«Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері» Мақсаты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «ҚазНұр» гуманитарлық колледжі «Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері» Мақсаты: Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдылары мен білігін дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қалыптастыру және байланыстырып сөйлеудің бала үшін маңыздылығымен таныстыру. «Амандасу» жаттығуы Қарым-қатынас амандасудан басталады. Білім алушылар дөңгеленіп тұрып, барлығы тақтаға назар аударады. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз. Байланыстырып сөйлеу Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп – оның компоненттерін – сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердің сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн,содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізгі бөлігі болып табылады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген- білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын содан байқауға болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің 2 түрі бар ДИАЛОГ МОНОЛОГ ДИАЛОГ Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесуді диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуде алдын-ала әзірленген әңгімелесу әдісін қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуіге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Диалог екі тұрғыда құрылады
Сұрау
Баяндау
Сұрау тәсілі арқылы жүзеге асатын диалог Мысалы: -Балам бүгін баға алдың ба? - Ия,әже алдым. -Күнделігіңде неше бестік бар? -Міне, әже көріңіз бестіктерімді. Баяндау арқылы жүзеге асатын диалог Мысалы: Өздеріне қарсы жүргіріп келе жатқан итті көрген Айсұлу, Арманға: - Ит! – деп айғай салды. - Қаш! – деп айғайлады Арман да. МОНОЛОГ Монолог бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе.Монолог күнделікті өмірде кездесе бермейді, өйткені ол кітаби стиль. Монологтың өзі әр түрлі болып келеді. Олар суреттеу монологы, баяндау монологы, сонымен қатар пікір айту монологы. Суреттеу монологы – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту, ал баяндау монологы бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. Балаларға монологтық тілді үйрету өте қиын, себебі олар монологтық тілі күнделікті өмірдегі ересектер сөзінен өте сирек естиді. Сондықтан тәрбиеші балабақша жасындағы балаларға монологты үйретуге көп көңіл бөлуі керек. Балалар монологтық тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік құрылымдарды білуі қажет.Монологты үйрету диалогты оқыту сияқты әр топ балаларында әр түрлі жүргізіледі. СУРЕТТЕУ МОНОЛОГЫ – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту БАЯНДАУ МОНОЛОГЫ- бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. ПІКІР АЙТУ МОНОЛОГЫ- себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту. Сонымен, балалар бақшасының тәрбиешісінің жауапты міндеті – балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салуы керек, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн. Ал, әдіс-тәсілдерді дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек. Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы баланың тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың психологиясы әр түрлі болып келеді. Мектепке дейінгі ұйымда балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай топқа бөлінеді. Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Балаларды байланыстырып сөйлеуге кез келген уақытта үйретуге болады, яғни ойын кезінде,немесе бос уақытты пайдаланып картиналар көрсету,ертегі немесе балаларға таныс әңгімені оқып беріп,сұрақтар қоя отырып балалардан жауап алу арқылы да жүзеге асыра білу тәрбиешінің тәжірибелілігіне байланысты. Назарларыңызға рақмет!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |