Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.
«Бөліп алу» батырмаларының қолданысын көрсету
- тік төртбұрыш арқылы бөліп алу;
- еркін бөліп алу;
- фон арқылы, фонсыз.
Сергіту сәті
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
Сергіту сәтті мұғалім оқушылармен бірге орындайды.
Практикалық жұмыс
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.
Дескриптірлерді талқылау:
- «Бөліп алу» тобының батырмасын қолданды;
- Бөліп алудың әр түрлі формасы қолданылды: «Тік төртбұрыш арқылы бөліп алу», «Еркін бөліп алу»;
- бөліп алу параметрлерін қолданды «Фон арқылы», «Фонсыз»;
- үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады.
Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқыланыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.
Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.
Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.
Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.
Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
|