Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығЫ: болашақҚа бағдар



бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі18,73 Kb.
#189683
  1   2
Байланысты:
баяндама




БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ:БОЛАШАҚҚА БАҒДАР


Аты-жөні:
Ұйымның қаланың атауы


Аннотация
Мақалада бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориялық - әдіснамалық негіздері қарастырылған. Функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті білім алып заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді деп тұжырымдаған


Аннотация
В статье рассмотрены теоретико - методологические основы формирования функциональной грамотности младших школьников. Функционально грамотная личность действует в соответствии с ценностями общества, исходя из сложившихся интересов общества. Он пришел к выводу, что, обладая необходимыми знаниями и знанием языка современных информационных технологий, он адаптируется к любой социальной среде


Кілт сөздер: тәлім-тәрбие, функционалды сауаттылық, тұлға, тәрбие, құндылық, өзіндік таным

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары).


Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет екендігі айқын.Функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); оқыту нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Функционалдық сауаттылық – оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, отбасынан басталады. Өйткені, ата – аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген. Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата – ана бойында да болуға тиіс. Ата-аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата – ананың функционалдық сауаттылығы тұр.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы аталған шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен, өзім оқып, үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдім.Әр технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. 
Функционалды сауатты адам — ​​бұл әлемге бағдарланған және әлеуметтік құндылықтарға, үміттер мен мүдделерге сәйкес әрекет ететін адам.
Функционалды сауатты тұлғаның негізгі белгілері: бұл адамдар арасында қалай өмір сүруді білетін және белгілі бір қасиеттерге, негізгі құзыреттерге ие тәуелсіз адам.
Функционалды сауаттылықтың мазмұны:
Пәндік білім, білік және дағдыларға негізделген бастауыш мектеп пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту процесі ойлау қабілеттерін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Оқытудың бастапқы кезеңінде ең бастысы әр баланың талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, жіктеу, қорытындылау, жүйелеу, теріске шығару, шектеу сияқты логикалық әдістердің көмегімен ойлау қабілетін дамыту.
Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға логикалық деңгейіне сәйкес тапсырмалар көмектеседі.
Кесте 1.Логикалық тапсырмалардың мысалдары:
Деңгей – білім.Тізім жасаңыз, ерекшелеңіз, айтыңыз, көрсетіңіз, атаңыз
Деңгей – түсіну. Түсіндіріңіз, белгілерді анықтаңыз, басқаша тұжырымдаңыз
Деңгей – қолдану. Қолдану, бейнелеу, шешу
Деңгей – талдау. Айырмашылықтарды талдау, тексеру, эксперимент, жүйелеу, салыстыру, анықтау
Деңгей – синтез. Құрыңыз, дизайн ойлап табыңыз, жоспар құрыңыз
(қайта айту)
Деңгей – бағалау. Аргументтерді келтіріңіз, көзқарасыңызды қорғаңыз, дәлелдеңіз, болжаңыз.
Ең жоғарғы деңгей — баға. Бастауыш сынып мұғалімінің алдында үлкен міндеттер тұр: баланы дамыту. Ойлауды дамыту дегеніміз не? Көрнекі-тиімдіден абстрактілі-логикалыққа аударғанда: сөйлеуді, аналитикалық-синтетикалық қабілеттерді ,есте сақтау мен зейінді дамыту.
Функционалды сауаттылықтың негізгі дағдылары — оқу сауаттылығы. Қазіргі қоғамда ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (ең алдымен оқу) сәттіліктің алғышартына айналады.
Оқу санасын дамытуға, әсіресе, білім берудің бірінші кезеңінде барынша көңіл бөлінуі керек. Саналы оқу адамның өзін-өзі дамытуының негізі болып табылады — дұрыс оқыған адам мәтінді түсінеді, оның мазмұны туралы ойланады, өз ойын оңай жеткізеді, еркін сөйлеседі.Оқу сауаттылығының жоғары деңгейі оқушының келесі білім деңгейінде одан әрі оқуға дайындығын көрсетеді. Кейбір оқушыларға көркем және ақпараттық мәтіндердің хабарламаларын түсіну және бағалау үшін ешқандай көмекке мұқтаж емес. Сауаттылық — адамның ана тілінде жазуды және оқуды меңгеру дәрежесі.

Оқу сауаттылығын қалыптастырудың ерекшеліктері:


Оқу дағдыларын қалыптастыру. Ол негізделеді:
-Сөздерді дұрыс оқи білу;
-Мәтіннің мағынасын түсіну;
-Мәнерлеп оқу;
Оқу техникасын меңгеру.
Оқырмандардың қызығушылықтарын қалыптастыру.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына қажетті дағдыларды толық игеруге жағдай жасау, кез-келген мәтінмен жұмыс істеу кезіндегі оқу әрекеті:
Мәтіннен ақпаратты табу және шығару;
Ақпаратты біріктіру және түсіндіру;
Мәтіннің мазмұнын түсіну және бағалауі;

Қорыта айтқанда, тұлғаның бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет