Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебінің
Әлеуметтік педагогы Кузембаева Надежда
Еңбек өтілі 4 жыл
Б А Я Н Д А М А
Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесі»
Отбасы –тәрбиесі
Мақсаты: Өмірге шынайы көзқараспен қарау, әдептілікке тәрбиелеу,
ата-аналардың міндеттерін түсіндіру, жасөспірім балаға жауапкершілікпен қарауға ұғындыру, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу – ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару - әр қоғамның көкейіндегі басты арманы. Ал баланың негізгі білім мен тәрбиенің қайнарын әуелі отбасынан, мектептен, одан соң белгілі бір оқу орындарынан алатыны баршаға мәлім. Сол сияқты жастарды отбасы өміріне даярлау да өмір баспалдағына байланысты, оларға мектеп жасына дейінгі кезеңдерінен – ақ «отбасы» деген тақырыпта әңгіме құрып, әр затты өз уақытында түсіндіріп, олардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыпты күрделендіре түсіріп, ұғындырып, санасына құйып отырған жөн.
Бала әртүрлі отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан әр үйдің жағдайына, оның тұрмыс жайына, ондағы қалыптасқан әдеттер мен дағдыларға, ата - аналардың өзара жасайтын қарым-қатынасына, ондағы адамдардың кәсібі мен қызметіне т.б. өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбие әдістері де түрленіп отыруы қажет.

1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.
8. Үй ішіндегі татулық әкесіне де, анасына да байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы,
әдепті мінез-құлық.
9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.
Балаңыз мейiрiмдi, сенiмдi, сiздiң қарттығыңызды сыйлайтын терек болсын десеңiз:
А) Өзiңiз ата-анаңызға, үлкендерге, ағайынға мейiрiмдi, қайырымды болыңыз. Оларға көмектi балаларыңызбен бiрге жасаңыз. Жылы қарым-қатынас, iзгiлiк өзiңiзге қайтып оралады. Осыдан түйiн: Бүкiл тәрбие екi ғана қағидаға негiзделген:
1. Сiздiң жеке бас үлгi-өнегеңiз;
2. Балаға қолайлы жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге , еңбеққорлыққа тәрбиелеу
Балаға жан-жақты, адамгершілік қасиеттерді – адалдық , сабырлық , кішіпейілділікке тәрбиелеу
Баланы сөйлей бастағаннан әдепке, мәдениетке, тәртіпке баулу
Пікір
Бұл жобаны оқи отырып, тәелсіз мемлекетіміздің ертенгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, санасы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты екені жазылған. «Қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән берген. Олай болса, «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, жобада көтерілген мәселе өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» демекші бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға ерекше мән берген.
Достарыңызбен бөлісу: |