2-Лекция.Химиялық формулалар бойынша есептеулер
Формула бойынша алынатын мәліметтер. 1 . Заттың молекулалық формуласы оның 1 молін көрсетеді, олай болса заттың :
а) салыстырмалы молекулалық массасын;
ә) молярлық массасын;
б) 1 молінің массасын есептеуге болады .
Мысалы:SO2 v(SO2) = 1 моль; Mr(SO2) = 64; M(SO2) = 64 г/моль;
m(SO2) = 64 г .
2.Элементтер валенттіліктері мен тотығу дәрежелерін анықтауға болады .
Мысалы:
ІV ІІ +4 -2 І VІІ ІІ +1 +7 -2
SO2 S O2 SO2 KMnO4 KMnO4 KMnO4
+1 x -2
K Mn O4 қосылысы құрамындағы бөлшектердің тотығу дәрежелерінің қосындысы 0-ге тең болуы тиіс: + 1 + x + 4 · (-2) = 0; x = +7
3.Зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін анықтау .Мысалы: CO2 Mr(CO2) = 44; m(CO2) = 64 г
w(Э) = m(Э) / m( ) · 100 %; w(C) = 27,3 %; w(O) = 9267 %
4.Зат молекуласы құрамына кіретін элемент атомдары массаларының қатынасын анықтауға болады . Мысалы:
CO2 m (C ) : m (O ) = 12 : 32 = 3 : 8
5. Заттың бір молекуласының (абсолюттік массасын анықтауға болады.
Мысалы:mM (x) = m (1 моль х) / NA;mM(CO2) = 44 / 6,02 · 1023 =
7,3 · 10-23г
6. Газдың абсолюттік тығыздығын анықтауға болады. Мысалы:
p(x) = m(1 моль х) / Vm,o;p(CO2) = 44 / 22,4 = 1,81 г/л .
7. Газ күйіндегі заттың салыстырмалы тығыздығын анықтауға болады .
Мысалы:CO2 D(CO 2) / H 2 = M(CO2) / M(H2) = 44 / 2 = 22
D(CO 2) / ауа= M(CO2) / M(ауа) = 44 / 29 = 1,51
8. Зат мөлшерінің үш формуласы бойынша есеп .
Мысалы: v = m / M = V / Vm = N / NA;
Берілгені: Шешуі:
m(CO2) = 132 г v(CO2) = 132 / 44 = 3 моль;
Т / к: v, N, V m / M = N/NA => N = mNA/M;
N = 18,06 · 1023 молекула
V/Vm= N/NA => V = NVm/ NA; V =67,2 л
Жауабы: 3 моль; 18,06 · 1023 молекула; 67,2 л .
Төменде атомдық және молекулалық массаларын есептеуге байланысты мысалдар келтірілген:
1. Фтордың периодтық кестеде келтірілгек салыстырмалы атомдык, массасының мәнін (Аг (Ғ)=19) пайдаланып, фтор атомдарының абсолюттік массасының орташа мәнін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |