Батыс Қазақстан облысының тексеру комиссиясының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы
баяндама
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық экономикалық және әлеуметтік реформаларға қарсы қоғамдағы ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатері ретінде қабылданады. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан күннен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақты назарында және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып табылады.
Батыс Қазақстан облысының тексеру комиссиясы осы келеңсіз жағдайларға қарсы мемлекеттік саясатты іске асыруға белсене араласады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде:
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды қамтамасыз етеді;;
2) мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізумен байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпараттарын тыңдайды;
3) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша тиісті лауазымды адамдарды тағайындаған тұлғаларға оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік аудит және сараптау-талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөніндегі жөніндегі шаралар қабылдайды;
5) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының айқындалған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпарат орналастырып отырады.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асырады.
Ұсынылған өкілеттілік шегінде бақылау іс-шаралары өткізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу себептері мен салдарын жою жөнінде шаралар уақытылы қабылданады.
Бақылау нәтижелері бойынша бақылау объектілеріне қатысты 12 қаулы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тексеру комиссиясы 50 ұсыным жолдады. 61 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде 24-і бюджеттік заңнама, 28-і бухгалтерлік есеп және есептілік заңнамасын, 8-і салықтық және 1-і мемлекеттік мүлік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
1-слайд. Аталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңының 12-бабында қарастырылған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың орын алу қаупін сейілтеді. Осындай құқықбұзушылықтардың уақытылы анықталуы және тәртіптік жауапкершілік шараларын алу сыбайлас жемқорлықтың орын алу себептері мен жағдайларын жоюға септігін тигізеді. Сонымен, Тексеру комиссиясының негізгі міндеттерінің бірі бұзушылыққа жол бермеу ғана емес, сонымен қоса құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың орын алуына себепші болатын жағдайларды ескерту болып табылады.
Сондай-ақ, бұл мақсатта, 2014 жылдан бастап барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерін қамти отырып, қашықтан мониторинг жүргізіледі, ол тәуекелі жоғары деңгейлі объектілерде бұзушылықтар туралы дер кезінде ескерту, анықтау және алдын алу шараларын қамтуға мүмкіндік береді.
Бақылау объектілері – мемлекеттік органдар, мекемелер және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл үрдісінде біз жергілікті бюджетті толықтыру, негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар береміз.
Тексеру комиссиясының ұсынымдар мен шешімдердің орындалуын талдау бақылау объектілері мен мемлекеттік органдардың тапсырмаларды орындауы бюджеттік үрдістің іске асырылуына оң әсерін тигізетіндігін көрсетті. Мысалы, 2013 жылы БҚО Ішкі істер департаментіндегі бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдарды өндіру уақтылығы мен толықтығы бөлігінде нақты тапсырмалар берілді. 2014 жылдың нәтижелері бойынша облыстық бюджетке түскен салықтық емес түсімдер өткен жылдармен салыстырғанда 44 пайызға ұлғайды. Оның ішінде едәуір бөлігі облыстық ішкі істер департаменті және оның аумақтық бөлімшелері салған әкімшілік айыппұлдар, қсімпұлдар, санциялар, өндіріп алулар. Салықтық емес түсімдердің ұлғаюына бақылау іс-шаралары әсер етті деп есептейміз, олардың нәтижелері бойынша жергілікті бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдарды өндіру уақтылығы мен толықтығы көрсеткіштері жақсарды.
Сондай-ақ, өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындыларының бірі азаматтық қызметшілердің штаттан артық бірліктері бөлігінде бірқатар бұзушылықтарды жою болып табылады. Тексеру комиссиясының Қаулылары мен Ұсынымдарын орындау мақсатында дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомствоға қатысты мекемелерінің штаттық кестелері заңнамаға сәйкестендіріліп, бюджеттік қаражаттардың үнемделуіне көмектесті. Көптеген мұндай мысалдарды келтіруге болады.
Жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығы мен тиімділігін тұрақты бақылай отырып, Тексеру комиссиясы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басқа да бағыттарында жұмыс жасайды. Біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде құқыққорғау органдары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жүргізеді.
2-слайд. Сонымен, 2015 жылы 11 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған Меморандум шеңберінде ҚР бюджеттік және өзге де заңнама бұзу фактілері бойынша ақпарат алмасып, құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралармен қатар, партияның да әрекет ету шаралары қолданылып, Мемлекет басшысының жергілікті бюджетті сапалы атқару, бюджеттік саясат тиімділігін арттыру, қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ бюджеттік қаржатты пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыс кездесулері, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру, өткізу мәселелерінде өзара бірлесіп әрекет ету көзделген.
3-слайд. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста.
2015 жылы 11 наурызда Тексеру комиссиясының төрағасы мен БҚО бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасының бюджеттік салада және басқа да заңнамаларын бұзу салаларында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бақылау материалдарын табыстау және өзара іс-қимыл ережелері бекітілді.
Қол қойылған келісім шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескенжұмыс кездесулері, семинарлар мен конференциялар өткізу мәселелерінде өзара іс-қимыл жүзеге асырылады. Сондай-ақ облыстық аудандары мен ауылдарында ҚР бюджеттік саладағы заңнама нормаларын, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында көшпелі кеңестер өткізіліп тұрады.
2015 жылы өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 4 бақылау объектілері бойынша тексеру материалдары жіберілді. Қазіргі таңда 3 материал бойынша тергеу алды тексеру жүргізілуде.
4-слайд. 2015 жылы 20 сәуірде Тексеру комиссиясы мен БҚО Прокуратурасының бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасының бюджеттік салада және басқа да заңнамаларын бұзу салаларында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бақылау материалдарын табыстау және өзара іс-қимыл ережелері бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Тексеру комиссиясы мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің лауазымды тұлғаларынан жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарымен байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік активтерді пайдалану мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу фактілері, соның ішінде мемлекеттік қызмет туралы, жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы туралы заңнамаларын бұзу фактілері белгілері анықталған жағдайда, материалдарды прокуратураға жолдайды.
Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап, БҚО бойынша тексеру комиссиясы БҚО Прокуратурасына мәлімет үшін және одан әрі шаралар алу үшін барлық бақылау актілерін жібереді, яғни әрбір бұзушылық факті қылмыстық тергеу органдарының тиісті бағасын алуы тиіс.
Тексеру комиссиясы лауазымды адамдар тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, материалдарды БҚО Тәртіптік кеңесіне жібереді.
Сонымен, Тәртіптік кеңеске жолданған материалдарды қарастыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттемелерді лайықты орындамағаны үшін ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 28-бабы негізінде БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2 лауазымды тұлғасы сөгіс, 1 лауазымды тұлғасы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қоса, Тексеру комиссиясының қызметкерлері арасында сыбайлас қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мәселелері басшылықтың тұрақты бақылауында екендігін атап өту қажет.
5-слайд. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде ғимараттың фойесінде БҚО бойынша тексеру комиссиясының сенім телефоны нөмірлері көрсетілген Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің мәтіні, сонымен қатар, азаматтарды қабылдау кестесі, хаттар мен заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі орналастырылған.
6-слайд. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл сайынғы комиссия төрағасымен бекілітетін Техникалық оқыту жоспарына сай және жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша тұрақты түрде мақсатты жұмыстар жүргізіледі.
Әрбір қызметкерге бақылау объектісінде жемқорлыққа қарсы күрес, этика және кәсіби нормалар ережелерін бұлжытпай сақтау талаптары жете түсіндіріледі.
7-слайд. Қызметкерлерді бақылау объектісіне жолдаған кезде Тексеру комиссиясының бағыттаушы мүшелері сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау өткізу ережелерінің талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындық жқмыстары, бақылау сапасы бойынша, олардың Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу стандарттарына сәйкестігі бойынша нұсқаулар жүргізіледі.
Кадрларды таңдауды қамту мақсатында міндетті арнаулы тексеру жүргізіліп, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті басқармасы арқылы салыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар, тексеру комиссиясымен Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті басқармасының Ақпараттық сервисіне кілттер бекітілген жауапты қызметкерлер анықталған. Жыл сайын тәртіптік комиссияда қарастыру және талқылау, тиісті шаралар алу мақсатында комиссия қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық сипаттағы өндіріп алу бойынша әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктің болуы туралы анықтамалар сұратылады.
Салық органдарына жыл сайынғы табыс туралы декларация және салық салу объектісі болып саналатын мүлік туралы мәліметтің уақтылы және толық ұсынылуы қатаң сақталады.
Қызметкерлер арасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік анықталған жоқ.
Біздің қызметіміздің тағы бір маңызды бағыты жаңа құқықтық актілерді дайындау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру шеңберінде бюджеттік-қаржылық қатынастар және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстар болып табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіруге аса көңіл бөлінеді.
Сонымен, БҚО бойынша тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасына бірқатар ұсыныстар енгізді.
8-слайд. Парламентте Заң жобаларын талқылау барысында өз пікірімізді білдіру мақсатында Заң жобасына қатысты ұсыныстар Парламент Мәжілісі және Сенатының Батыс Қазақстан облысынан сайланған депутаттарына, ҚР Парламентінің салалық комитеттеріне, ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Есеп комитетіне, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне, ҚР Қаржы министрлігіне, ҚР Әділет министрлігіне, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне және «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына, ҚР Парламентіндегі партия фракциясы шеңберінде заң жобасын талқылау үшін жіберілді.
9-10-слайд. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың бірі мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету.
Осы мақсатта 2013 жылдан бастап, тексеру комиссиясының сайты қызмет етіп келеді, онда бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы пресс-релиздер, аналитикалық ақпарат және тексеру комиссиясының қызметі туралы басқа да мәліметтер орналастырылады. Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының қызметі тұрақты түрде жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.
2015 жылдың ағымдағы кезеңіне KazInform Халықаралық ақпараттық агенттігі сайтында Тексеру комиссиясының: 2015 жылдың І жартыжылдығындағы БҚО бойынша тексеру комиссиясының қызметі туралы және «Контрольно-счетные органы должны опережать риски неэффективного использования бюджета» атты 2 мақаласы жарияланды.
2015 жылдың І жартыжылдығында «Приуралье» газетінде «Добьемся прозрачности и эффективности», «Меморандум о сотрудничестве», «Жайық үні» газетінде «Меморандумға қол қойылды», «Бірлесіп қызмет етпек», «Орал өңірі» газетінде «Қатаң мемлекеттік және қоғамдық бақылау орнатылмақ», «Приуралье» газетінде «Бюджетные средства: спрос за каждый тенге», «Егемен Қазақстан» газетінде «Әр теңге есепте» атты мақалалар жарық көрді. Ағымдағы жылғы қыркүйекте Тексеру комиссиясының мүшелері «Қазақстан - Орал» телеарнасының тікелей эфирінде сөз сөйледі.
11-слайд. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жоғары деңгейде жүргізу үшін мемлекеттік органның сапалы кадрлар құрамы болуы тиіс.
Облыстың тексеру комиссиясының аппараты қызметкерлерінің орташа жұмыс өтілі 14 жылдан астам, олар - өз жұмыстарын тиянақты атқара білетін тәжірибелі әрі кәсіби мамандар. Тексеру комиссиясының кадрлар құрамы жоғары білімі бар мамандардан құралған, олардың 13,3% - заң мамандығы бойынша білімі бар мамандар болса, 86,7% - қаржы-экономикалық білімі бар жұмысшылар. Қызметкерлердің орташа жас шамасы 43 жас:
Тексеру комиссиясының басшылық құрамы «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын Төраға және 4 комиссия мүшесінен құралады, олардың орташа жас шамасы 49 жас болса, мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 20 жылдан астам, бұл көрсеткіш артылған функциялар мен міндеттерді толықтай іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Тексеру комиссиясының кадрлар құрамы сыбайлыс жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды тиімді атқаруға қатысты жаңа талаптарға толықтай сай деп есептеймін.
Толықтай алғанда атқарылып жатқан жұмыстар ҚР Президенті, "Нұр Отан" Партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жемқорлыққа қарсы саясатынының алға басуына және жүзеге асырылуына бағытталған бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға және жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, олардың алдын алу және жою, өз құзіреті шеңберінде осындай фактілерге жедел әрекет ету шараларын алуға мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рахмет!.
Достарыңызбен бөлісу: |