Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Тіл фактілерін тарихи ескерткіштердің фактілерімен және туыс тілдердің фактілерімен салыстыру арқылы, оның құрылу, жұмсалу ерекшелігі ашылады. 3



бет4/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

2.Тіл фактілерін тарихи ескерткіштердің фактілерімен және туыс тілдердің фактілерімен салыстыру арқылы, оның құрылу, жұмсалу ерекшелігі ашылады.
3.Типологиялық әдіс. Бұл - туыс емес тілдердің фактілерін салыстырып зерттейтін әдіс. Әдістің тигізетін пайдасы- тіліміздің синтаксистік құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап тануға жәрдемдеседі, әсіресе бір логикалық форманы білдіретін түрлі тілдегі синтаксистік формаларды жалғастыру арқылы тіл мен ойлаудың ара қатынасын ашуға көмектеседі. Көргенім кеше. Кеше көрдім.
Типологиялық салыстыру тек ерекшелікті байқау үшін емес, тіл-тілдердің шығу тарихы бір болмаған күйде де ұқсас келетін жайларын байқатады, ондай ұқсастықтың себебін білдіреді.
4. Статистикалық әдіс. Бұл әдіс арқылы синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясы, өрісі, тұлғалардың мөлшер көрінісі зерттеледі.
Сонымен, синтаксис сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін сала.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет