Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады



Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#93691
Байланысты:
тиімді басқару


Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірбесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжайдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтежелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісі, қабылдаған іс -әрекет жоспарын, қаулы қарарларды т.б., екінші жағдайда- проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару
жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады.
Проблема дегеніміз- жүйенің қажетті еткен және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.
Жалпы әрекеттесетін жүйелерге басқарушы және басқарылатын шешім қабылдамасада болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндіріске көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Куррделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторлардың ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше міндетті айқындайды.
Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Оларды жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.
Басқару субъектісі бойынша бойынша шешімдер былай бөлінеді:
1. Әкімшілік шешімі
2. Қоғамдық ұйымдар шешімі
Басқару объектісі бойынша шешімдер жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөлінеді. Жалпы шешім ідетте бүкіл шаруашылық мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың өнімдерін кәсіпорындармен қарым қатынастар қарастырады.
Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді мыналарға бөледі :
1. перспективалық
2. күнделікті
3. жедел.
Болашақ шешімнің орындалуы ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам). Мысалы: ірі мал шаруашылығын салу, кәсіпорындарды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары. Ол күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асады.
Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырлады (бірнеше апта, күн, ай).
Басқару шешімі ұйымдастыруына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.
Жекелей шешім – бұл басшының ұжымдыммен немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда ол шешім маңызды болуы мүмкін.
Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып, сонда қабылданады.
Қызметтік мақсатына орай шешімдерді жоспарлау – экономикалық, технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.
И.Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары » кітабында
басқару шешімдерін былай бөледі:
1. Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселерері, агрономиялық, инженерлік және зоотехникалық – малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру жатады.
2. Ынталы шешім. Бұл онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының шешімі басым болуы мүмкін.
3. Творчествалық шешім – белгілі бір стратегиялық мақсатты және слған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды. Мысалы, кәсіпорындағы ғылыми-техникалық прогресі.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді:
1. Бағдарланған шешім. Ол жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтежесі.
2. Бағдарланбаған шешім. Біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптасқан немесе белгісіз факторлар жағдайында қалыптасады.Бұған ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесі қалай жақсатуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет