Батыс Қазақстан облысы



Дата24.04.2017
өлшемі110,51 Kb.
#15119
Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы


Авторлық бағдарлама

Тақырыбы:


«Журналистика негіздері»

Құрастырған:

І санатты әдебиет пәнінің мұғалімі Олжатаева К.Х.



«Журналистика негіздері» пәнінің бағдарламасы
Түсінік хат
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат-білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы міндетіміз.

«Журналистика негіздері» пәні бағдарламасы оқушыларға филологияға жақын журналистиканың қыр - сырын танытуға, жалпы сауаттарының, шығармашылық қабілеттерінің артуына, тілдерінің дамуына септігін тигізуге бағытталады.

Мақсаты:сөзді қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы ретінде жұмсап, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар) қандай тілдік қолданыстарды алуға болатыны туралы мағлұмат беру.Оқушылар сондай-ақсөз бостандығы, журналистік этика, сенімді ақпарат көздері және басқа да көкейкесті мәселелер жөнінде хабардар болады. Практикалық сабақтар кезінде газет бетіндегі жарияланымдарға теориялық білімдері бойынша талдау жасайды.

Міндеттері:
1)теориялық білімдерін тереңдету, бос уақытын тиімді пайдалану.

2)оқушылардың шығармашылығын күшейтіп,ой - өрісін кеңейту.

3)тәжірибелік дағдысын дамытып, кәсіпке бағдарлау.

4)оқушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін,сөздік қорын байыту.

5)«Жазушы мен сөйлеушінің шеберлігі-сөздерді керекті жеріне

орналастыра білу» екенін шәкірт санасына жеткізу.


Мазмұны
Бағдарламадағы тақырыптарға қажетті материалдарды өз қолымдағы жинақтардан, мектеп және ауыл кітапханасынан оқулықтар, газет-журналдар, әдеби шығармаларды пайдаланып құрастырдым.

Журналистика негіздері ауызша, жазбаша тіл дамыту мақсатында көркем шығарма оқылып, кейіпкерлерге мінездеме жазғызу, түрлі еркін тақырыптарда шығарма жазу іске асырылады. Рецензия жазуды дамыту арқылы шығармалар, мектеп өміріндегі мәдени шаралар негізінде мақалалар жаздыруды және қоғамдық орындарда сөйлеу мәдениетін дамытуды басты мақсат етіп қойдым.


Тақырыптық жоспар

Аптасына – 1 сағат

Жылдығы – 34 сағат

9 сынып



Сабақтың тақырыбы




Сағат саны

Сабақтың түрі

1

Журналистикаға кіріспе

1

Дәріс

2

Журналистиканың қызметтері

1

Дәріс

3

Журналистиканың құқықтық негіздері

1

Дәріс

4

Журналистиканың принциптері

1

Дәріс

5

БАҚ және оның аудиториясы

1

Аралас

6

Практикалық сабақ «Мектепте,қоғамдық орындарда дұрыс сөйлей білеміз бе?» (пікірталас)

1

Ойталқы

7

Қысқа хабарлар,жаңалықтар қалай жазылады?

1

Баспасөз

8

Мектеп өмірінен жаңалықтар, репортаж жазу

1

Репортаж

9

Журналистика және сөз бостандығы

1

Аралас

10

Журналистік этика

1

Дәріс

11

Журналистік шеберлік

1

Ізденіс

12

Практикалық сабақ «Журналистика-жазу сыры» дегеніміз не? Жазатын адам қандай болуы керек?

1

Ойтолғау

13

Мақала және оның түрлері

1

Аралас

14

«Менің арманым» эссе

1

Шығармашылық сабақ

15

Ақпарат және репортер сенімді ақпарат көздері және журналистік зерттеу

1

Зерттеу

16

Тілдегі көркемдегіш құралдар және оның түрлері: теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу, метонимия

1

Салыстыру

17

Аллигория, гипербола, литота туралы түсінік

1

Ізденіс

18

Тілдегі троптар. Троптарды жазуда, сөйлеуде қолдану

1

Топтық жұмыс

19

Практикалық сабақ «Тіл тазалығы-ой тазалығы» жөнінде хабар дайындау


1

Шығармашылық

20

Стилистика. Тіл және сөйлеу стилі. Ресми іс-қағаздар стилі

1

Дәріс

21

Рецензия, тезис туралы түсінік

1

Дәріс

22

Маған ұнаған жазушы стилі

1

Мақала

23

Оқып жатқан көркем шығармаға рецензия жазу

1

Ізденіс

24

Күнделік туралы «Сынып өмірінің өмірінен күнделіктерінен» күнделік жазу

1

Шығармашылық

25

Өз өміріндегі қуанышты сәттерінен естелік жазу

1

Шығармашылық

26

Ақпаратты өңдеу және түсіндірме

1

Кіріктірілген

27

Газет шығару процесі. Газет ісін басқару

1

Талдау

28

Баспасөзге шолу.Мерзімді басылымдармен таныстыру

1

Топтық жұмыс

29

Үндеу, жарнама жазуға үйрету

1

Топтық жұмыс

30

«Қаратөбе өңірі» газетінің баспаханасына саяхат жасау

1

Саяхат

31

Практика. Әртүрлі теледидар хабарын жүргізу

1

шығармашылық

32

Оқушылардың өлеңдері мен мақалаларын талдау (жақсы жазылған шығармаларды талдап, іріктеу негізінде баспасөз беттеріне жариялау)

1

Салыстыру

33

Талдаудың екі жақты этикасы (автор және тыңдаушы)

1

Дәріс

34

Жеке оқушылардың шығармашылығына арналған «Жас қалам» журналын шығару

1

Шығармашылық

Теориялық бөлімі бойынша

1 – сабақ (1сағат) «Журналистика негіздері» пәні туралы Журналистика дегеніміз не? Анықтамасы, нақты көрністері. Пәнді оқып – үйренудегі міндеттер.

2 – сабақ (1 сағат) Журналистиканың қызметтері. Журналистика қоғамдық орны мен ролі. Журналистика қызметінің аясы.

3 – сабақ (1 сағат) Журналистика мен журналистің құқықтық мәртебесі. Авторлық құқық.

4 – сабақ (1 сағат) Журналистиканың принциптері. Принциптер – журналистер қызметінің әдістемелік негізі. Журналистика тарихына жаңаша көзқарас.

5 – сабақ (1 сағат) БАҚ құрылымы. Газет. Журнал. Теледидар. Радио. Кітап баспалары. Оқырман, көрермен.

6 – сабақ (1 сағат) Практикалық жұмыс.

7 – 8 сабақ Журналистке тән қасиеттер. Журналистің мәдениеті. Оқырманға адалдық.

9 – сабақ (1 сағат) Журналистік қызмет және сөз бостандығы. Тәуелсіз баспасөз. Қазақ баспасөзіндегі сөз бостандығы.

10 – сабақ (1 сағат) Журналистік этика. Кәсіби адалдық. Журналист әрекеті. Журналистің өзіндік ұстанымы.

11 - сабақ (1сағат) Журналистік шеберлік. Мәтіннің ұғынықтылығы. Шырайлы тіл. Адалдық. Дәлдік. Мәтін ырғағы. Нақтылық. Алғашқы абзац. Композиция. Суреттеу.

12 – сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

13 – 14 – 15 сабақ Практикалық сабақ. Мақала жазғызу.

16 – сабақ (1сағат) Ақпарат және репортер. Құндылығы. Репортерге қажет қасиеттер. Репортердің сауал қою шеберлігі. Сенімді ақпарат көздерімен жұмыс. Алғашқы журналистік зерттеу.

17 – сабақ (1 сағат) Тілдің көркемдегіш құралдары және түрлері. Теңеу. Эпитет. Метафора. Кейіптеу. Шығармашылық жұмыс жасау.

18 –19 сабақ Аллигория. Гипербола. Литота. Троп туралы түсінік. Шығармадан тапқызу. Шығармашылық жұмыс.

20 – сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

21 – сабақ (1 сағат) Стилистика. Тіл және сөйлеу стилі. Ресми іс-қағаздар стилі.

22 - сабақ (1 сағат) Мақала. Рецензия. Тезис. Жазылу жолдары.

23 – сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

24 – сабақ. (1 сағат) Практикалық сабақ. Рецензия жазғызу

25 – сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ. Күнделік жазу жолдары.

26 – сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ. Естелік жазу.

27 - сабақ ( 1сағат) Ақпаратты өңдеу және түсіндірме. Ақпарттар қызметі редакторының жұмыс ауықымы. Қойылатын талаптар. Түсіндірме жасау. Анықтамалар. Айдарлар.

28 – сабақ (1 сағат) Газет шығару процесі. Газет философиясы. Мазмұны. Образы. Пішіні. Бірінші бет. Бетті ажарландыру қағидалары. Дизайн, теру принциптері.

29 – сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

30 – сабақ «Қаратөбе өңірі» газетінің баспаханасына саяхат жасау

31 – 32 – 33 сабақ Практикалық сабақ.

34 – сабақ Жеке оқушылардың шығармашылығына арналған «Жас қалам» журналын шығару.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


  • Ана тілін ардақтай білу, көздің қарашығындай сақтау, құрметтеу;

  • Әрбір сөзді тиімді жұмсай білу, ажарын кетірмей, бедерін бұзбай қолдану;

  • Сөз саптай білу, тыңдаушының ой-қиялын баурап алу;

  • Көпшілікке арналған мерзімді басылымдар мен теледидар тілін ажырата білу;

  • Белгілі бір шығарма үзіндісіне аннотация, пікір жазғызу, мектеп өмірінен жаңалықтар, репортаж дайындату;


Оқушылар игеруі тиіс:


  • Көркемдеп сөйлеудің амал - тәсілдерін;

  • Сөз саптау ой өткірлігі мен сезім ширақтығына негізделетінін;

  • Сөйлей білудің қалыптасқан жүйесін;

  • Орфографиялық және орфоэпиялық нормаға сай сөз қолданыстарын;

  • «Журналистика» мамандығының қыр – сырын ұғынуы тиіс.



Ұсынылатын әдебиеттер:
Оқушылар үшін:


  1. «Сөз тазалығы – тіл мәдениетінің алғы шарты» А., 2006. Р. Әміров, Ж. Даулетбекова;

  2. «Сөзстан» І, ІІ том. А., 2001;

  3. «Сөз сыры». А.,2005. Ф. Оңғарсынова;

  4. «Журналист - өмір тамыршысы». А., 1991. К. Қазыбаев;

  5. «Шешендік шиырлар» І . Есхожин;

  6. «Шешендік өнер» М. Жармұханбетұлы. /Орта мектеп, гимназия, колледж, лицей оқушыларына арналған оқу құралы/, «Мұраттас», А.,1998.


Мұғалімдер үшін:


  1. Халық тағылымы. Ә. Табылдиев;

  2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев;

  3. Ақиқатқа ар серік. К. Қазыбаев;

  4. Қазақ әдеби тілінің тарихы. М. Балақаев, Р. Сыздықова;

  5. Қазақ сөз этикеті. А.Қобыланова;

  6. Сұхбаттасу мәдениеті. Р. Сыздықова;

  7. Шешен сөйлеу мәдениетіне баулу мәселесі. А. Қыдырашев;

  8. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. М. Балақаев

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет