ӘОЖ 37(574)87
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Н.Иманбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы
Жоғары оқу орнының алдында тұрған негізгі міндет – ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып, бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты зияткер тұлғаны қалыптастыру. Елбасының бағдарламалық еңбектерінде көрсетілгендей, білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтау, білімнің халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман, интеллектуалды дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау отандық білім саясатының негізгі ұстанымын айқындайды, – дейді. Қазақстанда интеллектуалды ұлт қалыптастыру, интеллектуалды әлеуетті арттыру негізгі стратегиялық міндет болып табылады. «Зияткер ұлт – 2020» жобасында Елбасының басты идеясы – экономиканы, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру, сол арқылы қоғамды дамыту. Демек, рухы күшті тұлға мен ұлтты, қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесінің бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет болуы – заңдылық. Сондықтан әлемдік білім стандарттарына мектеп пен жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің білім сапасын сәйкестендіру мәселесі қазіргі таңда негізгі орында тұр. Себебі барлық әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тетігі болып табылатын жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы ортада қаланады.
Осыған сәйкес студенттердің өзіндік зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында топтағы «арнайы қажеттіліктері» бар студенттер анықталды. Яғни дарынды және талантты және құлқысы жоқ студенттерді анықталды. Студенттердің қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау - оларды жетілдіру оқытушының негізгі міндеті.
Дарынды және қабілетті студенттерді төмендегі жолдармен айқындалды:
Даралап оқыту арқылы;
Пәнді тереңдете оқыту арқылы;
Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау арқылы;
Студенттің шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
Оқытушы үнемі студенттерге білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысуы қажет. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар туралы ғылыми зерттеу еңбектерге шолу жасап, студенттердің пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру мақсатында 6 практикалық тапсырма дайындалды. Тапсырма дайындау барысында студенттің негізгі мотивациясының деңгейін, олардың қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдалды. Сол себептен, әр студенттің жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткіздік.
Студенттерді «арнайы қажеттіліктеріне» қарай анықтағанда олардың тек «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфология» пәнінен ғана емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсеткенін байқадым. Мысалы: ақындық, музыкалық, бейнелеу өнері. Сабақ барысында топ ішіндегі дарынды студенттердің төмендегідей қабілетке ие екендігіне көз жеткіздім:
- есте сақтау қабілеттері өте жоғары, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттейді;
жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырды;
проблеманың мәнін тезірек ұғады;
ойлары тиянақты, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылды;
назарын ұзақ уақытқа шоғырландыра алды.
Сонымен қатар олар бір салада қабілетті болса, келесі бір кезеңдерде өзінің қабілетін танытпаған жағдайлар кездесті.
Суденттің білімінің жақсаруын академиялық үлгерімінің қорытындысы бойынша анықтадым. Кейбір сабақта дарынды студенттер өздерінің ойларын жинақтау үшін уақыттан көбірек уақыт қажет ететін мысалдар да кездесті.
Дарынды студенттерге құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар берілді. «Сөзжасам еліне саяхат» тақырыбына шағын ертегі жазды. Ертегі құрастыру барысында студенттер өзіндік ойлау қабілетімен, креативтілігімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленді.
Сондай-ақ, студенттерге «Kahoot.it» сайтына кіруге нұсқаулық берілді. Бұл сайтта өзімнің тарапымнан даярланған күрделенілген тест тапсырмалары ұсынылады. «Ерекше әлеует» танытқан студенттер сөзжасамның негізгі ұғымдары бойынша 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына шақырылып, жауап береді. Бұл тапсырмада студенттерге мейлінше кеңйтілген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік берілді, соның нәтижесінде студенттер өздерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере алды. Осы тест сұрақтарының дұрыс жауабын берілген 30 секундта табу кезінде студенттер проблемаларды шешіп, дедуктивті және логикалық ойлауын, ақпараттық құзіреттіліктерін дамытты.
Студент интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланды, тәжірибелі ептілігін көрсетті. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылды.
Осы тапсырмаларды орындау барысында студенттер өзінің білімін, біліктілігін, шығармашылық қабілетін үздік таныта білді. Студенттер күрделендірілген тапсырмаларды шешуді үйренді. Бұл студенттер ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік берді.
Талантты және дарынды студенттерді оқыту туралы сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамның негізгі ұғымдары
|
Модульдер: Инклюзивті оқыту, Сын тұрғысынан ойлау
|
Сабақтың мақсаты: Студенттер сөзжасамның негізгі ұғымдарының теориялық анықтамасын біледі және жаттығу жұмыстарын жасауда дәлелдей алады.
|
Табыс критерийі: 1. Барлық студенттер сөзжасамның негізгі ұғымдарын ажырата алады және кемінде 3 тапсырманы орындай алады;
2. Студенттердің басым бөлігі берілген 4 тапсырманы орындай алады. Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы бойынша сөзжасамға байланысты ментальды картаны дұрыс толтыра алады.
3. Кейбір студенттер берілген барлық 6 тапсырманы орындай алады, шағын ертегі жазады және тест тапсырмаларының 8-9 сұрағына жауап бере алады.
|
Ресурстар: интерактивті тақта, электронды оқулық, «Kahoot.it» бағдарламасында даярланған тест тапсырмасы, жаттығулар жинағы
|
Уақыт
|
Оқытушының іс-әрекеті
|
Студенттің іс-әрекеті
|
2 минут
|
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
(«Көңілді сандар»)
|
Сергіту сәтін орындайды.
|
1 минут
|
Білім деңгейіне байланысты топқа бөледі.
|
Топқа бөлініп, жұмыс жасайды.Топ ережесін сақтайды.
|
15 минут
|
Төмен деңгей тапсырмаларын ұсынады, орындау тәртібін түсіндіреді.
|
1-тапсырма. Сызбаны сөзжасамдық мағына түрлерімен толтырады.
|
2-тапсырма. Мына туындылардан сөзжасамдық жұптарды теріп жазады.
Жүздір, көшкін, көшір, кіргіз, көшкінде, кетір, көшіріс, кіргіздір, кетіргіз, келіс, келтір, келтіргіз, жүздіргіз.
|
3-тапсырма. Төмендегi сөздерден сөзжасамдық тiзбек құрады.
Бас, Бақыт, Аш, Көр, Сана, Үй, Бiл, Би
|
27 минут
|
Орта деңгей тапсырмалары. Меньталды картаны толтыруға нұсқау береді.
|
4-тапсырма. Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы бойынша ментальды картаны толтырады.
|
Берілген тақырып бойынша 300 сөзден тұратын шағын ертегі жазуды ұсынады.
|
«Сөзжасам еліне саяхат» тақырыбына шағын ертегі жазады.
|
4 минут
|
Жоғары деңгей тапсырмасы.
«Kahoot.it» бағдарламасында тест тапсырмасының сұрақтарын даярлап, орындау тәртібін түсіндіреді.
|
«Kahoot.it» бағдарламасында 10 сұрақтан құралған тест тапсырмасын орындайды.
|
1 минут
|
Бағалау
|
Арнайы кесте бойынша студенттер өзін-өзі бағалайды.
|
Сабақты жоспарлағанда табыс критерийінің үш деңгейін іріктеп алынды:
Төменгі деңгей;
Орта деңгей;
Жоғары деңгей.
Себебі топтағы студенттердің білім деңгейі әртүрлі. Осы деңгей тапсырмаларын орындау барысында студенттер іріктеліп, өздерінің қабілеттерін көрсете алды. Қабілетті, дарынды студенттер көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болды.
Әр студенттің жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындауда оқытушыға көптеген дайындық керек.
Сабақ жоспарында деңгейлерге байланысты төмендегідей тапсырмалар берілді:
Төменгі деңгейде студенттер сөзжасамның негізгі ұғымдарын ажырата алады және кемінде 3 тапсырманы орындайды. Тапсырмаларда сөзжасамдық мағына түрлерін анықтайды. Туындылардан сөзжасамдық жұпатарды теріп жазады. Берілген сөздерден сөзжасамдық тізбек құрады.
Орта деңгейде студенттердің басым бөлігі берілген 4 тапсырманы орындайды. Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы бойынша сөзжасамға байланысты ментальды картаны дұрыс толтырады.
Жоғары деңгейде кейбір студенттер берілген барлық 6 тапсырманы орындайды. «Сөзжасам еліне саяхат» тақырыбына 300 сөзден тұратын шағын ертегі жазады және тақырыпқа қатысты құрастырылған тест тапсырмаларының 8-9 сұрағына жауап береді.
Бұл үш топтан қандай нәтиже күтемін? Әрине ол студенттердің білім деңгейін көтеру, яғни төменгі деңгейдегі студентті орта деңгейге, орта деңгейдегі студентті жоғары деңгейге жеткізу болды. Алдыма қойған мақсатымда біршама орындалды. Яғни тапсырманы жеке дара орындауда төменгі деңгейдегі екі студент орта деңгейге, орта деңгейдегі екі студент жоғары деңгейге жете білді. Бұл да білім сапасының артуының көрсеткіші бола алады.
Дарынды студенттермен тиімді жұмыс істеудің оңтайлы нысаны экстернат болып табылады [1,67б.]. Бұл студенттерге оқу жоспарын тез әрі шұғыл игеруге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Тренерге арналған нұсқаулық. –Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
Достарыңызбен бөлісу: |