Баланың басты ұстазы-ата-ана



Дата23.10.2020
өлшемі45,5 Kb.
#72061

Баланың басты ұстазы-ата-ана.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы-ата-ана.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- отбасының қамқоршысы, асыраушысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуынқалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуаныш, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген.

Мектепке келген бала еңбектенудің жаңа түрі-оқумен шұғылданады. 1-ші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бірақ бұл алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында 1-ші сынып оқушысының оқуға, ттептен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайлы қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, отбасына да, мектепке де көптеген реніш әкеледі, ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күнінен оның оқуына, тәртібіне көп көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап, көмектесуі керек, 1-ші сынып оқушыларында оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны қолдауы тиіс. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді. Ата-ана баласының кейбір мәселесін білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашқы қадамы. Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып, қысылады. Сөйтіп келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады.

Ата-ананың көп қателесетін мәселесі: ол мұғалімнің 1-ші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек «4», «5» алуы тиіс деп те айтадыы Мұны естіген бала, ата-анасының жазалауынан қорқып, «2», немесе «3» бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада таным қызметі мен қызғушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әуестенуге, мен мендік секілді жағымсыз құлыұтарға үйренеді.

Оқуға барған күннен бастап бала үйде белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана «сабағыңды үстелдің үстінен алып кет, басқа жерге қоя тұр» деп ұрсады. Соның нәтижесінде баланың еңбектенуге, ұқыптылыққа деген қызығуы жойылады. Баланың оқуы үшін дұрыс жағдай жасалуы керек.

Үй тапсырмасын орындау барысында оқушының өзіндік жұмыс жасауына дағдыландыру да ата-ананың көмегі. Мәселен, «Ана тілінен» балалар 1-ші сыныпты бітірер кезде әр бір сөзді дұрыс мәнерлеп оқи ьбілулері керек. Бірақ « Осыны оқымай орныңнан тұрмайсын» деуге болмайды. Кітапта көп оқып отыра беру, баланы жалықтырып жібереді. Баланың одан гөрі берілгнен тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн. Осылайша күнде оқуы керек Ата-ана баланың оқуын қадағалауға, уақыт бөліп дұрыс бағаласа, баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі. Тез оқуға дағдыландыру үшін мналарды басшылыққа алған жөн.

Оқу жылындағы 1*-ші сыныпта 1 минутта 20-40сөз Берілген үй тапсырмалары, оқығанды ауызша айтып беру, әңгімедегі негізгі мәселерді ажырата білу, жоспар жасау бағытында болғандықтан тез оқып үйренудің маңызы зор.

Үйле баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап, тексеріп отыру нәтижесінде баланың өзіндік жұмыс орындауға жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға, отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді.

Бала мектепте 5-6 сағат, қалған уақытта үйде болады . Ата-ана оқушының күнделікті режиміне, сабаққа даярлығына, үй тапсырмасын орындуына көмектесуі керек.

БАЛАНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК?

Олардың кітап оқуына мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Кітапханаға жазғызу: сөз қоры молаяды, ойын дұрыс жеткізуге үйренеді.

«Тәрбие от басынан басталады » десек те күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын қадағалап, бағыт, бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді. Әрбір ата-ана баланың ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап, ықпал етуі керек.

Бала- Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі- баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышы деп есептеу керек.

Бала өз ата-анасына соншалықты қымбат, «Анаға қарап қыз есер, әкеге қарап ұл өсер» деп халық бекер айтпаған. Баланы үлгі, өнеге алуға сәби кезінен тәрбиелеген жөн.

«Балам, үлкенді сыйлап, ата-анаңды құрметтеп, мұғалімнің берген тапсырмасын дер кезінде бұлжытпай орында, кішіпейіл бол» деп айтуымен қатар тәлімді өз үлгіңіз болуы керек. Олай болса, әрбір ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттің үлгісі ретінде танылуы керек. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған баланы бірлесе қайта тәрбиелеуге тура келеді. «Оқу инемен құдық қазғандай.» Ғалым боп тумайды,оқумен жетіледі.Оқу-адамның аса күрделі әрекетінің бірі. Ол көп еңбек етуді қажет етеді. Өмірдің әрбір құбылысын түсініп көңілге тоқығанда ғана жан-жақты білімді, талапты болып өседі.

Жалқаулық- жаман ауру, отыра берсең жалқаулық болады. Жалқаулық тоздырады, еңбек оздырады. Енжар, жалқау адамдар өнермен жолдас бола алмайды. Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан үдеріс. Еңбек тәрбиесі мақсатқа, қуанышқа жеткізеді,бақытты өмір сүруге себепші болады. Сондықтан еңбек тәрбиесі-отбасы бақытының негізі.Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады.»Еңбек – адамның екінші анасы» дейді халқымыз.

Баланың еңбек дағдысын тәрбиелеу үшін оның алдына қойған мақсаты, оған тапсырылған істің шарты белгілі болуы керек.Барлық тапсырманы мезгілінде орындау қай жаста болсын қалыптасқан дағдыға байланысты. Бала баяу қимылдаса, әрекетін тездеруге үйрету керек.Жаттықтыру керек тақтаға шыққанда... Егер баяу баланы шапшаңдыққа үйретпесе, оның ісі өңбей, бірте-бірте еңбекке ынтасы төмендеуі мүмкін.

Бірақ барлық кезде баланың ерекшелігін ескеру шарт. Шапшаң әрекет ететін бала кейде сасқалақтап, істі шала істеуі ғажап емес.

Сондықтан ата-ана баланың еңбек дағдысын тәрбиелеуге осы ерекшеліктерді үнемі естен шығармағаны жөн.Бала өзіне тапсырылған істі мұқият әрі мінсіз орындауға қалыптасуы тиіс. Ондай оқушылар сыныбымызда баршылық. «Әке-отбасының пірі,қара шаңырақтың қожасы». «Әке-үй ішінің тірегі, баласының жүрегі». «Әкесіз бала- панасыз балапан» дейді халқымыз.Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары ,міндеттері бар.Әке алдындағы міндеттер:тілін алу,сөзін тыңдау,ізет көрсету,әдеп сақтау:парыздар:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып,әкеңе көмекші, демеуші сүйеущі болып, оны әрқашанда қуанышқа бөлеп отыру:кәмелетке жеткен соң әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.

Әкесін сыйламаған балада адамдық сезім жоқ.Ол-бақытсыз.Өйткені ондай нақұрыста адамгершілік қасиет қалмайды.

Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу керек. Мысалы,аяулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас алдын әзіз әке таткан соң ғана басқа балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен «алыңыздан» бастап дәм татады. Бұл-ұлттыұ әдеп.

Әкенің алдында дауыс көтермей, дөрекіленбей сөйлеу қажет.Ол жасқаншақтық емес,кішіпейілділік,әдептілік болып табылады. Әрбір бала ең алдымен әкенін берген тапсырмасын орындап, содан кейін ғана алдына қойған мақсаттарын орындай бастауға тиіс. Егер әкенің тапсымасын орындауға баласының шамасы келмесе немесе басқа бір жағдай болса ол әкеден кешірім сұрайды.

Әкеге бала имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол- әкенің қуанышы, бақыты.

Әсіресе ер бала – әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн.Халық ішінде әулеттік дәстүрлер атадан әке дарып,қалыптасып дамиды, жалғасады.Әке дәстүріне мұрагер болу – борыш.Мысалы,әке күйші, әнші,баланың да өнерге бейімі бар дейік.Ал бала сол әулеттік дәстүрге немқұрайлы қараса, онда әулеттік намыс жоқ, әке үмітін ақтайтындай табандалақ пен жауапкершілік жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады.

«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без» дейді халқымыз.Мінзіз әке болмайды, әкені міндет сыпайы сынау, достық, әдептілік, мейірімділік, сыйласымдық дәрежеде болу керек.«Әкесінен артық туған» бала әкесін төбесіне көтеріп құрметтей біледі.

Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркендеген өмір құдіретті күннің ақ шуақ нұрынан, аяулы ананың ақ сүтінен жаралған.Жаратқан иеміздің аяулы аясында, саналы саясында өмір деген мың толқынды дүбірлі дүниеде адамдығымыз айқындалып, кісілігімізге сәйкес қымбатты ғұмыр кешеміз.



БАЯНДАМА

Тақырыбы: Баланың басты ұстазы- ата-ана.

Дайындаған: А.Боканова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет