Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі- еліміздің болашағы .Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Президенттің жолдауындағы «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады.»-деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.Сондықтан білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбиеден дұрыс қалыптасуы керек. Қазіргі мектепке дейінгі ұйым жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Жаңа технология үрдісінің талабы-балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, балаға жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты –балаларға сапалы білім мен тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту екені белгілі. Сол себепті
Қазақстан Республикасының меншік нысандарына қарамастан барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарында 2014-2015 оқу жылын ұйымдастыру туралы. «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының әдістемелік-нұсқау хат жарияланды.Онда білім беру процесін ұйымдастырудың материалдары қарастырылды.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдар «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген ережелерді басшылыққа алады. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру процесін «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» негізгі білім беру бағдарламалары, мектеп жағдайындағы 6-7 жастағы балаларға арналған мектепалды даярлық, «Карлығаш», «Балбөбек» балама бағдарламалары және т.б. негізінде жүзеге асырады.
Мектеп алды даярлық сыныбының балаларға қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда «Әрі қарай дамыт» әдісі балалардың өз беттерінше ойлауын қалыптастырады және шығармашылыққа жетелейді. Баланың ойлап таппайтыны жоқ, кей кездері үлкен адамның ойына келмейтін нәрселерді ойлап жасай алғанда таң қалатын да кездер болады. Мысалы: «Берілген дөңгелектерді пайдалана отырып одан тағы басқа не жасауға болады?» дегенімде, балалар машинаның рулі, доп, шар, күн т. б. жасаған. Ал бір бала дөңгелектің ішіне 2 санын салып қойған. Оның себебін сұрағанымда, ол «теңге» деп жауап берді. Сол сияқты көркем әдебиетте, тіл дамыту іс әрекеттерінде баланы ойланатындай проблемалық сұрақтар қою арқылы да баланы шығармашылыққа бағыттауға болатындығына көзім жетті. Мысалы: «Алма» ертегісін айта отырып балаларға «Аюдың орнында сен болсаң қайтер едің , бір алманы 3-еуіне қалай бөлер едің?» деген сауалға әр түрлі жауаптар алдым. Бірі алманы ең бірінші көрген қоянға берер едім десе, бірі қоян өздігінен алманы ала алмас еді, егер оған қарға көмектеспесе, сондықтан мен қарғаға берер едім- деген сынды жауаптар алынды. Осындай жауаптарды тыңдай отырып «аюдың алманы қалай бөлгендігін айтып беріп» балаларды дұрыс шешім қабылдауға бағыттадым.Осындай жеңіл де тәрбиелік мәні зор, әрі ойлануына мүмкіндік беретін ертегілерді рөлге бөліп ойнату арқылы баланың тез қабылдауына ықпал етіп және актерлік шеберлігін шыңдауға болады.
Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп кезеңі арасында байланыс дұрыс жолға қойылған жағдайда баланың әрі қарай дамуы қалыпты болатындығы белгілі.
Мектеп үйрететін орта болса,оның жүрегі –мұғалім. Соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің орны ерекше.Сондықтан әр мұғалім өз кәсібін, өз пәнін жете білетін, мамандығын шексіз сүйетін адам болуы шарт. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі атану-мұғалімнен шығармашылықты, ізденімпаздықты өз-өзін жетілдіруге талпынатын, теориялық нақты біліммен қаруланған, рухани дамыған, озық идеялы болуын талап етеді. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану қажет.
Әр технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Сондықтан әр ұстаз қай технологияны қай кезде ,қай пәннен тиімді пайдалануға болатынын ескеру қажет.
Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауышта оқитын әр бала білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білім алуда іс-әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге , ізденуге , таңдауға т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан арылып, ең озық тәжірибеден өткен технологиялардың тиімдісін таңдап қолдану қажет. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Ал бастауыш сыныпта көбіне ойын түріндегі сабақтар тиімді екені белгілі. Баланы ойната отырып ойлау білуге үйрететініміз айдан анық. «Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Ойынға бір жақты көзқарас қате...» деп А С Макаренко айтқандай ойын баланың психологиялық, физиологиялық қасиеттерін дамытып отырады. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өтейін. Тіл сабақтарында «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», «Ребусты шеш», сөзжұмбақ құрастыр, Әңгіменің тобықтай түйіні не?, Мәтін мазмұны қай мақалға саяды? т.б. пайдалану тиімді. Бұл ойындар баланың ойлау қабілетін, зейінін, байланыстыра сөйлеуін, сөздік қорын молайтады. «Ақын болып ойнайық», «Жазушы болайық» деп берілген мәтінді әрі қарай қалай жалғастырар едің деп оқушылардың ойын білуге болады.Мысалы: Әдебиеттік оқудан М Әлімбаевтың Кім жомарт? Не жомарт? деген өлеңінін оқыдық.
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт-
Халық үшін жанын берген!...
Осы өлеңді ақын болсаңдар қалай жалғастырар едіңдер деген тапсырма бердім.Балалардың бірі
Кім жомарт?
Ана жомарт-
Балаларға өмір берген.-деп жазған. Балалардың барлығы да өздерінше жазып келген, әрине кейбірінің өлең жолдары ұйқаспай қалыпты.Сол сияқты М Төреженовтың «Өз ізі» тақырыбын өткенде оқушыларға «Өмірде салар өз ізім... » тақырыбына шығарма жазып келу тапсырылған болатын. Бір оқушымның шығармасынан
«Мен кішкентай кезімнен әр нәрсеге қызығып жүретінмін. Өлең айтып, би билегенді ұнатамын және де спорттық шараларға қатысқанды жақсы көремін.Алайда қазақ ақындары, қазақ батырлары сияқты өз іздерін халқына паш етіп қалдырсам не арман. Мен осыдан кейін ойланып болашақта үлкен бір маман иесі атанып, сол мамандығыммен халыққа қызмет етіп,ризашылығы мен баталарын алсам деймін. Мен осылай өмірде армандаған өз жолыммен, өз ізіммен жүргім келеді.»-деп бір оқушым жазған.
Баланың еңбегін бағалау. қызықтыру мақсатында шығармасын облыстық балаларға арналған «Самал » газетіне бердім. Бала өз жұмысын көргенде қатты қуанды.
Дегенмен осындай шығармашылық ойындар баланың қызығушылығын туғызары сөзсіз.Қазіргі бала ойы шорқақ, тілдік қоры аз сондықтан ізденіске берілген әр тапсырма, әр ойын тиімді.Ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері көп.
Сюжеттік-рөлдік ойындар, Жаттығу ойындар, драмалық ойындар, шығармашылық ойындар т.б. Осындай ойын түрлері баланың білімін берік меңгерту құралы болып табылады және сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артып білім сапасын көтеруге ықпалын тигізеді. Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді.Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуда бірдей емес.Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керсінше.Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын тағы бір ойынның түрі –грамматикалық ойындар. Бұл ойындарды қазақ тілі, орыс тілі сабақтарында пайдалану тиімді. Бала өзі де жеңілден ауырға қарай қалай ойысқанын сезбей де қалады. Білім беру әдістерінің ішінде тағы бір ерекше орын алатыны –диалог.Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әртүрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
*Сабақта белсенділік жоғарылайды;
* Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
*Дұрыс сөйлемдер құруға дағдыланады;
*Оқуға қызығушылығы артады.
Диалогтік оқытуды жүзеге асыруда пікірталас, рөлдік ойын, зерттеушілік әңгіме әдістерін пайдаланған дұрыс. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты арқылы оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіреді, өз идеяларын дәлелдеуге , өзгенің ойын құрметтеуге үйренеді, сонымен қатар бұл әдіс мен үшін оқушылардың қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Қандай ойын түрі болсын, қандай да бір әдіс түрлерін пайдалансақ та оның түпкі мақсаты баланы шығармашылыққа баулу болып саналады.
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономиялық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатқандығы белгілі.Сондықтан білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнды іс-әрекет қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланы жан-жақты дамытуды көздеу , бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестілігі мен бесенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан-жақты шешу қажеттілігі ескерілуде.
Сонымен қатар сабақта ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану мүмкіндігі мол.. Жаңа АКТ ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары , мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды, әлі де жасалуда. АКТ-ны пайдалану мұғалімге үлкен жеңілдік әкелуде. Мұғалім қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернет арқылы қызықты мәліметтер, дайын көрнекіліктер табуға болады.Осындай жетістіктердің арқасында сабақта жетекшілік рөл мұғалімнен оқушыға ауысуы,яғни мұғалім бағыттаушы, нұсқаушы болып, ал оқушы өздігінен дамытушы қызметін атқарса қазіргі білім саласының да алдына қойған мақсаты осы емес пе?
Педагог ғалым А Дистервергтің «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» дейтін қанатты сөзі оқушыны дамытуға бағыттау екендігіне көз жеткізді. Бастауыш сынптағы әр пәннің құрылымы, оқытылуы баланы жан-жақты дамытуға көзделген, бала бойындағы шығармашылық қабілетін, белсенділігін арттыруға бағытталған.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты ерекшелігі-ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуге , әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі айқындауға саналы түрде дайын болуға,қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты , жауапкершілікпен ойлайтын, әртүрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. 12 жылдық оқыту мерзімімен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығы игеруге бағдарланып белгіленген.
Оның басты мақсаты:
Жан-жақты дамыған, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, ой-өрісі кең, шығармашыл, белсенді кәсіби сауатты тұлға қалыптастыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Бастауыш сынып журналдары №10,№2, №8, №9 2014ж
2 Назарбаев Н Ә Қазақстан халқына Жолдауынан
3 Қарабаева Қ Ә Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
4 Өзімнің іс-тәжірибемнен
|