Мақсаты: Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқаратынын білу. Міндеттері: 1. Пысықтауыштың мағыналық түрлерін ажырата білу. 2. Пысықтауыштың негізгі белгілерін білу. 3.Сөйлемнен пысықтауыш сөйлем мүшесін таба алу. Күтілетін нәтиже: 1. Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқаратынын біледі. 2. Пысықтауыштың негізгі белгілерін біледі. 3. Сөйлем мүшелеріне талдау жасауға үйренеді. 4. Өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйренеді. 5. Алған білімдерін өмірде қолданады.
52-жаттығу. Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер. Ол – жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті.
1. Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да, пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.
1. Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да, пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.
Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, әдейі.