Ана тілі №3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі77,35 Kb.
#4515

Жоспар үлгісі

Образец поурочных планов


Ана тілі

3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату



Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.



ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.



ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы

Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты






ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.


Дүниетану
2. Тақырыбы: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар.

Мақсаты: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар не екенін ұғындыру

Дүниетанымын , ой-өрісін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.



Әдісі: сұрақ-жауап , іздену

Көрнекілігі: суреттер, жұмбақ

Барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі : сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Адам өміріне не қажет?

ІІІ. Өткенді қорыту:Шөлдегенде не ішеміз? Қараңғыда не іздейміз? Қарнымыз ашқанда ше? Өмірмен байланыстыру.

ІҮ. Мақсат қою: Тақырыбын мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Адам өміріне ең қажетті жағдайда қайдан алады? / үй салу өзімізге қажетті нәрсе/ өмірмен байланыстыру. Тақырыпты оқу. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу.

ҮІ. Түсінгендерін сұрау :Ең қажетті жағдайларға не жатады? Адам жылуды қайдан алады? Жылу жүру не үшін керек?

ҮІІ .Бекіту:суретке қарап әңгімелеу. Жұмбақтар шешу. Шешуі: ауа, су, тағам

ҮІІІ. Үйге тапсырма : 1. 6-8 бет оқу 2. Бағалау

3.Тақырыбы: Нан – тамақтың атасы

Мақсаты: Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам тақырыбын оқып, түсіндіру.Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап түсіндіру

Көрнекілігі:суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі- Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Адам өміріне ең қажетті жағдай. Сұрақтарға жауап алу.Түсінгендерін сұрау

ІІІ. Өткенді пысықтау Адам жылуды қайдан алады? Адам өміріне ең қажетті жағдайлар

ІҮ. мақсат қою Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам.

Ү. Жаңа сабақ а/ дастарханға нан қалай келетіні туралы айтып, түсіндіру.

ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру. б/ іштей оқу - тізбектей оқу -жеке-жеке оқу



Сергіту сәті

ҮІ .Түсінгендерін тексеру Сүт, айран, май отбасы дастарханына қалай келеді?

ҮІІ. Қорыту - Бүгін не өттік? -Тыйым сөздер

ҮІІ. Үйге тапсырма -8-9 бет оқу -Бағалау
Еңбекке баулу
2. Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрету; ойлау қабілетін дамыту; ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Өткенді пысықтау. Табиғи материалдарға нелер жатады? Оларды сындыруға болады ма? Олар қандай? Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек? Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?

ІІІ. Мақсатын қою. Табиғи материалдардың қасиеттері

ІҮ. Жаңа сабақ: Жұмысқа кіріспес бұрын есіңе түсір:

Материал – бұйым жасалатын заттар.

Құрал-сайман - жұмыс істеуге қажетті заттар.

Жабдық – Жұмыс кезінде қажет болатын әр түрлі құрылғылар.

Оқулықпен жұмыс ережелер: инемен жұмыс істеу, қайшымен жұмыс, үлгіні қатырма қағазға түсіру ретін есіңе сақта.

Ү. Мұғалімнің көмегі, оқушы еңбегі

1. Кальканы алып дәптерге үлгісін түсіру, қарындашпен сызу.

2. Түсті қатырма қағаз алып айналдыра сызу. Нәтижесін тексеру

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде осы ережені есте сақтау.

ҮІ. Бекіту: Бүгін не үйрендік? Жұмыс аяқталғаннан соң инені жапсырғышқа, қайшыны арнайы қорапшаға салып, жұмыс орнын жинастыру.

ҮІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқу,бағалау.

Қазақ тілі
1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз

Мақсаты: Сөйлем және сөз туралы 1-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.Сөздік қорларын дамыту Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: Сұрақ-жауап, іздену



І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру, дыбыс және әріп,сөз және сөйлем

ІІІ. Оқулықпен жұмыс: Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.

1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу.Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ата заңы қашан қабылданды?

2-жаттығу.Қазақстан Республикасының Конституциясы- Ата Заңы қашан қабылданды? ( жатқа жаттап айту).

Жазбаша жұмыс: 3-жаттығу. Өздігінен көшіріп, әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтап, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.



ІҮ. Бекіту.а)4-жаттығу (ауызша) сөйлемді оқып, салыстыру. ә)Сөз туралы не білеміз?

Суретке қарап сөйлем құрау. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы. б) Ойын «Кім тапқыр»



Ү. Үйге тапсырма:6- жаттығу
2 Тақырыбы : Дыбыс және әріп (5-9 жаттығулар)

Мақсаты: Өткенді қайталай отырып, алған білімдерін еске түсіру,жаттығулар орындау, Танымдық қабілеттерін дамыту.Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6- жаттығу (суретке қарап әңгіме құру) неше сөйлем,қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Дыбыс, әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?( анықтап, дәлелдеу)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс: 7- жаттығу.Өлеңді жатқа көшіріп жазу./күз, түз / сөздерінің мағынасын түсіндіру. 8- жаттығу .(әріптерді қою, сөйлем құру). «Қарындаш, таяқша, өзекше» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Ү. Қорыту.Дыбыс нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстарды ата?Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

ҮІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу. Бағалау

Математика

4. Тақырыбы: Салыстыру



Мақсаты: 1. Тапсырмалар орындай отырып, қосынды мен айырманың мәнін табу, салыстыра білуге баулу. 2.Ойлау қабілетін дамыту. 3.Алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар

Әдісі түсіндіру, көрсету, өзіндік.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№ 6. 1 онд 3 бір 13 бірлік 5 дм 1см 51 см,

  1. онд 9 бір 29 бірлік 6дм 8см 68 см,9 онд 2 бір 92 бірлік 4 дм 7см 47 см.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар?1 м неше дм бар?

1 м неше см бар?



ІҮ.Бекіту.№ 1 Салыстыру5 онд. 2 бірл. < 3 онд. 5 бірл. 4 онд. 8 бірл. = 48 бірл. 5 онд. 7 бірл. < 6 онд. 0 бірл. 69 бірл. > 6 онд. 8 бірл.

2. 50+20 = 70, 50+20 > 70-20, 70 > 50

40+ 10 = 50, 40+10 = 90-50 , 50 =50

3. 11,12,13,14,15,16,17,18,19



4.Торкөз дәптер – 10 . Жол дәптер - 30 ? кем 30 – 10 = 20 Жауабы: 20 дәптер кем;Тор көз дәптер – 10 Жол дәптер – 30 ? артық 30-10 = 20 Жауабы: 20 дәптер артық.Сергіту сәті

Шығармашылық тапсырма. 0+4 =4, 4 - 4 =0, 4 - 0 =4.

Ү. Үйге тапсырма: №5 11 бет. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет