Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Есімді тіркестер



бет9/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2





3-лекция. Тақырыбы:Есімді тіркестер


Жоспар:
1. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің зерттелу жайы
2.Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің табиғаты
3.Зат есімді тіркестер
4.Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркестерінде есім сөздің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады. Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек- сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу амалдарына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді. Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады. Жинақтап айтатын болсақ, сөз тіркесі сөздің тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті, байланысу формасына қарай есімді сөз тіркесі қабыса байланысқан, матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері болып, ал етістікті сөз тіркестері қабыса байланысқан, меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері болып жіктеледі.
Қабысу - қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс амалының бірі.Сөйлем мүшелерінің жалғаусыз, шылаусыз, арасына сөз салмай , қатар тұрып байланысуы қабысу деп аталады. Оның объектілері басқа байланысу амалдарына қарағанда кең. Қабысу анықтауыш пен анықталушы сөз арасында болады. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы - сөздердің орын тәртібі. Қабысудың есімді, етістікті және ортақ басыңқылы деген түрлері бар. Есімді қабысудың екі түрі бар: есімді қабысу, ортақ қабысу. Олар сөйлемдегі орны және сөз таптарының әр түрлі болуына сәйкес ерекшеленеді.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі, оның бағыныңқы сыңары мына сөз таптары болады:
Зат есім: темір//күрек, ағаш//күрек, алтын//сағат;
Сын есім: биік//тау, қызық//өмір, малды//жер;
Сан есім: мың//қой, оныншы//мектеп, жиырма бесінші//үй;
Есімдік: бұл//қала, осы//ауыл, сол//табыс;
Есімше: айтылған//уәде, келетін//кісі, айтар//сөз;
Қимыл есімі: қызу//жұмыс;
Үстеу: бүгін//бала, ертең//оқытушы;
Еліктеуіш сөз: қарқ-қарқ//күлкі;
Негізгі сөздер мен көмекші сөздер: Асан сияқты//бала, үйдің қасындағы// жер, мектепке дейінгі//қашықтық. Ұзын бойлы, бұйра шашты, қошқар мұрын, үлкен мөлдір қара көзді, сопақ бет, отыздағы жылтыр қара жігіт бізді қарсы алды (Момышұлы).
Зат есімнен болған қабысу 2 түрлі жолмен жасалады:
1.Ешбір қосымшасыз, сөздердің тұрған орнына қарай байланысады.
а)Ешбір қосымшасыз, сөздердің тұрған орнына қарай байланысады: күміс сағат, жазық дала
ә)Жалғауы жасырынып тұрған ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзбен қабысады:Алматы трамвайы (Қабиева К.Е. Сөйлемдегі сөздердің байланысуы жөнінде
б)Екі зат есім қатар айтылып, алдыңғысына жұрнағы жалғанып барып, анықталушы сөзбен қабысады: тарихи даму жолы
2.Жұрнақты сөздердің қатар тұрып байланысуы
Түрлі жұрнақ жалғанған зат есім мен зат есім қатар тұрып байланыса береді: желсіз түн, ақылды бала


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет