Баланың сабақҚа деген белсенділігінің Әлеуметтік жағдайға байланыстылығЫ



Дата10.06.2017
өлшемі78,09 Kb.
#18626
БАЛАНЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ
Аралбаев Т.М.

«Сырдария» университеті, биология мамандығының студенті Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., доцент Исакова Д.Т.
Әрбір адам, әсіресе, балалық шағында және ерте жастық шағының қарсаңында әлеуметтендіру процесінің негізгі объектісі болады. Оған дәлел жастардың осы қоғамға сай тәрбиеленуі, заңға мойынсынуы, берік отбасын құруға біртіндеп дағдылануы және т.б. әрекеттерге қызығушылық танытып, ынта мен дағдылануға талпынуы бола алады.

«Әлеуметтендірудің міндеті – қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э.Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi. [1]

Бүгінгі отбасы өзінің дамуында әлеуметтік мәртебесінің төмендеуімен, ұрпақты өсірудегі мүмкіндігінің шектелуімен, ажырасу фактілерінің артуымен, отбасылық өмірдің қысқалығымен, яғни жастардың тез ажырасып кету санының артып отыруымен сипатталатын қиын кезеңді басынан кешіруде. Еліміздің экономикасында болып жатқан өзгерістер мен қоғамдық құбылыстар отбасы өміріне өзіндік ықпал етпей қоймайды. Бұл тек қана біздің елде ғана емес барлық мемлекеттердегі проблема ретінде көпшілікті алаңдатып отыр. Осы тұста ғалым Н. М. Римашевскиий мына төмендегідей факторларды бүгінгі отбасыларының әлеуметтік-демографиялық себептері ретінде көрсетеді: халықтың өсімінің төмендеуі, табиғи емес жолдармен жастардың (халық санын өсіруге үлес қосатын жастағы) өмірден кетуі салдары, яғни СУИЦИД, өлтіріп кету, жол қаупі, ішімдік пен нашақорлық себептерінен бала туылуының азаюы; жұмыссыздықтың артуы; жалақының төмендігі, әлеуметтік төлемдердің жетімсіздігі мен инфляцияға байланысты тұтыну бағаларының артуы арасындағы қарама-қайшылықтың болуы; – адамдардың қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық топтарға бөліну салдары; халықтың көп бөлігінің тұрғын үй мәселесін шешуде дәрменсіздігі; адамдардың дене және психологиялық денсаулығының бір ден төмендеп кетуі, әсіресе, балалардың, жұқпалы аурулардың көбейе түсуі мен мүгедектер санының артуы, денсаулық сақтау жүйесіндегі тәртіпсіздіктің артуы; еңбек потенциалы сапасының төмендеуі; қоғамның, әсіресе жастар арасында қылмыстың артуы; мемлекеттік бюджеттің үнемі тапшылығы мен ауыр жағдайдағы отбасыларына әлеуметтік қорғаудың мүмкін еместігі, – деп көрсетеді. [2]

Егер баланың тұлғалық сұраныстары отбасында ашылмаса, онда ол міндетті түрде мектепте ашылуы тиіс. Өмірлік жетістікке қол жеткізу үшін бала мектепте отбасында жетіспеген қатынастарды, яғни құрдастарымен өзара ыстық ықыласты қарым-қатынасты, ересектермен қарым- қатынасты, өзара сенім мен түсіністік секілді ықпалдарды алуы тиіс. Өзімен-өзі қалған жалғыздықтағы бала немесе ересек ешуақытта да рухани қанағаттанушылықты сезінбейді. Осы тұста мектеп жалғыздықтан құтқарудың немесе жеңілдетудің тамаша ортасы болып табылады. Мектеп баланың өзіне деген сенімінің артуына және өз бағасын жоғарылатуды қалыптастыруға мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етеді. Сондықтан мектептегі сабақ баланың өмірінде кездескен қиыншылықтарын академиялық тұрғыдан болсын, әлеуметтік сипаттағы болсын мәселелерін өз бетінше шеше алатындай, дағдыларды қалыптастыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі уақыттағы мақсат – оқыту мен тәрбиелеудің жаңа фор- маларын іздестіру нәтижесінде дәстүрлі тұйықталған мектептерді ашық оқу орындарына айналдыру. Оқыту мен тәрбиедегі «Ашықтық» принципі жаһандық тенденцияны көздейді. Бұл фактор жастарды әлеуметтендірудің мазмұны мен формасын жаңаша айқындайды. Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде мыналарды білдіреді: мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының күшеюі; – мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты жұмыстарының жүргізілуі; – педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз байланысының болуы; – педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы; сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлерде өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б. [3]

Қарама-қарсы негiздердiң күресi – дамудың қайнар көзi. Жеке адамның, әсiресе, балалық және жасөспiрiм шақтарында дамып жетiлуi ең алдымен тәрбиенiң ықпалы арқылы жүрiп отырады. Тәрбие халықтық дәстүрлер мен iзгi қасиеттердi жас ұрпақтың бойына сiңiру арқылы баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыруды көздейдi. Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фактор әсер етедi.

1.Тұқымқуалаушылық;

2. Орта;

3. Тәрбие.

1.Ұрпақтар да ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. И. П. Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.

2. Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi.

Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:

– отбасының құрамы;

–отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отбасындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесісекілді);

– отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;

– отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;

– отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер;

Жеке адамның қалыптасуына ұжымның әсерi де ерекше. Ұжымның өзi балалар ұжымы, еңбек ұжымы, отбасылық ұжым, ортақ шығармашылық қызығушылығына байланысты қалыптасқан ұжым және т.б. болып бөлiнедi. Баланың қалыптасуына оның құрдастары мен ұжымдағы достарының ықпалы ерекше әсер етедi.

3. Тәрбие – баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi шешушi фактор болып табылады. Тәрбиенiң басқа факторлардан айырмашылығы – ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуi. Сондықтан тәрбие адам дамуы үшiн басқарушы рөл атқарады. Жеке адамның, әсiресе, балалық және жасөспiрiм шақтарында дамып, жетiлуi ең алдымен тәрбиенiң ықпалы арқылы жүрiп отырады. Бiрақ тәрбиенiң дәрежесi мен сипаты көп жағдайда тәрбиенiң даму заңдылықтарын қаншалықты ескергенiне байланысты болады. Сөйтiп, тәрбие мен дамудың арасында екiжақты байланыс болады. Балаларды дамытудың аса маңызды шарты – қарым-қатынаста болу және iс-әрекетке түсу. Бала ересек адамдардың көмегi арқылы сонау балдырған шағынан-ақ сыртқы дүниемен қарым-қатынаста болады. [4]

Баланың сабаққа деген белсенділігін анықтау мақсатында біз оқушылардың өзі және отбасы жағдайын анықтауға арналған сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға Жетісай қаласында орналасқан №6 М.Горький атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік-мекемесі және №4 Абай атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік-мекемесінің оқушылары қатысты. Жоғары сынып оқушыларынан аланған сауалнамаға сәйкес олардың әлеуметтік жағдайының сабаққа деген белсенділігіне әсері туралы мәліметтер алдық. Отбасы және тұрмыс жағдайы туралы мәліметтер: отбасының құрамы, отбасы бюджеті әр адамға шаққанда орташа ақшалай кіріс, баланың оқуына және демалуына жағдай жасалғаны жөнінде қысқаша әрі толық мәліметтер жинадық. Кейін анкеталық сұрақтар тарату арқылы төменгі сынып оқушыларында зерттеу нысаны ретінде таңдап алдық. Диагностикалық мекемелерде тіркеуде тұратын оқушылармен де жекелей сауалнама алдық. Қиын балалармен жұмыс істеу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып олардан да әлеуметтік жағдайының сабаққа байланысы жайлы тың деректер жинадық. Ата-аналарымен де анкеталық сұрақ-жауаптар алдық.

Қорыта келе заман талабына сай білім алушы әрбір оқушының әлеуметтік жағдайын сараптай келе мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдай өзекті мәселе екені айқара көрінді. Әлеуметтік жағдайы жоғары оқушылардың сабаққа үлгерімі орташа есеппен 85% - құрады. Ал әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың сабаққа деген белсенділігі 78% - құрады. Мектеп оқушыларынң қазіргі таңда оқулықтармен қамтамасыз етілуі төмен, осыған байланысты ата-аналар өз баласын кітаппен қамтамасыз етеді. Бұл жағынан әлеуметтік жағдайы жоғары отбасы баласына барлық жағдайын жасайды.

Әлеуметтік жағдай төмен отбасы кітаппен басқа да мектепке қажетті заттармен баласын қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдай баланың күнделікті сабаққа дайындала алмауына, сонымен бірге өзінің басқалармен салыстырғанда әлеуметтік жағдайының төмен екенін сезінуіне әкеледі де оның психикасына кері әсер етеді. Мектеп тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көрсетіліп жатқан көмектің өзі де олардың сабаққа деген белсенділігін артуына аз да болса да көмегін тигізу үстінде екенін байқадық.

Диагностикалық мекемелерде тіркеуде тұратын оқушылардың денсаулығына байланысты көптеген сабақтарды жіберіп алатынын көрдік. Оларға қайта даярлау сабақтары мен қосымша сабақтар сабақтан тыс уақытта қойылуы керек екенін ескердік. Қиын балалармен жұмыс жүргізу барысында оларға қолданған әдіс-тәсілдер арқылы олардың психолдогиялық ахуалын өзгерте алдық. Мектеп – бұл баланың сана-сезімі мен ой-өрісінің дамуына ықпал жасайтын ұйым ретінде таныла білуі керек.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Атемова Қ.Т. «Әлеуметтік педагогика» Оқулық. – Алматы: 2012, 272 бет

2.Атемова Қ.Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектептің рөлі. Алматы: Ғылым. 2002. – 118 б

3. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы: Дарын. 2005. – 191 б

4. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы, 2002.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет