Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып 11
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Са Сабақ тақырыбы
|
Пирамида және оның қасиеттері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
І. БІЛІМДІЛІК. Оқушыларға пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттерін үйрету.
ІІ. ТӘРБИЕЛІК. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа баулу.
ІІІ. ДАМЫТУШЫЛЫҚ. Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері үйрету
арқылы,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пирамиданың төбесінен табан жазықтыгына жүргізілген перпендикуляр ---------------- деп аталады
Пирамиданың барлық жақтары аудандарының (яғни табаны мен бүйір жақтарының) қосындысы оның -------------- деп
оның бүйір жақтарының аудандарының қосындысы ---------------- деп аталады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
|
Жаһандық азаматтылыққа
тәрбиелеу
|
Тақырыптың жан-жақтылығын әр түрлі халықаралық әдебиеттерден тапсырмалар беру арқылы көрсету.
|
Бастапқы білім
|
Призма
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Оқушылармен амандасу
Үй тапсырмасын тексеру
|
|
Сабақтың ортасы
32 мин
|
а) Ой қозғау(сұрақ-жауап)
1. Призманың диагональдық қимасы қалай өтеді? Призманың диагональдық қимасы бесбұрыш, үшбұрыш болуы мүмкін бе?
2. Дұрыс призманың тік призмадан айырмашылығы неде?
ІІІ. Жаңа сабақ
А1А2... Аn көпбұрышын жөне осы көпбұрыштың жазықтығында жатпайтын Р нүктесін қарастырайық. Р нүктесін кесінділер арқылы көпбұрыштың төбелерімен қоссақ, РА1А2 , РА2А3 , ..., РАnА1 (1) n үшбұрыш шыгады (73-сурет). А1 А2 ... Аn n-бұрыштан жөне (1) n үшбұрыштан құралған көпжақ пирамида деп аталады. А1А2 ... Аn көпбұрышы пирамиданың табаны деп, ал (1) үшбұрыштар - бүйір жақтары деп аталады. Р нүктесі пирамиданың төбесі, ал РА1 , РА2, ..., РАn кесінділері оның бүйір қырлары деп аталады. Табаны А1А2...Аn және төбесі Р пирамиданы: РА1А2 ... Аn деп белгілейді де, n - бұрышты пирамида деп атайды. 74-суретте төртбұрышты жөне алтыбұрышты пирамидалар кескінделген. Үшбұрышты пирамида тетраэдр екені түсінікті.
| |