Казахстанско-Российский Медицинский Университет
Тақырыбы:
Бастың, кеуде қуысының, құрсақ қуысының, жамбастың атыс
жəне мина жарылғыш жарақаттары. Эвакуация кезеңіндегі медициналық көмек
Орындаған:
Жантілесова А А
Карлыбаева К Н
ЖМ 415А тобы
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Атыс жəне мина жарылғыш заттары туралы түсінік
2. Жарылыс физикасы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жарылғыш заттар туғызатын травмалар
2. Бастың, кеуде қуысының, құрсақ қуысының, жамбастың атыс жəне мина жарылғыш жарақаттары
3. Эвакуация кезеңіндегі медициналық көмек
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған əдебиеттер
І. Кіріспе
Жарылғыш заттар
— сыртқы əсердің ықпалымен өте тез
химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың
түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен
қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға қажетті
энергия көзі болып табылады, сондай-ақ əр түрлі жару жүмыстарын
орындауда қолданылады. Мысалы, бұрандалы патронның салмағы 3,25 г
болатын дəрі заряды атылғанда 0,001 секунд ішінде жанып, 3 каллорий
жылу бөледі де, температурасы жарылыс сəтінде 2400-2900°-қа тең 3 л
газ шығарады. Газ ете жоғары кысым тудырады (3000 кг/см2) да, оқты
ұңғы каналынан 700 м/с аса жылдамдықпен айдайды. Жарылғыш заттар
қолданылу сипатына карай:
•
бөлшектегіш (бризанттық)
•
лақтырғыш (дəрі)
•
пиротехникалық болып болінеді.
Ядролық жарылғыш заттар дегеніміз — жарғыш сипаттағы ядролық
(термоядролық) реакция нəтижесінде қас-кағым сəтте өте көп мөлшерде
энергия шығаратын зат.
Достарыңызбен бөлісу: |