Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, топпен қызмет ету, кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Пәндік құзіреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Ақпараттық құзіреттілік – ақпараттарды іздеп табумен , оларды сақтай білумен, таратумен ерекшелінеді. Оқыту процесі барысында оқушының пәндік, ақпараттық және т.б. құзыреттіліктері қалыптасады. Педагогтың іс-әрекетінің нәтижесін зерттеулер мен зерделеуге сүйене отырып. қазіргі уақытта мұғалім мына төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс екендігі атап көрсетіледі:
ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы;
өз мамандығын жақсы көретін, біліктілігі жоғары,кәсіптік шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы;
белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан – жақты білім болуы;
Оқушылардың құзіреттілігі.
Бірінші құзыреттілік - оқушының проблемаларды шешу құзыреттілігі бойынша:
әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен
шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;
өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады, сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады;
өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады; сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |