Қазақстан республикасының теңіз әскери күШІ, оның ҚҰрылу алғышарттары және қызметі



Дата11.01.2017
өлшемі152,03 Kb.
#7477
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕҢІЗ - ӘСКЕРИ КҮШІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Бабаханова Э.- Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін көп кешікпей-ақ, 1992 жылы 7 мамырда дербес Қарулы Күштерін құрды. 1992 жылы 22 қыркүйекте Жоғары Кеңес "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы” Заңды қабылдады.

1993 жылы 19 қаңтарда "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы”, ал 1993 жылы 1 ақпанда " Әскери қызметшілердің және олардың отбасының мәртебесі әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңдар күшіне енді. Сондай-ақ, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрде дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді.

1993 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери–теңіз Күштерін құру туралы” Жарлығы шықты. Республиканың Әскери-Теңіз Күштері құрамына 1- рангілі капитан Исламовтың басшылығымен алғашқы болып кірген 8 теңіз офицері басты база ретінде Ақтау портын таңдап алды. 1- рангілі капитан Р.А. Қомратов әскери – теңіз базасының командирі, кейінірек Әскери–Теңіз күштерінің қолбасшысы болып тағайындалып, тұңғыш қазақ контр-адмиралы болды. 1995 жылы 6 америкалық катер, бір жылдан кейін Германиядан әкелінген 4 шағын күзет кемесі суға түсірілді. Флотты кемемен қамтамасыз ету ісіне республика өнеркәсібі қосылды, жетекші рөлді Оралдың "Зенит” зауыты өз мойнына алды. 1998 жылы кәсіпорын ұжымы елдің және ТМД-ның басқа қалаларынан қосылған салалас мамандармен бірлесе отырып, алғашқы күзет кемесі "Сұңқарды”, көп өтпей екіншісі "Батырды” суға түсірді. Қазақстан Республикасының Әскери Теңіз Күштері өзінің бесжылдығын 500 матрос, старшина және Офицері бар 17 кеме мен катер құрамында атап өтті. 1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды. Жалпы әскери күштер ( оған Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері енді), Әуе қорғанысы күштері (Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен,  Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады). Осы құрылымның ішіндегі теңіз әскери күштерінің қалыптасуы мен замануи жағдайы ел қауісіздігінің кепілі болып табылды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері даму және жетілу үстінде. Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» деген халыкқа Жолдауында ұлттык, қауіпсіздіктің және қарулы күштердің дамуы мен жетілуінің бағытын, әсіресе кәсіптік даярлықтың мөлшері көтерілуінің қажеттілігін және армияны қазіргі заманғы қару-жарақ құралдарымен қамтамасыз етуді ерекше атап айтты. Бұл мәселені шешудін бірден-бір тиімді тәсілі көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсарту болып табылады. Еліміз егемендік алған кезеңде мемлекетіміздің Әскери-теңіз күштерін құруға алғаш­қы қадамдар жасалғаны белгілі. Тәуел­сіздіктің тұрақтылығы, ел іргесінің бүтіндігі үшін жасалған жақсы істің бастамасына тоқталсақ, ең алдымен теңіз әскери күштерінің Қазақстанда жасақталуы барысында Кеңес Одағы тұсында осы салада маманданған тәжірибесі мол азматтардың ерен еңбегін атап өту жөн. Солардың бірі контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы Комратов. Ол өз кезегінде елдегі теңіз күштерінің жасақталуын былай еске алады: «Туған елім Қазақстан өз егемендігін ал­ған кезеңде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінде қызметте болатынмын.

Ұлы жаңалықты Орал қаласындағы әскери кәсіп­орындарды көруге келген іссапа­рымда естідім. Кеудемді қуаныш кернеп, Қазақстан Үкіметіне елге оралғым келетінін айтып хат жаздым. Осы өтініштен соң, 1992 жылдың көктемінде республиканың тұңғыш Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сағадат Нұрма­ғамбетов қабыл­дап, әскери-теңіз базасының командирі етіп Ақтау қаласына аттан­дырды. Ол кез ақжал толқындары аспанға атып, жас мемлекетімізді бірнеше шетелдермен шектестіретін асау Каспийдің төңірегіндегі, яғни еліміздің батыс аймағында әскери-теңіз күштері енді ғана қолға алына бастаған, әлі аяғынан тік тұрып кетпек түгілі, тұсауы да кесіле қоймаған сәт еді» деп еске алады [1].

Кеңес Одағы тараған соң-ақ оның құрамында болған әрбір мемлекет үшін армия, әскери күш мәселесі күн тәртібіне шыға келді. Біздің Елбасымыз осы мәселеге айрықша және дер кезінде мән берді. Тіпті сол тұстарда: «Қазақстанға Әскери-теңіз күштері қажет пе?» деген сауалдар да пікірталасқа негіз болып жатты. База жоқ, мамандар жоқ, катерлер тағы жоқ. Осындай жағ­дайда тәуекел етудің қиындығы айтпаса да түсінікті. Бірақ, қалай болғанда да Иран, Әзербайжан, Ресеймен шектесетін теңіз бетті қадағалап, қорғап тұратын әскери құрылым керек болатын. Қорғаныс министрлігіндегі аз ғана теңізші әріптестер болып, Елбасына хат жаздық. Мәселенің өзектілігін бірден таныған Нұрсұлтан Әбіш­ұлы: «Еліміздің Әскери-теңіз күштерін құрайық», деп дереу қолдау білдіріпті. Осыдан соң-ақ әр жерде әртүрлі айтылып, үмітті тұмшалаған күдік бұлты сейіліп шыға келді. Іске құлшына кірісті. Жоқтан бар жасау демекші, ешнәрсе оңай болған жоқ. База ретінде Ақтау қаласын таңдап, қаладан ғимарат тауып, жаңа құрылымды орналастыра бастады. Жергілікті әкімшілік өкілдері жылы қарсы алып, мүм­кіндігінше көмектесіп отырды. Теңізші мамандар алдымен Каспий теңізінің қазақстандық секторын күзететін теңіз жағалауы патрульдік қызметін құрды. Ол қарақанаттанып, топшысы қатайған соң теңіз айдынына шығатын флотилияны, сосын әскери-теңіз флотын аяғынан қаз-қаз тұрғызды. Ендігі міндет кемелер, мамандар табу мәселесі тұрды. 1993 жылдың сәуір айында еліміздің Тұңғыш Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштері құра­мында Әскери-Теңіз күштері құрыл­сын» деген Жарлығы әскерилерге тың екпін, ісімізге серпін берді. Моральдық-психологиялық тұрғыдан қанаттандырды, әрі тапсырма, бұйрық ретінде орындалуы тиіс екенін міндеттеді.

Мұндай істерге алдымен Ке­ңес Одағы кезінде Әскери-теңіз күш­терінде қызмет етіп тәжірибе жинақтаған, сондай-ақ осы салада әскери білім алған мамандарды, офицерлерді тарта бастады. Ке­йін өзіміздің төл мамандарымызды дайындау қажеттігінен Ақтауда Әскери-теңіз училищесін ашты, екі жылдан соң ол оқу орны институт деңгейіне көтерілді. Істі үйлестіріп отыру үшін Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жанынан арнайы бөлімше, артынша Ақтауда әскери-теңіз базасы өмірге келді. 1995 жылы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аймағындағы Баутино портында АҚШ-тан әкелінген 6 катер, Германиядан жеткізілген 4 шағын күзет кемесі суға түсірілді. Оралдағы «Зенит» зауыты отандық кемелерді құрастыруға кірісті. Нәтижесінде көп ұзамай қатарымызды қазақ­стандық алғашқы «Сұңқар» күзет кемесі, сәл кейінірек «Батыр» кемесі толықтырды. Уақыт өте келе Әскери-теңіз күштерінің құрылымында өзгерістер болып отырды. Бірақ қалай болғанда да ең басты міндет – жас мемлекетіміздің жас флотилия­сын аяғынан тік тұрғызу болатын [2].

Осылайша, тынымсыз еңбек, мазасыз күндердің жемісі деп айтуға болады, 1998 жылы еліміздің Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына бес жыл толған мерейлі сәтке 500 офицер, старшина және матросы бар, 17 кемесі мен катері бар құраммен жеттік. Тәуелсіз мемлекетіміздің Әскери-теңіз күш­терін құруға Президент Нұрсұлтан Назарбаев зор қолдау көрсетті. Осы оқиғалардың барлығын көзбен көріп, еліміздің Қарулы Күштерін, соның ішінде өзіме етене Әскери-теңіз күштерін дамытуға жасаған айрықша қамқор­лығына куә болғандықтан, бұл саладағы Елбасы еңбегін жоғары бағалаймын және Мемлекетіміздің басшысы әрі Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының есімін әрдайым құрметпен атайды.

Қарулы Күштерді әуеде, суда және құрлықта әрекет ете алатын үш жақты құрылым жасау тапсырмасы бізге үлкен міндет жүктеді. Мемлекет басшысы нұсқауымен Қарулы Күштерге, оның ішінде Әскери-теңіз күштерін нығайтуға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын арттырылды. Елбасы Ақтауда шағын Қорғаныс министрлігін құрғысы келді, осы мақсатта мұнда Әскери-теңіз күштері, теңіз жаяу әскерлері және Батыс әскери аймағы, авиациялық база, Әскери-теңіз институты өмірден нақты көрініс тапты. Каспий теңізінен мұнай кен орындарының табылуы және оны өндіруге қадам жасала бас­тауы бізге кеме құрастыру бағдарламасын жасау қажеттігін ұқтырды. Елбасы осының бәріне зор қолдау көрсетіп отырды. Нұрсұлтан Әбішұлы теңіз­ші болмаса да, осы саланы таби­ғи интуициясымен жете білетін мықты стратег екенін аңғартты. Қазақстан Президентінің атом қаруы­нан бас тартуы әлем елдерінің ықыласын туғызды. Елбасымыз бұған атом қаруын қазақстандықтар қолдана алмайтындықтан немесе одан әрі дамыта алмайтындықтан емес, бейбітшілікті сүйгендіктен осы қадамға барды. АҚШ, Қытай, Ресей секілді алпауыт елдермен достық қарым-қатынасты дамытып, өз тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы жансебіл істерімен сарабдал саясаткер ретінде танылған Мемлекет басшысының Қазақстанда Әскери-теңіз күштерін дамыту, су акваториясымен өтетін іргені бекіту бағытындағы жұмыстары да көңілге қонымды. Оқу бөлмелерін, сыныптарды аралап көріп, казармаға бас сұқса, тіпті жуынатын бөлмедегі су ағатын шүмектердің дұрыс істеп-істемейтіндігіне дейін мән беретін. Қаржы жетпей қиналған сәттерде: «Шыдаңдар, бәрі болады», дегені әлі есімізде. Қазір қараңыз, 20 жылда бізде материалдық жағдай айтарлықтай жақсарды.

Контр-адмирал – Ратмир Әлімханұлы Комратов: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевпен алғаш рет 1996 жылы Ақтауда жүздестім. Жасалып жатқан жұмыстар барысымен танысқан Президент маған: «Қане, 1-ші рангалы капитан мырза! Енді Тынық мұхиты, Сахалин аралдары емес, мына өз теңізімізді қолыңа ал», деді. Мен әркез осы сөздің үдесінен шығуға ұмтылдым. Жаңа құрылымның жаңа базасы маған аманат етілгендей сезіндім де сол аманатқа адал болуға тырыстым. Елбасы бұл саладағы еңбегімді ескеріп, 1998 жылы маған контр-адмирал атағын берді. Өстіп, еліміздің тұңғыш әрі алғашқы осындай әскери шенді адамы атандым» деп теңіз әскери күшінің жасақталуын еске алады. Осы кездесуден кейін Елбасы теңізшілермен арнайы іссапармен Киевке барды. Түнгі сағат 2-3-ке дейін Нұрсұлтан Әбішұлының бөлмесінің жарығы сөнбеді. Сөйтсек, Украина Рада­сындағы кездесу үшін кітапханадан сол елдің кітаптарын алдырып, қажетті сөз­дерді, мақал-мәтелдерді, деректерді ер­теңгі жүздесуде пайдалану үшін түртіп алып отырыпты. Қаншама көмекшісі, нешеме кеңесшісі болса да, жұмысының ауырлығына қарамай, ұйықтамастан түні бойы іздену, кітапқа үңілу деген керемет табандылық қой! [3].

Әскери-теңіз күштеріміздегі қол жеткен жетістіктердің, жасалған әрбір істердің бастауында Елбасы тұрғандығы анық. Осы саланың қалыптасып-дамуына тікелей қол­дауы өте көп болды. Әскери-теңіз күш­теріміз даму үстінде. Аз ғана тари­хының ішінде бұл құрылым Волга, Дон өзендеріне, Мәрмәр, Азов, Каспий теңіздеріне, Цимлянск су қоймасына, Босфор, Керчь бұғаз­дарына ізін тас­тап,Түркия, Ресей, Украина елдерінің су жолдарын кесіп өтті. Бұл – айтуға тұрарлық жетістік. Қазіргі Әскери-теңіз күш­терінің дамуында мамандар дайындау, заманауи қару-жарақпен қамту бағытына, сондай-ақ саланы жаппай дамытуға басымдық берілген. Кадрлар АҚШ, Ресей, Түркия, Қы­тай, тағы басқа ірі елдерде келісім-шарт негізінде дайындалады. Сон­дай-ақ әскери теңізшілеріміз Түркия, Корея, Германия, Пәкстан, Ресей, Әзербайжан мемлекеттерінде білім­дерін жетілдіріп, тәжірибе шың­дайды. Ал қару-жарақ дегенде, отандық кеме құрастыру ісі жолға қойылып, өркендеп келе жатқандығын алдымен айтуымыз қажет. Республика Қорғаныс министрлігінің тапсырысына орай, Оралдағы «Зенит» зауытында әс­кери кемелер жасалуда. Қазіргі таңға дейін бұл жерден отандық бірнеше кемелер мен катерлер көк теңізге жолдама алды. Қай іске де жаңашылдық, тәуекелшілдік керек десек, соңғы кездері «Зенит­тің» ірі сыйымдылықтағы, зама­науи тұрғыда жабдықталған зы­мырандық-артиллериялық кемелер, көп мақсаттағы корабльдер жасай бастауы көңіл қуан­тады.

Ал Қорғаныс министрлігіне келер болсақ, бұл ведомстводағы қол жеткен ерекше жетістіктер мы­на­лар дер едім. Бірінші – әскери кадрларымыздың әлемнің көптеген елін­де дайындалуы. Бұл – үлкен еңбек, ұйымдастыру жұмысындағы ерен іскерлік. Өйткені, кәсіби бі­лік пен машықты жетілдіруде отан­дық тәжірибені шетелдік озық әдіспен ұштастыра жүргізу – біздің әскерилеріміздің әмбебаптығын арттыратын бірден-бір таптырмас жол.

Екінші – Қазақстан әскерилерінің халықаралық жаттығуларға белсенді қатыса бастауы және оларды өз елімізде батыл түрде ұйымдастыра білуі. Мұны кез келген ел істей ал­майды. Мысалы, Қырғызстан әскери-жаттығуға қаржы тапшылығы салдарынан оған қол жеткізе алмай отыр. Ал біздің еліміз жыл сайын өзіміздегі бес әскери округтегі жаттығуларды тұрақты түрде өткі­зіп қана қоймай, 1994 жылдан «Ор­тазбат» халықаралық оқу-жат­тығу­ларына, 1996 жылдан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі сынақ­тарға қатысып келеді. Қазақстан әскері тарихындағы ең ірі оқу-жаттығулардың бірі «Қалқан-2000» болды және Ұлыбритания, АҚШ Қарулы Күштерімен бірлесіп өтіп тұратын «Дала қыраны», ҰҚШҰ шеңберіндегі «Іле», «Шеп», «Бейбіт миссия» оқу-жаттығулары да төл әскеріміздің тәжірибесін шыңдай түсуде. Ал үшінші жетістігі ретін­де Қорғаныс министрлігінің әске­рилерге әлеуметтік тұрғыдан жасап жатқан қолдауын айтар едім. Офицерлік құрамға жыл сайын тұрғын үй бөлініп, кезекте тұрғандар баспаналы болуда. Жұмысқа жаңадан келіп, әлі пәтерге қолы жетпеген жас кадрлар отбасыларының әрбір мүшесіне сол офицердің айлық жалақысынан тыс 37 мың теңге көлемінде қосымша материалдық көмек беріледі. Бұл жанұясында 3 адамы бар әскери үшін 111 мың теңге деген сөз. Оны ол ай сайын жалдаған пәтеріне төлеуіне болады. Сондай-ақ, қатардағы жауынгерлердің тек жаттығу, күзет, оқу сияқты таза әс­ке­ри қызметпен ғана айналысып, бұрынғы таптаурын қалыптағы ас­ха­­­­наға кезекшілікке барып картоп тазалап, ыдыс жуудан босатылуы да тамаша мүмкіндік. Әскери бөлімдердегі шаруашылық сияқты қосалқы жұмыстармен қазір жеке ауцорсингтер айналысады [4].

Бұл сала жылдан – жылға әскери негізде жасақталу үстінде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қүрылымын одан әрі жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері құрылды. Әскери-теңіз күштерінің негізгі мақсаттары: Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау.

Агрессордың шапқыншылығына лайықты тойтарыс беру, қарулы қақтығыстарды оқшаулау және алдын алуға атсалысу.

Порттық аймақты, мұнай табу нысандары орналастырылған жасанды аралдар және платформаларды қаса алғанда сулы аудандардықорғау және күзету.

Суасты-диверсияға қарсы қорғаныс жүргізу.

Құрлықтағы әскерлердің қимылын теңізден қамтамасыз ету, теңіз десантын түсіруге жағдай жасау, әскерлер мен материалдық құралдарды тасымалдау, теңіз миналарын орналастыру.

Еліміздің ӘШҚ мүддесінде теңіздегі радиолокациялық бақылауды қоса алғанда барлау қимыдарын жүргізу.

Халықаралық келісімдерге сәйкес бірлескен қорғаныс бойынша Каспий жағалауы мемлекеттері әскери-теңіз күштерімен бірлескен тапсырмаларды орындау [5].

Мұнай құйылған және басқа да азаматтық кемелерді шығарып салу. Теңізде жүру қауіпсіздігін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен бірлесе теңізде іздестіру-құтқару жұмыстарын іске асыру.

Қарулы Күштердің бөлімдері мен құрамалары және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері, әскери құрылымдарымен бірлесе оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау.

ҚР ҚМ Әскери-теңіз институтының базасында әскери-теңіз мамандарын даярлау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына табиғатты қорғау және бақылау міндеттерін орындау, сондай-ақ теңіздегі апат немесе экологиялық апаттың зардабын жою барысында көмек көрсету.

Әскери-теңіз күштерінің құрылымы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген және мыналардан тұрады: басқару органдары; әскер тектері; арнайы әскерлер; тыл; әскери-оқу орындары.  Әскери – теңіз күштері құрылғанан кейін оның өзіндік эмбелмасы қабылданды. Бұл Әскери теңіз күшінің ерекше белгілерінің бірі.

Ең алдымен, жалпы мемлекетіміз секілді еліміздің Қарулы Күштері де тәуелсіздік жылдары қарышты қадам жасап, биік асуларды бағындырды. Оның ішінде Қарулы Күштердің техникалық жарақтануы, кадрлар даярлау мәселесі бөлім мен бөлімшелердің жинақылығы жоғары деңгейде деп айтуға болады. Сонымен бірге, еліміздің қорғаныс әлеуетінің нығаюымен қатар, шынымен де Қазақстан үшін жаңа әскери күштің қалыптасып келе жатқанын ерекше айтуымыз керек, бұл – Әскери-теңіз күштері. Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің тарихы негізінен 1993 жылдың 2 сәуірінен бастау алады. Дәл осы күні Мемлекет басшысының Әскери-теңіз күштерін құру туралы Жарлығы шыққан болатын. Бұдан әрі 2003 жылы 7 мамырда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамында Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштері құрылды [6].

Жалпы Әскери-теңіз күштерінің құрылуына ең алдымен Қазақстан Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан  ерекше назар аударылып келеді. Сонымен 1993 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күш­тері құрылып, 1998 жылы Шекара күзеті күштерінің құ­рамына енгізілген. Те­ңіз флотилиясының басты мін­деті – шекарашылармен бірі­ге отырып, Қазақстанның Каспий теңізінің жағалауы ар­қылы өтетін мемлекеттік ше­карасын күзету. Бұл­ міндеттің негізінде осы салада күн-түн­ демей қызмет атқарып, аза­мат­тардың әрқайсысынан ай­рық­ша қажыр-қайратты талап етілетіні анық. Әскери-теңіз күштері — Қазақстан Республикасының президентінің 7 мамыр 2003 жылғы жарлығына сәйкес құрылды.

Негізгі әскери қимыл аудандары Каспий теңізі шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің жалпы саны 3,000 адамнан құралады, оған 14 кеме қызметі қызмет көрсетеді [7].

2011 жылы, Ақтау қаласында әскери база ашылды. Ақтау қаласындағы 612ші әскери базасы екі СУ-27 шабуыл ұшақтары, жеті СУ-27 және 12 МИ-24 тікұшақтары [2]. Ескере кететін жайт, егер құрлық әскерлері мен әуе қорғаныс күштері бұған дейін де қалыптасқан Орталық Азиялық әскери округының базасында құрылса, Әскери-теңіз күштері Кеңес Одағы тұсында Қазақстанда болмаған еді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың бәрін басынан бастауға тура келді. Бірінші кезекте Кеңес Одағының Әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен, әскери-теңіз күштері әскери білім мекемелерін аяқтаған офицерлерді бір жерге топтастырып алдық.  Сосын Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жанында арнайы бөлімше ашылды, кейіннен Ақтауда әскери-теңіз базасы жасақталды. Бұдан кейін Әскери-теңіз күштерін жаңғырту үшін арнайы техникалыр, оның ішінде теңіз катерлері мен әскери кемелер алынды. Бұнымен қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерінің құрамдасы ретінде теңіздегі шекара қызметі де қатар дамып отырды. Жалпы әскери-теңіз күштерін қалыптастыру жоспарлы түрде бір уақытта және бірнеше бағытты қамти отырып  жүргізілген. Біріншіден  - бұл кадрлар даярлау. Өйткені кадр болмаса флоттың да болмайтыны түсінікті. Қазіргі таңда кадрлар даярлау халықаралық келісімшарттар негізінде Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Пәкістан, АҚШ секілді мемлекеттердің әскери-теңіз күштері білім мекемелерінің базасында жүзеге асып жатыр. Онда да бұған дейін тек офицер мамандарын  даярлау туралы әңгіме болған болса, қазіргі уақытта жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтар да енгізілген, яғни офицерлер академиялық білім алып, біліктілігін жетілдіретін мүмкіндікке ие.

Әскери-теңіз күштерін дамытудың екінші бағыты – бұл заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтану. Ауқымды әскери кеме құрылысына қатысты бағдарламаны әзірлеу және оны жүзеге асыру туралы дұрыс шешім қабылданды. Қазақстанның өзінің кеме құрылысын ұйымдастыру мақсатында отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері сараланды. Нәтижесінде Оралдағы «Зенит» зауыты таңдап алынды.

Кеңес Одағында бұл зауыт әскери-теңіз бағытындағы өнімдерді шығарумен айналысқан еді. Оның үстіне зауыттың Каспий теңізіне шығатын жолы бар Жайық теңізіне жақынырақ орналасуы да маңызды рөл ойнады. Сонымен бұл бағдарлама табысты жүзеге асып жатыр және соған қарап Қазақстанның да кеме шығаратын мемлекетке айналғанын көруге болады. Зауыт қазірдің өзінде 17 бірлік әртүрлі кластағы кемелер мен катерлерді құрастырып, әскери-теңіз күштеріне де беріп үлгерді. Ақтау қаласында орналасқан теңіз-жаяу әскерлерінің бригадасы баяғыдан бар. Кіші командалық құрамды даярлау үшін осы қалада арнайы орталық құрылған болатын. Сол орталық мерзімді және келісімшарттық қызмет бойынша әскери-теңіз күштеріне қызметшілер даярлаудан бөлек, тұтастай батыс өңірі үшін жедел ден қою резервін даярлаумен айналысады. Әскер қатарында қызмет етпеген 28 жастан асқан азаматтық тұлғалар  осы орталықта айлық әскери даярлықтан өтеді. Ағымдағы жылдың өзінде 140 адам осындай даярлықтан өтті, олар тактиканы, жарғыны зерделеді, саптық және химиялық даярлықтан өтті [8].

Жандарбек Сәдуұлы Жанұзақов Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі №368 Өкімі­мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына та­ғайындалды. Маған сеніп тап­сырылған осынша абыройлы қыз­метті әрдайым мінсіз орындау – ол үшін ең басты міндет.

Қазақстан Президентінің Жар­лығына сәйкес құрылған Тәуелсіз Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің негізгі әскери қимыл аудандары – Каспий теңізінің шекара аймақтары. Ал, 2011 жылы Ақтау қаласында әскери база құрылған болатын. Жалпы, Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Мәрмәр, Азов, Каспий теңіздері, Босфор, Керч бұғаздары, Дон, Волга өзендері, Цимлянское су қоймасы сияқты су аймақтарынан басып өткенін, бағыт картасында Түркиядағы Эрели, Синоп, Гельчук, Пиноп, Украинадағы Азов, Ресей Феде­рациясындағы Темрюк, Дондағы Ростов, Астрахань сияқты теңіз порттарының да болғанын атап өткен жөн [9]. Жыл сайын әскери теңіз­шілер Ресей, Германия, Түркия, Корея, Әзербайжан, Пәкстан сияқты мемлекеттерде дәріс алады. Бүгінгі таңда Әскери-теңіз күштері жоғары білікті мамандармен толықтай жасақталған, жаңадан құрылып жатқан кемелерге де экипаж даярлануда.



Бүгінгі таңда Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде ауыз толтырып айтарлықтай даму, ілгерілеу үдерістері байқалып келеді. Жаңа ұйымдастыру-штаттық құрылымға ауысуына байланысты әскери-теңіз базасы құрылды. Оның құрамына әртекті кемелер дивизионы, Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі, Кіші мамандарды даярлау орталығы кіреді. Соң­ғы үш жылдың ішінде өзінің 5 жылдығын лайықты атап өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің серпінді дамуы­ айқын көрініс тауып отыр. Со­нымен қатар, Әскери-теңіз күш­тері жеке құрамының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық са­бақ­тары мен жауынгерлік оқу-жаттығуларының сапасына да баса назар аударылуда. 2011 жылы біздің теңізге шығу 120 тәулікті құрады. Яғни, әрбір үшінші күні теңізде бір әскери кемеден болды. Бұл да әрине ең алдымен отын және басқа да ресурстар қорының болуына орай жүзеге асты. Бүгінгі күні біздің барлық экипажымыз өздерінің алдында тұрған міндеттерді толық орындауға даяр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет