тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады;
логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады;
мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады;
ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.
Үшінші құзыреттілік – коммуникативтік құзыреттілік бойынша:
сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді;
ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады;
оқу материалдары бойынша іскерлік қарым-қатынасқа қажетті дағдыларды меңгереді;
ауызша, жазбаша сөйлеу қажетті коммуникативтік сапаларды қолданады;
· ұсынылған тақырып пен ситуациялық тапсырмаларға сай сөздерді орынды таңдап, жұмсай алады;
Демек, құзіреттілік – жеке тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі әрине мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің үнемі ізденуі, тиімді әдіс-тәсілдерді ұйымдастыра отырып, оқыту әдістемесін жаңартып отыруы-заман талабы. Қазіргі уақытта мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдаланып отырса, сабақтың сапалы өтуіне мол септігін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің қолындағы мықты екі қарудың бірі-терең білімі болса, екіншісі-сол білімді оқушы бойына, санасына дарытатын тиімді, пайдалы, қызықты әдіс-тәсілдері болуы қажет.