Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Мұғалім:Құрметті ұстаздар, қонақтар! Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана - қуана қарсы алады. Ендеше, 1 «Ә» сынып оқушыларының бүгінгі бірлік күніне арнаған мерекелік қойылым-концертін бастауға рұқсат етіңіздер!