метеорологиялық өзгерістерді тіркейтін, тропосферадағы болатын өзгерістерді реттейтін құралдар.
Барометр
Грек сөзі Baros - ауырлық + Metreo - өлшеймін
Барометр – атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. Барометр 2 түрге бөлінеді: сұйықтық және барометр-анероид.
Гигрометр
Грек сөзі Hygros - ылғал
Гигрометр – ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал. Негізгі түрлері: шашты, конденсациялық, салмақ гигрометрлері және тіркеуші гигрометр (гигрограф).
Осадкомер Дождемер; Плювиометр
Осадкомер – атмосфералық жауын-шашынды жинақтау және өлшеу құралы. Осадкомер метеоалаңға орнатылған, қатаң тәртіппен бірліктерге бөлінген цилиндрлік шелектен тұрады. Қатты жауын-шашын түрі еріп болған кезде өлшемі белгілі болады. Осадкомер конструкциясы тез буланудан және қардың ұшып кетуінен қорғау функциясы арқылы жасалған.
Термограф
Грек сөзі Therme - жылу + Grapho - жазамын
Термограф - өзі жазатын құрал, ауада болатын температураның өзгерістерін жазып отырады. Термограф метеостанцияда арнайы орынға орналастырылады.
Қар өлшейтін рейка
Қар өлшейтін рейка – метеобақылауларда қардың қалыңдығы мен қар жамылғысының мөлшерін анықтайды.
Нефоскоп
Нефоскоп – бұлттардың орташа қозғалу жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал
Облакомер
Облакомер – бұлттардың астыңғы және үстіңгі қабаттарының биіктігін анықтайтын құрал.
Анемометр
Грек сөзі Anemos - жел + Metreo - өлшеймін
Анемометр – желдің жылдамдығын өлшеуге арналған құрал. Анемометрдің негізгі түрлері: қолда ұстайтын және бағанда бекітіліп тұратын негізгі анемометр. Жел жылдамдығын қолма-қол тіркейтін анемометр (анемограф) деп аталады.
Флю́гер (нидерл. Vleugel) —
желдің бағытын өлшейтін құрал
Атақты американдық
жазушы Марк Твен былай деген екен: “Егер сізге ауа-райы ұнамаса, сәл тоса тұрыңыз”. Сендер қалай ойлайсыңдар?
Метеорологиялық спутник – Жердің жасанды серігі, әртүрлі метеорологиялық ақпараттарды тіркейді және Жерге жібереді.
Метеорологиялық спутник негізінен бұлттылықты, қар қабатының қалыңдығын, Күн сәулесінің радиация түрлерін бақылайды.
Метеорологиялық ракета
Метеорологиялық ракета – ракеталық аппарат, атмосфераның жоғары қабаттары мезосфера мен ионосфераны зерттеуге арналған. Құралдардың негізгі өлшейтін бөліктері: атмосфералық қысым, Жердің магниттік өрісі, космостық шағылысу, ауа құрамы. Құралдардың көрсеткіштері радиосигналдар арқылы беріледі.
Тропосфераның космостағы көрінісі
Қазіргі кезде әрбір зерттеу кезеңінде “ауа-райы картасы” сызылады, синоптикалық – бұл ауа-райын болжау. Карта сызуды космостық суреттер қолданылады.
Синоптикалық карта
Мельбурн
Вашингтон
Москва
Жер бетінде дүниежүзілік 3 метеорологиялық орталық бар: Москва, Вашингтона (АҚШ), Мельбурн (Австралия).