Балқытып қаптастыру



бет1/24
Дата07.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#74931
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)
Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word (3), Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word

Балқытып қаптастыру

 

Балқытып қаптастыру – бұл  бұйымның бетіне металл немесе қорытпа қабатын салу процесі. Ол негізгі металдан, мысалы, ыстыққа беріктігімен және ыстыққа төзімділігімен, қалыпты және жоғары температураларда тозуға төзімділігімен, коррозияға төзімділігімен және т.б. ерекшеленетін беті бар тетіктерді алуға мүмкіндік береді.  Балқытып қаптастыру жаңа тетіктерді жасау  кезінде де, сонымен бірге мұнымен жоғары экономикалық тиімділікті қамтама-сыз етіп, тетіктер мен тораптардың пайдаланылу мерзімін елеулі ұзарта отырып,  жөндеу қалпына келтіру жұмыстарында да (аса кеңінен) жүргізілуі мүмкін.



Балқытып қаптастырудың алуан түрлі тәсілдері бар. Олардың негізгілері келесілер:

1. Арнайы құрамды өзекті және жабынды электродтармен қолмен доғалық балқытып қаптастыру. 

2. Флюспен автоматтық балқытып қаптастыру. Электродтар тұтас қималы және ұнтақты болуы мүмкін. Флюстің құрамы, электрод металы және толтырғыштың құрамы (ұнтақты сым үшін) балқытып қаптастырылған қабаттың қасиеттерін анықтайды.

3. Қорғаныш газдар, ең алдымен аргонның ортасында балқитын және балқымайтын электродтармен балқытып қаптастыру. Мұнда балқытып қаптас-тырылған қабаттың қасиеттері  қосымның (балқымайтын, мысалы, вольфрамдық электродпен балқытып қаптастыру кезінде) немесе электродтың (балқитын электродпен балқытып қаптастыру кезінде) материалына байланысты болады.

4. Плазмамен балқытып қаптастыру. Доға  тура да, жанама да әрекетті болуы мүмкін. Балқытып қаптастырылатын материалды сым, ұнтақ түрінде береді. Тетіктің бетіне алдын ала салынған қоспаланған ұнтақ қабатын  плазма ағынымен балқытуға болады.

5. Электрлі-қожбен балқытып қаптастыру. Балқытып қаптастырудың мұндай процесінің сұлбасы электрлі-қожбен дәнекерлеу сұлбасына ұқсас, алайда  жікті қалыптастыруды жазық немесе цилиндрлік тетіктің берілген беті бойынша жүзеге асырады.

6. Электронды-сәулемен және лазермен балқытып қаптастыру,  вакуумда қуыс электродпен балқытып қаптастыру. Балқытып қаптастырудың бұл әдістері жылу көздерінің ерекше қасиеттерін - жылу энергиясының жоғары концентрациясын, металды сапалы қорғау жағдайларында жергілікті қыздыру мүмкіндігін (электронды-сәулемен балқытып қаптастыру және вакуумда қуыс катодпен балқытып қаптастыру) пайдаланады.

7. Газды-оттегілі жалынмен балқытып қаптастыру. Пісіру кезіндегі сияқты, осы әдіспен балқытып қаптастыру процесі әсер етудің үлкен аймағымен және деформациялармен сипатталады.

Балқытып қаптастырудың сол немесе өзге тәсілі тиімділігінің елеулі көрсеткіші негізгі және қосымдық металды балқытып қаптастыру кезіндегі араластыру дәрежесі болып табылады: ол неғұрлым аз болса, балқытып қаптастырылған қабаттың қасиеттері берілген қабатқа соғұрлым жақын болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет