Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру



Дата25.01.2017
өлшемі12,76 Kb.
#7817
  • Бастауыш сынып оқушыларының ойлау
  • қабілетін арттыру
  • Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,оқушылардың логикалық ойлау
  • қабілетін және ой-өрісін дамыту.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  • « № 3 жалпы білім беру орта мектебі» ММ
  • Есеп беруші : Шекербаева Раушан Таңатарқызы
  •  
  • Ұстанымы:
  • Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
  • Білімің мен ақылың екі жақтап ...
  • Абай
  • Білімі :
  • 1. Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі
  • Бастауыш сынып мұғалімі 2001жыл
  • 2. Халықаралық гуманитарлы техникалық Университеті
  • Бастауыш сынып мұғалімі 2007 жыл
  • 3.Жалпы өтіл 10жыл. №3 орта мектепте 4 жыл
  • Санаты: І 2013-2014 оқу жылы
  • Тегі, аты, әкесінің аты
  • Шекербаева Раушан Таңатарқызы
  • Педагогикалық өтілі: 10 жыл
  • Тақырыбым: Бастауыш сынып оқушыларының
  • ойлау қабілетін арттыру.
  • Мақсатым:
  • Білімді, әрі дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, терең ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру
  • Міндеттері:
  • 1. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.
  • 2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
  • 3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Жоспар І Кіріспе:

  • Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін логикалық ойын арқылы дамытудың тиімділігі
  • Негізгі бөлім:
  • а) логикалық ойлауын дамытатын ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
  • ә) Сабағымда қолданатын логикалық ойлауын дамытатын ойындар
  • Қорытынды бөлім:
  • Ойын элементтерін сабақта тиімді пайдалану
  • Кіріспе бөлім
  • Ойлау–баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады.Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп,оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасатамын. Осы орайда К.Ушинскийдің: «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше,жалпы түрде ғана ақылды дамыту ретсіз,себебі адамның ойлауы деректерді жинап,соларды өңдеу арқылы ғана дамиды»,-деген тұжырымы дәлел бола алады.

1. Негізгі бөлім

  • 1. Негізгі бөлім
  • Әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау деңгейі әртүрлі болады. Әрнеге бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің белгісі. Әр оқушының бейімділігі әртүрлі. Кей оқушы сурет салуға, өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін. Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемдігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс. Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы керек. Шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолдансақ, оқушылардың пәнге қызығуы артады, білім сапасы көтеріледі. - Оқушылардың логикалық ойлауы дамиды. - Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап өмірден өз орнын табуына ықпал етуі керек.

Күтілетін нәтиже:

  • 1.Өз ойын ашық айтуға, пікір алмасуға
  • үйретеді. Уақытты тиімді пайдалануға болады.
  • 2. Пәнге қызығушылығы артады.
  • 3. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
  • 4.Өз бетімен дербес ізденуге, белсенді
  • іс-әрекеттенуге ұмтылады.
  • 5. Ойлау қабілеттері артады.

Өз сабағымда ойлау қабілеттерін арттыруға байланысты қолданатын тапсырмалар:

  • 1. Логикалық есептер.
  • 2.Ребустер
  • 3. Сөзжұмбақтар
  • 4. Ойларынан тест тапсырмаларын құрастыру
  • 5. Есеп құрау
  • 6. Ертегі құрау
  • 7. Шағын әңгіме құрау
  • 8. Өлең жолдарын құрау
  • 9.Қиялдау арқылы сурет салғызу
  • 10. Ана тілі сабақтарында мінездеме беру
  • 11. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп алған әсерлеріне шығармалар жаздыру
  • 1.Қыста қызғалдақтар гүлдеді. Алдымен 3, одан кейін 4 қызғалдақ. Барлығы неше қызғалдақ гүлдеді?
  • 2. Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4 көбелек ұшып келіп қонды. Барлығы неше құс болды ?
  •  

«Айтыс» ойыны.

  • «Айтыс» ойыны.
  • Бір оқушы сан айтады, екінші оқушы оның айтқан санына ұқсайтын сөз тіркесін айтып жауап қайтарады. Мысалы: 1- оқушы: Бір 2 - оқушы: Сыныпқа тез кір. 1 - оқушы: Екі 2 - оқушы: Серікпен күресуге бекі 1 - оқушы: Үш 2 - оқушы: Менімен жарысқа түс.

Өлең құрастыру

  • _______ _________ ________ аулаға ___________ ______ _______ көңілді _____ _________ __________ ______ ____________ ______________ өрілді
  • Суретпен жұмыс
  • «Саңырауқұлақ теру», «Балапанға көмек» ойыны
  • Сабақтан көрініс
  • Ол өзі ерекше еді .../топтық жұмыс /
  • Оқушылар жетістіктері:
  • Мұғалім жетістігі

Қорытынды.

  • Ойлау қабілеттерін арттыруға байланысты қолданатын тапсырмаларды орындау 1-4 сыныптарда тиімді деп ойлаймын. Нәтижесінде оқушылардың жауапкершілігі артады, қажет болса көзқарасын өзгертеді, басқаларды таңдай біледі, өзін-өзі бағалайды, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет