Технология
|
Әдіс
|
Тәсіл
|
Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
|
Әдіс кең мағынада, субъект әрекетінің кез-келген формадағы тәсілі, бір жолға жетудің жолы. ''Әдiс'' – мақсатқа қол жеткiзетiн жол, тәсiл, белгiлi жолмен тәртiпке салынған iс-әрекет''
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
|
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады.
|
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов,В.К.Дьяченко және т.б.) екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).
|
Әдiс деген сөз гректiң ''metodos'' деген сөзiнен шыққан. Метод деген ұғым белгiлi ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдарыдеген мағынаны бiлдiредi. Оқыту әдiстерi туралы әрбiр автор өз анықтамасын бередi.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
|
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
|
В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |