму акселерациясы.

Сыртқы белгілері:

  • Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш монотонды дауыс;

  • Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;

  • Іс-шарасыздық.

Эмоцоналды бұзылыстар

  • Қоршаған ортаға деген көңілсіздік;

  • Кекшіл, жылдам ашуланғыш;

  • Қобалжу, негізсіз қорқу.

Қарым-қатынаста:

  • Оқшаулану, қоршаған ортаман қарым-қатынастан қашу;

  • Келешекке жоспардың болмауы;

  • Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.

Психикалық бұзылыстар:

  • Жылауықтық;

  • Ауыздың кебуі;

  • Тахикардия;

  • Демнің жетпеуі;

  • Бас аурудың жиілігі;

  • Дене салмағының түсуі;

  • Тәбеттің қашуы;

  • Кеуденің ауырлығы.

Демонстрациялық мінез:

Суицидтік аффектілік мінез:

Аффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін дәрі-дәрмекпен улану

Жыл мезгілі


  • Табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездеседі.

Сәуір-ең қатыгез ай” (Томас Эллиот)

Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары



Суицидтік әрекеттің алдын-алу және түзету:

  • Стресті жеңуге үйрету.

  • Отбасы, мектеп, референттік топтың көмегімен жасөспірімге әлеуметтік қолдау көрсету.

  • Қиыншылықты жеңуге арналған психологиялық тренингтер жүйесін ұйымдастыру.

  • Суицидтік жағдайларға жеткізген психологиялық қажеттіліктерді азайту.

  • Өмірге ерекше қатынасты қалыптастыру.

  • Суицидтік мінез-құлықты тани білу, алдын алу.

Көмек беру үшін:

  • Суицидке әкелген себепті табуға тырысу.

  • Суицидке бейімділігі бар тұлға деп, оның әрекетіне нақты көзқараспен қарау.

  • Қамқорлық көрсете білу.

  • Тыңдаушы бола білу.

  • Өмірдегі қажеттілігін түсіндіре білу.

  • Сөз таластырмау.

  • Дәлелденбеген басу айтпау.

  • Үміт беру.

  • Мамандармен байланысу керек.

Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына бала сенімді болуы керек.

Әдебиеттер:



  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан – Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi №591 Заңы. ҚР Парламентiнiң Жаршысы, №18, 105-құжат, 2004. – 14 б.

  2. Степанов В.Г. Психология трудных школьников. – М.: Академия, 2004. – 245 б.

  3. Баженов В.Г., Баженова В.П. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. – Тараз, 2003. – 125 б.

  4. yandex.kz Балалар суицидімен күресу шаралары. – Алматы, 2010

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет