Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту



бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі214,93 Kb.
#167122
  1   2   3
Байланысты:
Áàëàáà?øàäà ?ëòòû? îéûíäàðäû äàìûòó


Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту
ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.


Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақын – ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастық шақ өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.


Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жасаған оты. Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.
Әтеш - шақырады
Есек – бақырады
Күзен – шақылдайды
Бақа-бақылдайды
Шыбын – ызылдайды
Шіркей ызындайды
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:
ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
ойынның басталуы мен ойналу барысы;
ойынның аяқталуы.
Дене тәрбиесі іс - әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
- көңілді болып жақсы демалады;
- денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
- ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:


- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
- қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
балалардың денсаулығын нығайту;
денені шынықтыру;
мәдениетін қалыптастыру;
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:


қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:

Арқан тарту.
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Орамал тастамақ
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Ақсерек-көксерек.


Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу
Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.


Түйілген орамал.
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

Соқыр теке.


Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Қуыр-қуыр қуырмаш.


Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:
- ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар.
Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар
Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр , қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:
Мына жерде қой бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде түлкі бар
- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

Хан талапай.


Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін , алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде - бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

Аударыспақ
Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантиметрдей бір –біріне қапталдас орналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабандоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұстасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағаш аттың құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Теңге ілу.


Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі сайыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Әдебиеттер.


Кел, балалар, ойнайық! – Алматы «Арда» 2006 ж.
Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж.

Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны.


Ойын-өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы іскерлігі дамиды.

Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден-ақ халық дәстүрі.

Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға»жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар- балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.

Дене қимылының төмендеуі балаларға өте қауіпті. Ондай жағдайда бала бойында иммунитеті едәуір төмендейді. Баланың дене белсенділігінің төмендеуі сымбатының бұзылуына, омыртқаның қисаюына әкеп соқтырады. \

Балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимыл ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс.

Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Ұлттық ойындар.


Көкпар


- Шығыс пен Орта Азия халықтарына ежелден-ақ таныс ойын.

«Зұлымдық атаулының аты өшсін» деген сеніммен қара ешкі сойылып додаға салынады. Ойынның тәртібі мынандай: көкпаршылар алаңды айнала тұрады да, қолында көкпары бар төреші алаң ортасына серкешті тастап, «баста» деген әмір берсе, даяр тұрған жігіттер лап қойып, ептісі іліп алады. Оны белгілеген межеге, не сыйлы бір үйге апарады. Ол үйде де қарымтада қарап қалмай, жігіттерді риза етуге тырысады.


Аударыспақ

Салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнайтын жігіттер қатысады.

Қыз қуу


Көнеден келе жатқан ойын. Заманның өзгеруіне қарай жаңғырып, екі-екіден жұп жасақталатын болған. Негізінде ұлттық киім киген қыз ортаға шығып, топ болып тұрған жігіттердің ішінен өзіне ұнаған жігіттің мінген атының сауырынан түртеді де, шаба жөнеледі. Жігіт атын тебініп, қыз соңынан қуады. Ойын шарты бойынша жігіт қызды қуып жетсе, құшақтап бетінен сүйеді. Егер межелі жерге дейін жігіт қуып жете алмаса, қыз қолындағы қамшымен жігітті бас демей, көз демей төпеп, орнына қуып әкеледі.

Алтыбақан

Алтыбақан құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрдей алты сырық пен мықты арқан керек. Мосыңа ұқсатып үш-үштен ағашты бір жақ басына байлап, жерге қадайды. Ойнаушылар аяғын тірейтіндей етіп түйіп, арқан байланады. Бір-біріне қарама-қарсы отырып тербелген жұптар ән бастайды, Қалғандары екеуіне қосылып, түнді әуенмен көңкереді.

Ақсүйек


Ақсүйек ойнаушылар екі топқа бөлініп, әрқайсысы өз жетекшілер белгілейді. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол топтың қарулы жігіті сүйекті құлаштап алысқа лақтырады. Бұл сәтте қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң ойыншылар ақсүйекті іздеуге жүгіреді. Сүйекті алғаш тапқан адам «ақсүйек, ақсүйек» деп айқай салады да, межеге қарай жүгіреді. Ақсүйегі бар адамның соңынан басқалары тұра қуады, ол қуып келе жатқан адамның қолы сүйекке тигенше өз тобындағы ойыншыларға лақтырып үлгеруі керек. Мәреге жеткен топ қажетті ұпайды алады, не ақсүйекті лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі. Көп ұпай жинаған жеңіске жетіп, жеңілген жақ екінші топтың талабын орындайды.

Теке тірес

Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтағы ойыншылардың саны бірдей болуға тиісті. Ойын алаңында ара қашықтығы 50 сантиметрден үш қатар сызықтар тартылады. Екі топ та дәл ортадағы сызықтың екі жағына, қарама-қарсы қатар түзеп тұрады. Ойын басталды дегенде, қарама-қарсы тұрған балалар бірін-бірі иықтарымен итеріп, қарсыласын шегіндіріп жіберуге бар күштерін салады. Сонда, қай топтың ойыншылары қарсыластарын артындағы сызықтан асыра итеріп жіберсе, сол топ жеңген болып есептеледі.

Атқаума


Балалар үш-үштен бөлініп ойнайды. Екі бала қолдарын айқастырып «атқаума» жасайды. Ол былай жасалынады. «Атқаумаға» қатынасатын балалар сол қолымен өзінің оң білегін қысып ұстайды да, сонан соң бос тұрған оң қолдарымен бір-бірлерінің сол білектерін ұстап, үшінші бала атқа мінгендей еркін отыратындай орын дайындайды. Көзі орамалмен таңулы үшінші бала, айқасқан қолдарының үстіне келіп отырады. Сонан соң қолдасып тұрған екі бала:

-Атқаума, атқаума,- деп белгі қойылған көмбеге жеткенше жүре береді. Осы кезде, ойынға жай араласып жүрген балалардың бірі:

-Ақ сандық па, жоқ әлде, көк сандық па?-деп сұрайды. Оған көзі таңулы бала:

-Көк сандық, көк сандық,- деп жауап береді.

-Аспанда не бар?

-Жұлдыз бар.

-Жерде не бар?

Құндыз бар.

Қаумалап көтеріп келе жатқан балалар:

-Бақа, бақа, балпақ.

Басың неге жалпақ?

Бұтын неге талтақ,

Көзің неге тостақ?

Бұған көзі таңулы бала былай жауап береді.

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Теуіп жауды қашырдым,

Бұтым содан талтақ.

Қарауылда көп тұрдым,

Көзім содан тостақ!

Қаумалай көтеріп тұрған екі бала:

-Мына жерде шөл бар,

Мына жерде ел бар,

Мына жерде көл бар,-

Деп қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құлап жығылса, айып тартады. Құламай тік тұрып қалса екі бала оны қайтадан көтеріп жүреді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Алшы


Асық ойындарында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың асығы болып табылады. «Алшы» ойыны сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. «Алшы» ойынын ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде мақасы алшы түсіп, асық кез- келген жағында жатса да асықты алады, тағы да атады. Ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекті тұрған ойыншы көмбеде тұрып, оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді.Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.
Автор: Исенова Г.А.
Просмотров: 664
Дата создания: 16 Ноября 2012 г.
Дата редактирования: 16 Ноября 2012 г.
Copyright © 2007-2015 UNIPRADE
Все права защищены
«Балбөбек» бағдарламасы бойынша педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері – Алматы «Арда» 2006 ж.
Ақ сандық, көк сандық – Алматы «Жазушы» 1988 ж.

Тақырыбы:Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл – күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт – дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік – эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл – күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой - өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын бар өнердің бастауы, шынында да көне мәдениетпен әдеби туындылар сол халықтың жиналған уақытта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақтыңұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып – білу талпынысына нышаныретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік – экономикалық айнасы екенін білеміз.

М.О.Әуезов біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар, «Ойын» көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болғанын айтады.Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай – қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет – ғұрыптары салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері – баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен.

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала,

Кеудеде ақыл ойлайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. «Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, селсоқ ауырып қалды ау!» деген пікір айтқан баланың денсаулығын бағдарлайтын халқымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.

В.А.Сухомлинскийдің сөзімен: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын – дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.

Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын, Абай сөзімен айтсақ дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс.Басқаша айтқанда,ойын нақтылық пен дерексіздік,индукция мен дидукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Балаларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім - әрі сәнді, әрі мәнді болады.

Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді.

Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Қоғи көк» ойынында қаздар тек кемпірдің: «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек.Ойын ықыластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді («бірі-бәрі үшін» және «бәрі – бірі үшін» - қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапқырлықты (кемпір) талап етеді. Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланады.

Балалардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып - қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан-дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді. Демек,сабақта ойындарды тиімді қолдана отырып, балалардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру кажет.Себебі ойындар кезінде балалар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.



Ұлттық педагогика негіздерімен балаларды оқыту арқылы оларды өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл балалардың бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет