Балкан соғысы



Дата04.03.2023
өлшемі56,4 Kb.
#171061
Байланысты:
ататүрк (копия)
стенд, стенд, Ответы к ИА ИК 2022 2023 уч год сокращенка

Балкан соғысы

Орындаған: Сүйменова Анар

Жебел Аружан

Тексерген: Базарбаев Қанат

Бірінші Балқан соғысы (түрBirinci Balkan Savaşı;) — Балқан одағы (болгария, сербия, грекия және черногория) мемлекеттері мен түркия арасындағы соғыс. 1912 ж. Аустрия-германия блогына қарсы тұра алатын балқан одағының құрылуын антанта елдері қолдады. Осман империясының әлсіреуі, балқан түбегіне аустрия-мажарстан тарапынан келер қауіптің күшеюі балқан елдерінің белсенді әрекет етуіне әсерін тигізді. Балқан одағындағы болгария салоники мен батыс фракияны өзіне қосып алу арқылы эгей теңізіне шығуды көздесе, сербия грекиямен бірлесе отырып, албанияны бөліске салуды, сонан соң адрия теңізіне шығуды мақсат етті. Болгария мен сербия македонияның барынша көп бөлігін иемденуге ұмтылды. Македония мен албаниядағы көтерілістер және италия-түркия соғысы (1911 – 12) бірінші балқан соғысының тұтануын тездетті.

Түркияның македония мен фракияға автономия беруден және олардың халқын түрік армиясы қатарына алудан бас тартуы соғысқа сылтау болды. Черногория 1912 ж. 8 қазанда түркияға қарсы соғыс жариялап, 35 мың әскер, болгария шамамен 300 мыңдай, сербия 280 мыңнан астам, ал грекия 110 мыңға тарта әскер шығарды. Әскери қимылдар 1912 ж. 9 қазанда басталды. Түркия оларға тек 300 мыңдай ғана әскер қарсы қоя алды. Бірінші балқан соғысы одақтастар үшін сәтті болды. Болгария әскерлері константинопольге бет түзеп, эгей теңізіне шықты және фракиядағы эдирне қаласын (адрианополь) қоршады, грек армиясы салоникиді басып алды.

Сербия күштері македонияның басым бөлігін, косовоны және нови-пазарды жаулап алды. Албаниядағы черногориялықтар сербтермен бірлесе отырып, адрия теңізіне шығып, шкодерді (скутари) қоршауға алды. Ал, грек флоты дарданелл бұғазының шығар аузын жауып тастап, эгей теңізінде үстемдік етті. Түркия ауыр жағдайда қалып,1912 ж. Қарашада ұлы державаларға ара ағайындық жасау жөнінде өтініш білдірген соң, солардың араласуымен 1912 ж. 3 желтоқсанда әскери қимылдар тоқтатылды. 1912 ж. 17 желтоқсанда лондонда басталған келіссөздер нәтижесінде түркия балқан елдері қойған талаптарды қабылдауға келісімін берді. Түркия өзінің тек константинопольден басқа барлық еуропалық иеліктерінен бас тартқан соң, шекарасы мидье-радосто шебі арқылы ғана өтетін болды.

Бірақ, 1913 ж. Қаңтарда түркиядағы төңкеріс нәтижесінде билік басына келген жас түріктер кабинеті германияның қолдауымен балқан одағы елдерінің талаптарын қабылдамай тастады. 1913 ж. 3 ақпанда соғыс қимылдары қайта жанданды, бірақ 6 наурызда келіссөз қайта басталды. 1913 ж. 30 мамырда қол қойылған лондон келісім-шарты бойынша балқан түбегінің құрылымы белгіленіп, балқан елдері мен түркия арасындағы шекара мидье-энез бойымен өтті. Түркия өзінің бүкіл еуропалық иелігінен (стамбұл мен фракияның шағын бөлігінен басқа) айырылды. Бірінші балқан соғысы нәтижесінде осман империясының жеңіліске ұшырауы, бір жағынан, албанияның тәуелсіздік алуын (28.11.1912) тездетсе, екінші жағынан, балқан одағы елдерінің арасындағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.

Екінші балқан соғысы (30.06.1913 — 25.09. 1913) — грекия, сербия, румыния, түркия мемлекеттері мен болгария арасында болған соғыс. Лондон бейбіт келісіміне (30.05.1913) соғысқа қатысушы елдердің көпшілігі қанағаттанған жоқ (қ. Бірінші балқан соғысы). Болгарияға берілген солт. Македонияға сербия адриат т-не шығу үшін көз тікті. Болгарияға қарап кеткен оңт. Македония мен бат. Фракияны грекия басып алуды көздеді. Осы екі мемлекет 1913 ж. 1 маусым күні болгарияға қарсы жасырын соғыс одағын құрды. Көп ұзамай оларға бірінші балқан соғысында бейтарап саясат ұстағаны үшін оңт. Добруджиді беруді талап еткен румыния қосылды.

Сан жағынан басымдау, әрі ресейдің көмегімен басқаларға қарағанда жақсырақ қаруланған болгар армиясы австрия-венгрияның көмегіне сүйене отырып, 1913 ж. 30 маусым күні түнде күтпеген жерден оңт. Македонияда тұрған грек және серб әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын бастады. Алайда 6 шілде күні болгарлар брегалница өз. Түбінде тойтарысқа ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Болгарларға көмектесуге уәде берген австрия-венгрия мемлекеті германияның қарсы болуына байланысты, ешқандай әрекет жасай алмады. 10 шілде күні соғысқа румыния араласты. Олар болгар армиясының негізгі бөлігі оңт.-Батыс шекарада жүргенін пайдаланып, оңт. Дабружиді басып алып, ел астанасы софия қ-на қарай шабуылдады.

14 шілде күні болгария үкіметі бітім жөнінде ара ағайын болуға ресейге өтініш білдірді. Ресейдің қысымымен румын үкіметі соғыс қимылдарын тоқтатып, 10 тамыз күні бухарест қ-нда болгария, румыния, сербия, грекия арасында бейбіт келісім жасалынды. Келісім бойынша болгария сербияға солт. Македонияны, ал грекияға оңт. Македония мен бат. Фракияны эгей т. Жағалауындағы портты қалалармен (салоники, кавелла) қоса беруге мәжбүр болды. Румыния оңт. Добруджиге ие болды. Бұрынғы одақтастар арасындағы осы соғысты пайдаланған түркия 21 шілде күні болгарияға қарсы соғыс ашып, Эдирне қ. мен төңірегіндегі аудандарды басып алды. Нәтижесінде, 29 қыркүйекте Стамбұл қ-нда екі ел қайтадан бітімге келіп, болгария түркияға Эдирне қ. мен төңірегіндегі аудандарды қайтарып берді. 

Екінші Балкан соғысында Болгария бірінші Балқан соғысында жаулап алған жерлерінің басым бөлігі мен оңт. Добружиден айрылды. Бұл соғыс бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Балқандағы күштердің арасалмағын мүлдем өзгертіп жіберді. Болгария ресей мен оның одақтастарынан шеттеп, австрия-венгрия және германиямен жақындасты, ал румыния, керісінше, үштік одақ елдерінен алыстап, антанта елдерімен байланысты күшейтті. 

Пайдаланылған әдебиеттер: Бірінші балқан соғысы — уикипедия (wikipedia.Org) П. Белан дереккөзі: "ҚАЗАҚСТАН" ұлттық энциклопедиясы, алматы, "қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет