Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері



бет1/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С


1-лекция. Тақырыбы:Синтаксис туралы түсінік
Жоспар:
1.Синтаксис туралы жалпы түсінік
2.Синтаксис мәселелерін зерттеу тарихынан мағлұмат

Қазақ тіл білімінің зерттелу, тиянақталу саласында біршама тұрақталған сала-синтаксис. Фонеманың басқа бір фонемалармен тіркесімінен сөздің пайда болатыны сияқты, жеке сөздік тұлғалардың тіркесімінен сөз тіркесінің қолданысқа енетіні дау тудырмаса керек. Ал соңғы екі тілдік бірліктің сөйлемге келуі де олардың өз байланысуынан тұрады. Адам баласының пайымдауы осы сөйлем арқылы іске асады. Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тұлғасы деп сөйлемді айтамыз. Сөйлем адамның ең күрделі ойлау жұмысымен байланысты. Сөз затты, құбылысты атайды, бұл да күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бірақ осы ерекшелігіне қарамай сөз және сөз тіркесі де пікір алысу үшін жұмсалатын негізгі тілдік тұлға қатарына жатпайды. Пікір алысу, қарым-қатынас жасау үстінде сөйлем жұмсалады. Өйткені қарым-қатынас пікір білдіру арқылы жүзеге асады.


Синтаксис ғылымы осы сөйлемнің құрылысын зерттейді. Синтаксис- грамматиканың морфология секілді өзекті саласының бірі. Синтаксис гректің sintaxis – құрау, құрастыру, түзу деген сөзінің негізінде пайда болған. Синтаксис термині тіл білімінде екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі-коммуникация (пікір алысу) үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларының құрылысы, екіншісі-тілдің коммуникация үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы мағынасында.
Бүгінгі таңда қазақ тілінің синтаксисі төрт салаға бөлініп қарастырылады. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет