Батыс Қазакстан инновациялық –
технологиялық университетінің
«Қазақ тілі және әдебиеті»
мамандығының 3 курс студенті
Теміржанқызы Ақмаралдың
Өндірістік (педагогикалық)
практика бойынша қорытынды
Есебі
Мен, Теміржанқызы Ақмарал 20.01.2020 – 28.02.2020 жыл аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №40 жалпы орта білім беретін мектебіне жолдандым. Практика барысында маған 5 «ә» сыныбы бекітіліп берілді. 5 «ә» сыныбында 26 оқушы, яғни 14 ұл бала, 12 қыз бала. Сынып жетекшісі: Сарсенова С.І
Осы мектептің 5 «ә» сыныбына қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша сабақ бердім. Оқу – тәрбие жұмыстарының жоспарларымен таныса отырып, сынып жетекшісі және пән мұғаліміммен жақын қарым – қатынаста болып, мектепішілік шараларға барынша араласуға тырыстым. Өткізілген сабақтардың жоспарын алдын – ала тексертіп, талдап, бекіттіріп отырдым. Оқушыларыма сабақ бере отырып, жеке шығармашылық тұрғыдан дамытуға, алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге, әр іске жауапкершілікпен қарауға, оқытушымен бірге жұмыстануға үйреттім.
Сабақтарымды қызықты өткізу үшін көрнекілік құралдарды, интербелсенді тақтаны, қима қағаздарды, деңгейлік тапсырмаларды қолдандым. Әр сабағымда қосымша деректер беріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түстім. Әр сабақты семантикалық карта, тест жұмыстары және өздік жұмыстар арқылы қорытындылап отырдым.
3 ақпан күні «Энергия сақтау – бұл біздің үйдегі жайлылық» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Қазақ тілі пәнінен 28 ақпан күні «Мінез – жанның айнасы, тәуелдік жалғау» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Қызықты әрі мазмұнды да мәнді етіп өткізуге тырыстым. Әр жұмысты атқаруда пән мұғалімім мен сынып жетекшімнің іс – тәжірибелеріне, ақыл – кеңестеріне көңіл бөліп, талқылап отырдым. Осы сараманның маған берері, үйреткені, болашақта жақсы мұғалім болып қалыптасуыма қосқан үлесі зор болды.
Есеп беруші практикант: Теміржанқызы Ақмарал
Достарыңызбен бөлісу: |