№6 Лекция тақырыбы: Қазіргі білім беру кеңістігі жағдайында оқушылардың әлеуетін дамытудың жолдары
Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Жеке тұлғаның қалыптасуында оқытудағы құзыреттілік тәсілдерін қолданудың мәні мен маңызын ашып көрсетеді.Білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді;
2. Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары жайлы ақпарат беріп, оларды ұтымды қолдану біліктілігін қалыптастырған. Түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді өз деңгейінде қолдануға қабілетті
3. Білімді бағалау үшін топқа педагогикалық кеңестер беруге, пікір алмасуға және өзіндік іс-әрекетте баға береді
Лекция мазмұны: Оқытудағы құзыретт лік тәсілдерінің жеке тұлғаға бағытталуы.
Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары.
Құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін - білім берудің нәтижесі. Құзыреттілік – бұл білім алушының алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Құзыреттілік – білім алушының әрекет-тәсілдерді жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі болғандықтан, құзыретті тұлға қалыптастыру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Өз бетінше білім алу құзіретті тұлғаны басты ерекшелігі. Өйткені, жаңа білім парадигмасына сәйкес оқу процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқыту емес», керісінше «оқушыны оқуға қалай үйрету керек » маңызды болып саналады. Сондықтан «құзіреттілік» ұғымы маңызды мәселе боп саналады.
Оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын білім беру мекемесіндегі педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді. Сондықтан пәндерді құзыреттілік тұрғысынан оқыту мәселесін оқу-тәрбие процесі барысында басшылыққа алып, интерактивті оқыту тәсілдерін қолданудың педагогтардың біліктілігін арттырудағы маңызы ерекше.
«Құзыреттілік» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында көрініс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзыреттілік, құзыретті деп түрліше қолданылып жүр. Құзіреттілік сөзі латын тілінен аударғанда «компетенция» (лат. Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) – белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері; біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттік шеңбері деген мағынаны білдіреді. С.И. Ожеговтың сөздігінде «құзыреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген: «құзыреттілік – біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы». «Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту процесінде білімді қолданудың нәтижесі ретінде қарастырылуда.