М. Әуезов
Шыныменде осы бір нақыл сөзде қаншама айтар ой, мағына жатыр. Біз балаға бесіктегі сәби кезден дқрыс тәлім- тәрбие бере алмасақ, ұлт болашағын ойлаудың өзі қорқынышты. «Гүл күнге қарап өседі»демекші жас өркен аға буынға қарап бой түзейді. Сондықтан ұлтымыздың болашағына алайдайтын бірден-бір жан болсаңыз, тәрбиелеуді өзіңізден бастаңыз.
Қазақ халқы әуелден тәрбиені, бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойған. Аналарымыз баланы емізбеген. Осы арқылы баланы тазалыққа, түрлі ақын-жыраулардығ өлеіңің жаттатқызып білімге, тәрбиеге ұлтжандылыққа, үлкенді сыйлауға баулыды. Ұлттық тәрбие мен сусындап өскен жас- елінің қамын ойлайтын азамат болып шығады.
Қазіргі таңда орын алып жатырған оқиғаларға қарап, ұлттық тәрбиемізді насихаттау жолдары азайып бара жатырма деген ой келеді. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы». Бұл тақырыптың жас ұстаздарға беріліп отырғаны тегін емес және құптарлық жайт. Бала тәрбиені отбасыдан, бала- бақшадан, кейін мектептен, қасындағы адамдардан алады. Тәрбиеші болып балабақшаға келгеннен кейін, алдында отырған бүлдіршіндердің білімімен қатар, тәрбиесі тікелей сағанда байланысты. Кішкентайдан санада қалыптасып келе жатырса, ол ертеңгі күні өз жемісің береді. Балалар санасына тәрбиені өткізілетін тәрбиелік- мағыналы шаралар арқылы, өмірден түрлі мысалдар ала отырып түсіндіреміз. Балаға өз тіліңмен емес, өз тілімен түсіндір деген. Ата-ана , ұстаз болып ұлт тағдыры үшін салғырт қарамай бірге отырып қарқынды жұмыс істесек нәтижелі болмақ. Тәрбиелеп отырып, арман көгіне самғауға мүмкіндік беріп, ұшқыр ойы мен талмас қанатын шыңдасақ болашағынан мол үміт күтеріміз хақ.
Адам дамуының ең басты кепілшісі - еңбек. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" - деп, атам қазақ бекер айтпаған. Шынымен де, адамды адам еткен еңбек. Еңбексіз, адамзат әлі примитивті даму үрдісінде қалушы еді. Өз жалқаулығын жеңіп, еңбек ете білге азаматтар ғана бұл өмірде шексіз бақыт пен байлыққа кенеледі. Сол себептен, баланы кіші кезінен еңбекке баулыған дұрыс. Балалар әке-шешесіне үй жұмысымен көмектесіп, өз қолқабысын үнемі тигізіп отыруы қажет. Осындай тәрбиеде өскен бала, өскен кезінде өз жұмысына адал және үнемі еңбек етуге даяр болып өседі.