«Балбөбек» балабақшасы «Қарлығаш» І кіші тобы Тәрбиеші: Сарманова С. Е. Білім беру саласы



Дата25.03.2017
өлшемі23 Kb.
#12313
«Балбөбек» балабақшасы «Қарлығаш» І кіші тобы

Тәрбиеші: Сарманова С.Е.

Білім беру саласы: Қатынас.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қоян, қонжық.

Мақсаты: аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты.

Іс-әрекет

бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –

Қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

-Бір-бірімізге қарап, жақсы сөздер айтайық: күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты, көңілді болсын!

Балалар, қараңдаршы біздің тобымызда қандай ойыншықтарымыз бар, аттары қандай екен айтып шығайық. Өте жақсы дұрыс айтыңдар. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратайық. Жарайсыңдар, балалар. Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек жинап қойайық.


Балалар қуана шаттық шеңберін жасайды.

Ойыншықтардың аттарын атайды, жұмсақ, қатты екенін ажыратады.




Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғажайып сәт:

-Бізге қонаққа көжек пен қонжық келіпті. Қоянның құлағы, аяғы, денесі қандай? Бұл жануар қалай жүреді? Көрсетіңдерші. Қоянның баласын көжек дейміз. (суретін көрсетеміз). Көжек сәбізжегенді жақсы көреді. Мынау –қонжық (суретін көрсетіп). Ол –аюдың балалсы. Аю балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қандай? Қонжық қалай жүреді?



Сергіту сәті: қоянша секіріп, қонжықша қорбаңдап жүру.

Дид-қ ойын: «Ненің баласы екенін тап?» үлестірмелі материалда берілген суреттен қоян мен аюды олардың балаларымен сәйкестендіреді.

Көжек пен қонжыққа таңғалып қуанады, сұрақтарға жауап береді.

Секіріп, қорбаңдап жүреді.

Қоянды көжекпен, аюды қонжықпен сәйкестендіріп сызады.



Рефлексиялық - түзетушілік

Сабақ соңында алған білімдерін пысықтау.



Сұрақтарға жауап береді.

-Қоянның баласы –көжек.

-Аюдың баласы –қонжық.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: аю мен қоянның баласын ажыратады.

Игереді: суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауды;

Меңгереді: аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет