Қ. Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі Мазмұны



бет1/2
Дата17.12.2019
өлшемі0,54 Mb.
#53667
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Қ.Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі

Жетекші:


Қ.Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Қанипа Бітібаева әдістемесі – оқытудың өнімді жолы.

ІІІ. Салыстырулар?

IV. Іс-тәжірибе

V. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,-деген дана халқымыз. Мәңгілік елдің болашағы – жастар екендігі баршамызға мәлім.

2019 жыл – жастар жылы. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрбір жолдауы мен мақаласында жастар жайлы сөз қозғайды.

          Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» бағдарламасында ұлттық біртектілік , бірлік жайында сөз қозғаса, «Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық бірегейлікті алға тартқан. Сөздің құрамы әртүрлі болса да , түбірі бір. Бізге ұлттың мүддесіне келгенде бірлік, ынтымақты сақтау керектігін жеткізген. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ екендігін ұмытпаған жөн. Елдің кемел болашағы – жастардың қолында. Біз өз тарапымыздан рухани жаңғыру мақсатында еліміздің, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуға міндеттіміз. Жаңа технологияны үйрену, жаңаша ойлау, жаңа идея – міне рухани жаңғыру.         

Рухани жаңғыру төңірегінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы да жастарға жолданған. Ертеңгі елдің болашағы өз тарихы мен салт-дәстүрін, ұлттық құндылығын жоғалтпауы тиіс. Тарихын білмеген өскелең ұрпақ болашағына да дұрыс мақсат құра алмайды. Өз елін әлемге таныту үшін әрбір жас азамат аянбай еңбек етуі тиіс.

«Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдердікі»,-деген екен «ғасыр ақыны» атанған ұлы Мағжан Жұмабаев. Дана атқандай, көзі тірісінде алты алашқа «Қазақтың Қанипасы» аталып, аңыз боп тараған, ұстаздықты абырой шыңына шығарған біртума тұлға, қазақ педагогикасының жарық жұлдызы – Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы. Оның есімі Одақ кезінде педагогикалық санаулы шоқ жұдыздарының қатарында аталды, еліндегі әріптерстері Алтынсариннің ізбасары деп бағалады. Расында да, ол жаңашыл ізденістерімен, әдебиетті оқытудың тың, инновациялық технологиясымен аты аңызға, өзі құбылысқа айналды. Ұстаздықты абырой шыңына шығарды.



Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне,
шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Мұның бәрі
Қ.Бітібаева технологиясында жете жазылған. Қазіргі күнде елімізде осы
технологияны ұстаздар қауымы кеңінен қолдануда. Ал мен осы әдістердің
өзектілігін, өміршеңдігін ашуға барынша тырыстым.

Қ.Бітібаева әдістемесі

Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары – баланы іздемпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Оның сабақ жоспары оқушы субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс-әрекеті түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады. Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева былай дейді: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дҽрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы дҽрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін» [1]. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, бірліктегі одақ деңгейіндегі еңбек етуші дәрежесінде болады. Жаңашыл ұстаз Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесінен ұстаздың өз ізденісінен туған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мақсатындағы билер кеңесінің отырысы, мен зерттеушімін, пікір қорғау, кіші зертханадағы ғылыми кеңес, ұлылар үндестігі, жобалар сайысы, шешендік турнирі, консилиум, сөз жарысы, өнер жарысы, есеп беру сабақтарында осындай білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туындап жатады.

Қ.Бітібаева іс-тәжірибесінің ерекшілігі – оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Қазіргі таңда қолданыста жүрген Кембридж технологиясының жеті модульі Қанипа Омарғалиқызының іс-тәжірбиесіне қалай кіріктіріп тұрғанын да айтқым келеді. Кембридж бағдарламасының бүкіл мазмұнын ашатын модуль – сын тұрғыдан ойлауға үйретеу модульі Қ.Бітібаеваның «өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы» деп білетін әдебиет пәнін оқыту тәсілдері оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, оқу материалын саралауға, сараптауға, өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, оны қорғауға, ой қорытуға жетелейтінін байқамау мүмкін емес. Ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады.

Қ.О.Бітібаеваның оқушыларға ой салу, ойланту, ойландыру қағидасы өміршең өзектілігімен таңғалдырады. Жасампаз жаңашылдығымен таңғалдырады. 2012 жылдан бастап көптеген мұғалімдер кәсіби біліктілік арттыру үшін оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негізінде құрылған деңгейлік курстарынан өтіп жатыр. Қазақстандық мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында құрылған бағдарлама жеті модульден тұрады. Осы Бағдарламаның әр модулі Қанипа Омарғалиқызының іс – тәжірибесіне қалай кіріктіріліп тұрғанын айтып өтсем деймін. Бағдарламаның бүкіл мазмұнын ашатын модуль —



сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі. Қ.Бітібаеваның "өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы" – деп білетін әдебиет пәнін оқыту тәсілдері оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, оқу материалын саралауға, сараптауға, өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, оны қорғауға, ой қорытуға жетелейтінін байқамау мүмкін емес. Мұғалімнің үш көмекшісі деп атап көрсетілетін үш қасиет: кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, өнегелілік тұтастық Қанипа Омарғалиқызының толағай тұлғасынан көрініс тауып, шәкірттерін табысты оқытуға жетелейтін құзыретті ұстаз екенін тағы да бір рет дәлелдеп тұр. Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер немесе диалогтық оқыту модулі Қанипа Омарғалиқызының әр сабағына қалай кіріктірілгеніне мысал келтірудің қажеті де жоқ. Бағдарламада «диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді» деп жазса, Қанипа Омарғалиқызы әр сабағын шәкірттерімен сырласа отырып өткізетінін кім білмейді?

Бағдарламаның тағы да бір маңызды модулі оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникативтік технологияны /АКТ/ пайдалану. Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі кезеңді былай қойып, қарапайым телефонның өзі жетістік болып саналатын өткен ғасырдың орта шенінің өзінде ғылыми – әдістемелік жаңалықтарды қалт жібермейтін ізденімпаз ұстаз Қанипа Омарғалиқызы үшін бұл да алынған асу, шыққан шың.



Талантты және дарынды балаларды оқыту  модулін игеру жолдарын Кембридждік тәсілден іздемей-ақ Қ.О.Бітібаеваның озық тәжірибесінен үйренсек те ешкімнен кенже қалмас едік. Өйткені Қанипа Омарғалиқызы өткен ғасырдың аяқ кезінде республикалық атаулы мектебінде интеллектуалдық дамуы басқаның білімін қажет етпей, өз еншілігіне тиесілі іс – тәжірибесін жаңа заман сұранысына сай өңдей білім беріп, талантты

ұл – қыздарын қияға самғатқан ұлағатты ұстаз.



Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  модулі де Қанипа Омарғалиқызының тәжірибесінен өз орнын тапқаны қашан. Ұстаздың «Сабақ аяқталғанда шығып бара жатқан әрбір оқушының артына зіл сақтамай қоштасуы мен үшін өте маңызды» [2] деген сөзіне рефлексия да, кері байланыс та сыйып тұр.

Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту модулі Қ.Бітібаеваның

іс – тәжірибесіндегі басты қағида десем қателеспеймін. Өйткені мұғалімнің оқу материалын мәнерлетіп оқытудан бастап үйреткен шәкірті ғылыми – зерттеу жұмысын орындау дәрежесіне дейін жетеді. Бұл оқытушының баланың жас ерекшелігі ғана емес психологиялық, әлеуметтік мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізетін жүйелі жұмысының нәтижесі.



Оқытудағы басқару көшбасшылық модулінің Қ.О.Бітібаеваның іс – тәжірибесінің құрамдас бөлігі. Ұстаздың шәкірттері арасында 6 ғылым докторы, 30-дан астам ғылым кандидаттарының болуы көшбашылық көшінің қуаттылығын көрсетеді.

Ендеше, Александер мен Флавеллдың, Мерсер мен Вульфтың, Гарднер мен Маслоудың, Роджерс пен Харристің түсінуге қиын тиетін, ағылшын тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударылғанда бізге мағынасы мүлдем өзгеріп жететін қағидаларын тәжірибемізге тартпақтап енгізуден бұрын Бітібаеваның салыстыру, іздеу, дәлелдеу мен табу арқылы жүзеге асырылатын дамыта оқыту технологиясын меңгерсек шығармашылықпен жұмыс істеуге шыңдалар едік.

Қ.Бітібаеваның пәнді оқыту технологияларының құрылымын мына жүйеде қарастыруға болады:
1. Проблемалық ситуация қою технологиясы. Ұстаз тақырыптық жоспар құра отырып, жоспарлы тапсырмалар жүйесін жасайды. Бала өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, практикалық жұмыстарды жасап үйренеді.
2. Жеделдетіп оқыту технологиясы. Алдын-ала тапсырмалар жүйесінен тезис жасап, жоспарлау. Әртүрлі сабақ түрлерін де ұйымдастыруға болады: семинар, дискуссиялар, пікірталас сабақтары, т.б.
3. Ұжымдық оқыту технологиясы. Графикалық тұжырымды сұрақтар ойластырылады. Сабақ түрлері де топтық жұмыстарға негізделеді.
4. Шығармашылық жұмыстарға баулу технологиясы. Іздендіруші тапсырмалар жүйесін құрып, қарсы пікір жазып, дәлелдеуге баулу.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Атақты ғалым, психолог Л.С.Выготскийдің «Бала» «таза тақта» емес, ол бұл өмірге құралақан келген жоқ. Оның тұңғиығында терең бойлап жатқан өскін бар, ол белгілі бір жағдай жасалғанда ашылады. Баланың тумысындағы табиғаттың берген байлығы ол арқылы басқа адамдарға, мүмкін бүкіл адамзат атаулыға беріледі» [3] деген тұжырымдамасын өмірлік ұстаным етіп алған Қанипа Омарғалиқызы оқушыны ертеңгі күнге бағыттаудың қажеттілігіне, баланың бүгінгі күні ертеңімен өлшенетіндігіне сенген. Баланың бүгінін анықтау, болашағына болжам жасау жалаң ғылыми педагогика арқылы емес, оқушы мен мұғалім арасындағы тығыз байланыста, баланың алған теориялық білімін практикада жүзеге асыра алуында жатқандығын білген. Демек, біз «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспары» 2011 жылы қабылдап, оны жүзеге енді асырып жатсақ, Қанипа Омарғалиқызы балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың қаншалықты маңыздылығын болжап, жай ғана болжап қоймай іс — тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында енгізген ғой. Мұны Тарбағатайдың төсінде дүниеге келіп, ұлылардың мекені саналған Семейде білім алған, өр өлке Өскеменде қатардағы мұғалім болған қазақтың қарапайым қызы Қанипа Омарғалиқызының тапжылмас түйсігі, парасатты пайымымен ұштасқан кемел көрегендігі десем артық болмас деп ойлаймын.

Қазіргі таңдағы қоғамдағы түбегейлі өзгерістер, егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Сондықтан білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Осыған орай мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан - жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай отырып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту, яғни, өзіндік айтар ой - пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Ал, әр ұстаздың мақсаты білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Қанипа Бітібаеваның жаңашыл әдістемесі – оқытудың өнімді жолы. Оқыту үрдісіне ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілгеннен бергі уақыт ішінде әдебиет жалаң мәліметтер жиынтығына айналып, өз мәнінен айырыла бастағанын, оқушылар арасында көркем әдебиетке деген қызығушылықтың төмендеп кеткендей еді. Дәл осы кезде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары дүниеге келді. Десе де Қанипа Омарғалиқызы функционалдық сауаттылық туралы сөз қозғалмай тұрған сонау алпысыншы жылдардың өзінде-ақ осы мәселені көтерген көрінеді. Бүгінгі күні Қанипа Бітібаеваның еңбектері әдебиетті оқытудың әдістемелік ғылымында үлкен орын алады.

Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданыста жүрген «модель», «жоба», «бағалау парағы», «постер жасау», «миға шабуыл», «технологиялық карта» терминдері ұстаз еңбегінде, оның білім беру әдіс-тәсілдерінде бұрыннан бар екендігін еңбектерінен көре аламыз.

  Ұлағатты ұстаз, көрнекті педагог Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік мұраты – төл педагогикамыз бен әдебиеттанудың еңсесін биікке көтеріп, мұғалімдер мен студенттер қауымының ой-өрісін кеңейтіп, тәжірибесін ұштады. Қанипа Омарғалиқызы – қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық технологиясын төл ізденістерімен дамытып, ежелгі дәуір әдебиетінен қазіргі қазақ әдебиетіне дейін оқыту әдістемесін жазып шыққан ғалым-ұстаз еді.
Салыстыру



Қ.Бітібаеваның технологиясы



Жаңартылған білім мазмұны

1

Психологиялық ахуал.

Әуенді көңіл-күй



Психологиялық ахуал.

Музыка. Тыңдалым



2

«Ой тастау, ойланту» технологиясы

Ой салу – ұстаз тарапынан

Ойлану – шәкірт тарапынан

Ойланту – ұстаз тарапынан

Шешімге келу – шәкірт тарапынан


Болжау.

«Миға шабуыл» әдісі




3

Өз бетімен іздену

Сабақта мұғалім 20% сөйлесе, қалған 80% оқушы сөйлеу керек. Айтылым

4

Топтық жұмыс, постер қорғау, модельдеу

Интербелсенді әдіс-тәсілдер

5

Поэзия сәті

Сергіту сәті

6

Пікірлесу, әдеби айтыс

Пікірталас, дебат

7

Сахналық көріністегі сабақ

Рөлдік ойындар

8

Диологиялық әңгіме

Жұптық жұмыс

9

Ұқсастықтар мен ерекшеліктерді салыстыру

«Венн» диаграммасы

10

Тірек-сызба, кестелер

Сын тұрғысынан ойлау

11

«Өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы»

Кембридж тәсілі



Сызба-салыстырулар







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет