«базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»



Дата19.02.2017
өлшемі306,49 Kb.
#10713
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


Шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасы
«БАЗАЛЫҚ ШЕТ ТІЛІ» (A1,A2) САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы

Алматы 2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы



ОӘК РОӘК «Лингвистика» секциясының шешімімен баспадан шығады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Ғылыми кеңесі


Құрастырушылар:

ф.ғ.к., доцент М.А. Жаңабекова, магистр Д.Б. Рскелдиева

Рецензенттер:

ф.ғ.к.Ж.Жұмабаева (Фонетика бөлімінің аға қызметкері)

(А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты)

ф.ғ.к.Б.Жонкешов (Терминология бөлімінің меңгерушісі)

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.М. Таева

(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)


5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының «Базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық нұсқау. –Алматы: Қазақ университеті, 2013.

Методикалық нұсқау ЖМББС мен оқу жұмыс жоспарына сәйкес жасалып, «Базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған. Нұсқаулық білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрлері мен кезеңдерінің сипаттамасын, жобалық жалпы және арнайы ауызша тақырыптар тізімін, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасын (негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін) құрайды.


© М.А. Жаңабекова, Д.Б. Рскелдиева, 2013.

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз


  1. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері




  1. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру шарттары мен талаптары




  1. Базалық кәсіби модульдің пәні бойынша өзіндік жұмыс түрі




  1. Жаңа ақпараттық технологияға негізделген әдістер




  1. Өз бетінше орындалатын жұмыстардың тақырыптық мазмұнына арналған әдістемелік нұсқау




  1. Өзіндік жұмысы бойынша білім мен құзыретті бақылау формалары




  1. Өзіндік жұмыс арқылы тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге арналған жобалық жалпы және арнайы ауызша тақырыптар тізімі




  1. Білім алушының өзіндік жұмысының оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы


\

АЛҒЫ СӨЗ
Білім беру жүйесіндегі бакалавр бағдарламасы сапалы жоғары білім берудегі және білікті мамандар даярлап оқытудың түрлі деңгейіндегі алғашқы баспалдақ болып саналады. Оқу үрдісін кредиттік жүйе бойынша жүргізу дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің еңбек нарқы сұранысына сай маман кадрларды дайындауда кредиттік жүйе бойынша білім беру – заман талабы. Бұл жүйе – білім алушыны өз бетінше білім алу бейімділігін дамытып, шығармашылық негізде білім алуды өз мүмкіндігіне қарай икемдеп оқытатын технология.

Кредиттік технология шарты бойынша оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланып жатқандықтан, оқу бағдарламасына сәйкес әрбір тақырыптық блоктағы пәннің оқу материалдарын, студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) берілген тапсырма бойынша оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс және (СОӨЖ) белгіленген кесте бойынша аудиторияда оқытушының қатысуымен орындалатын жұмысы арқылы сабақ түрлерін жаңаша ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі оқытушы білім алушының тану-ойлау қызметін ұйымдастырушы, білім алушы өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы, оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық не 70 пайыздан кем болмауы керек, өйткені әрқайсысының білім деңгейі, қабілеті бірдей емес.
І. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Барлық деңгейдегі білім берудің басты мақсатынегізінен отандық азаматтарға шетел тілін үйрету кезінде Қазақстан Республикасының және оқытылатын тіл елдерінің қоғамдық-саяси ахуалымен, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріндегі тың ақпараттармен, ғылыми және инновациялық қызмет саласындағы жетістіктерімен, оқу – білім және тәрбие берудегі оң қадамдарымен салыстыра және салғастыра таныстыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, бұл мақсат әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы Білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылған мемлекеттік міндетті, жеке тұлғаны қалыптастыру модульдері, кәсіби пәндер, міндетті компоненттер, пәнаралық және элективті пәндер бойынша және өзіндік оқуға берілетін пән бөліктерінің материалдары негізінде іске асады. Өзіндік жұмыс оқу жұмыс жоспарының әрбір пәні бойынша ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда заманауи білім алушының білімді өз бетінше толықтыруы мен жаңартуы,мамандығына қажетті материалдар бойынша ана тілінде және шетел тілінде өзіндік ізденіс жүргізуі, шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолында өзіндік қабілеттеріне деген талап қоюы - өзекті мәселе болып табылады.



Білім алушының өзіндік жұмыс төмендегідей жүзеге асады:


  1. Аудиториялық сабақта – семинар, зертханалық сабақта, жеке және топтық жұмысты орындау кезінде;

  2. Сабақ кестесінен тыс уақытта оқытушының басшылығымен – кейбір сұрақтар бойынша кеңес беру, шетелдік тұлғалармен кездесіп әңгіме-сұхбат өткізу және білім алушылардың қызығушылығын арттыратын әртүрлі формада: «Ағылшын тілі клубы» секілді клуб жұмысы, «Шетел тілі апталығында» жарыс түрінде, «Оқытылатын ел тілдерінің әндері» атты көркемөнерпаздық сайыстарда жеке тапсырмаларды орындау кезінде;

  3. Өзіндік жұмыс материалдары нормативті құжаттармен сәйкестендіріліп, әр білім алушының мүмкіндігіне сай кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өңдеп дайындаған тапсырмалар негізінде;

4. Білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды кітапханаларда, университеттің оқу залдарында, үйде, шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасында, жатақханада, интернет-кластарында, компьютер кабинеттерінде, компьютерлік кластерлерде, лингафонды лабораторияларда және оқу теледидары, интранет жүйесі мен электронды пошта арқылы жүзеге асыруға болады.
Аудиториялық өзіндік жұмыстар оқытушының тікелей басшылығы және тапсырмалары бойынша бүкіл академиялық оқу кезеңінің өту барысында белгіленген сабақ кезінде өткізіледі, сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары, әрі сабақ кестесіне сәйкес уақытылы орындалады.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс тапсырмасын беру кезінде оқытушы тапсырма мазмұны, атқару мерзімі, көлемі, жұмыс нәтижесіне қойылатын талаптар, тапсырманы бағалау критерийлері бойынша түсініктеме беру керек.

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды орындау барысында қажет жағдайда білім алушыларкеңесті оқытушының кеңсе-сағаты(СӨОЖ) уақытында алуға болады.

Өзіндік жұмыс оқытушы шешіміне қарай жұмыстың көлемі, мақсаты және нақты тақырыбына, күрделілігіне байланысты жеке немесе тілдік топтардың ұжымдық жұмысы түрінде жүзеге асырылады. Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс сабақ кестесінен тыс орындалады. Мұндай жұмыс формасы соңғы нәтижеге жету үшін әртүрлі (ауызша не жазбаша) болып келеді.

Оқу үрдісін білімгердің өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, белсенділігін арттыруға, ой дербестігін дамытуға бағытталған деңгейде ұйымдастыру барысында мына мақсаттар туындайды:




Өзіндік жұмыс

Мақсаты

Түрі

Дамытушылық

Тәжірбиелік

Тәрбиелік




  1. дамытушылық мақсат бағытталған:

  • білім алушының жеке тұлғасын қалыптастыруға;

  • оқу ынтасын арттыруға, ақыл-ойын дамытуға;

  • білім алушының қажеттілігі мен қызығушылығын анықтауға;

  • жаңа бағыттар мен қажетті талаптарды болжауға;

  • белгілі бір дәрежеде кәсіби саладағы ақпарат көздерімен (кітап, басылым, желелік абономент) жұмыс жасауды меңгертуге;

  • электрондық сөздік және компьютерлік мультимедианы, анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білуге дағдыландыруға;

  • шетел тілдерін меңгере отырып, өз ана тілін терең дамытуға;

  • шығармашылық ойлау қабілетін белсендіруге;

  • ой-өрісін дамытып, жалпы дүниетанымын кеңейтуге.

  1. тәжірбиелік мақсат көзделген:

  • оқу тәжірбиесі барысындаоқушылармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға үйретуге;

  • оқытуда қолданылатын негізгі оқу-зерттеу әдістемелерін меңгертуге;

  • шетел тілдерін кәсіби пәндермен байланыстыра игертуге;

  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін үйретуге;

  • ойын жүйелі айтып, топ алдында еркін сөйлеу машықтары мен дағдыларын қалыптастыруға;

  • қазіргі қоғамдық өмірге лайықты маман ретінде дайындауға;

  • оқытылатын тіл елінің білім қазынасымен алмасуға;

  • практикалық және ақпараттық материалдарды іріктеуге.

  1. тәрбиелік мақсат негізделген:

  • меңгеруге тиісті оқу материалдарымен уақтылы жұмыс істеуге

дағдылануға;

  • тәрбиелік жұмыстардың бағдарламасын түзуге;

  • адамгершілік пен имандылық қасиетке тәрбиелеуге;

  • жоғары саналық пен ақпараттық мәдениеттілікке баулуға;

  • бірін-бірі сыйлауға және отаншылдыққа тәрбиелеуге;

  • туған елін, жерін, қоршаған ортаны құрметтеуге;

  • туған ел мен оқытылатын тіл елінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын оятуға;

  • шетел тілінде және өзге тілдерде таза сөйлеуге, тіл экологиясын

(тазалығын) сақтауға.

Білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісінің мақсаттарына сәйкес болашақ маманның қажетті біліктілігі мен ізденудегі кәсіби дағдысын қалыптастырудатуындайтын негізгі міндеттер:



  1. оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп дайындалған тапсырмалар жүйесі нақтылануы қажет;

  2. білім алушының өзіндік жұмысын тексеріп, оның білімін бағалау үшін арнайы уақыт бөлінуі тиіс;

  3. өзіндік жұмысқа арнайы дайындалған әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алуы керек;

  4. жаңа ақпараттық тенология жүйесін, яғни интранет, дистанциялық қатынас мүмкіндігін толық пайдаланып,тапсырманы орындау және бағалау жолдарын жүргізуі қажет;

  5. балдық рейтинг жүйесі бойынша ағымдық және аралық бақылаумен қатар өз бетінше орындайтын жұмыстан алатын білім деңгейі де бірге бағаланатын түсіндіруі керек;

  6. оқытушының өзіндік жұмысты бақылап бағалауы білім алушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға ықпал етуі керек.


ІІ. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру шарттары мен талаптары
Базалық кәсіби пән ретінде оқытылатын «Базалық шет тілінің» практикалық және зертханалық сабақтары білімгерлердің дара қасиеттері мен ойлау қабілеттерін дамытуға, тақырыпты терең меңгертуге, танымдық және шығармашылық әрекеттерін арттыруға, өзіндік жұмыстарға қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеуге кредит санының шектеулі бөлінуіне байланысты жеткілікті мүмкіндіктер бере алмайды.


Деңгей

I деңгей

II деңгей

III деңгей

Сабақ түрі

Аудиториялық:

Өзіндік жұмыс:

Қосымша өзіндік жұмыс:

Пәндік және көркем-өнерпаздар үйірмесі, олимпиада, ғылыми жоба, конференция, оқу тәжірбиесі



Практикалық

СОӨЖ

Зертханалық

СӨЖ

Әрекет

Қалыпты белсенділік

Ізденушілік белсенділік

Шығармашылық белсенділік

Білім алушылар дәстүрлі сабақтар кезінде оқытушының мамандыққа қажетті берген дайын білімдерімен ғана шектеліп, яғни «қалыпты белсенділік» әрекетінде қалыптасып қалмай, білімді ары қарай өз бетінше белсенді қабылдау, іздену, тану, шығармашылық іс-әрекеттермен айналысу арқасында дамытуы қажет.

Неміс философы Зиммель «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деген екен.Алайда «арнайы өзіндік жұмыс» оқу үдерісінің екінші деңгейінде көрініс алғанымен, оқудың кредиттік жүйесі бойынша білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытатыннегізгі деңгей болып табылады, ол «ізденушілік, шығармашылық белсенділік» әрекетінде білімгерлердің жас ерекшеліктеріне, ойлау қабілеттерінің даму дәрежесіне қарай әр түрлі деңгейде өрбиді, әртүрлі әрекет етеді, сондықтан «арнайы өзіндік жұмысты» (СОӨЖ және СӨЖ) және «қосымша өзіндік жұмысты» орындауға қойылатын шарттар мен талаптар да әртүрлі болуы тиіс.

Сонымен, білім алушы оқу түрінің қай деңгейінде болмасын өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша мына шарттардыесте сақтауы керек:



  • білім алушы өзі атқаратын жұмысының мақсатын түсіну;

  • білім алушы өз жұмысының оң нәтиже беруіне қызығу;

  • білім алушы өз жұмысының ойдағыдай аяқталуына сену;

  • білімалушы жұмысты өз тарапынан орындауы;

  • білім алушы өз ой-әрекетін басқара алуы;

  • түрлі құбылыстар мен ғылыми үдерістерді болжауы.

Қазіргі кездегі оқытушының міндеті бұл сабақтарды бұрынғы дәстүрлі әдіс-тәсілдер деңгейінде қалып қоймай, теорияны міндетті түрде тәжірбиемен байланыстыра отырып жүргізуді, білімгерлердің ой-өрісін кәсіби деңгейде дамуға жетелейтін өзіндік жұмыспен ұштастырып отырудың жолдарын, ең бастысы, сабақты жаңа ақпараттық технологияны қолданып өткізу әдіс-тәсілдерін қарастыру болып табылады.

Сондықтан, білім беруші білім алушының өзіндік жұмыс тапсырмаларын ұйымдастыруда мына талаптарды есте ескеруі керек:



  • СӨЖ-ді оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

  • білім алушының жеке дербестігін арттыру;

  • білім алушының икем дағдыларын қалыптастыру;

  • білім алушының өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • білім алушының шығармашылық даралығының дамуына үн қосу;

  • білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына ағымдық ақпараттардыенгізу;

  • жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең қолдануға;

  • білім алушының белсенді үрдіске енуіне жағдай жасау;

  • өз бетінше әрекет етуге машықтандыру;

  • ғылыми талдау негіздері туралы түсінік қалыптастыру.


ІІІ. Базалық кәсіби модульдің пәні бойынша өзіндік жұмыс түрі
Білім беру бағдарламасы бойынша шетел тілінің базалық пәндерін оқытуда әр сабақты сөйлеу органдарының артикуляция, тіл және ерінге арналған жаттығуларынан бастаған жөн.
Фонетикалық курста:

  • оқытушы ағылшын дауыстыларының төрт түрлі буында оқылу ережесіне сай өз бетінше орындайтын үй тапсырмасын құрастыру;

  • оқытушы ағылшын дауыстыссыздарының құпия сырларын меңгеруге арналған өз бетінше орындайтын жаттығулар дайындау;

  • буын және буынға бөлу, екпін, ырғақ оны белгілеу тәсілдерін игеруге арналған мәтін жолдарын таңдап, жеке-жеке тапсырма беру;

  • күнделікті қолданыстағы ( артикль, есімдік, септік, сөз тәртібі т.б.) ережелеріне арналған материалдар өзіндік тапсырма дайындау;

  • мәтінді дұрыс айтылуын тексере отырып оқыту, жаңа лексика бойынша білімін бақылау, жаңа сөздер және тұрақты тіркестермен жұмыс жасау, орфографиялық тұрғыдан тексеру.



Негізгі курста:

  • Жоғары оқу орнына дейін шетел тілінде қалыптасқан білім алушылардың білімін тереңдетуге арналған ағылшынтілі грамматикасы бойынша өз бетінше орындауға арналған жоспар құру;

  • әртүрлі тақырыптар бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тілдк құралдарды, сөйлеу жолдарын үйретуге арналған қосымша жаттығулар құрастыру;

  • жай және күрделі сөйлеу әрекеттеріне қажетті нақты лексикалық материалдармен қамтамасыз ету;

  • сөйлемдерді әртүрлі конструкциялар мен модельдеу үлгілері бойынша құрастыруға тапсырмалар дайындау;

  • мәтін түсініктемесін айтуға, суреттерді сипаттауға, жағдаят арқылы диалог құрастыруға арнайы тапсырмалар беріп, тілдік материалдарды терең меңгеруге мүмкіндік жасау;

  • тілдік әрекеттердің іске асу жоспарын ( сұраққа жауап алу, үйде оқылатын әдебиеттер негізінде ойын жеткізіп түсінік айту, шығарма жазу, екуара сөйлесу т.б.) бақылап, өз бетінше орындалатын жұмыстың нәтижесін бағалау.

  • нақты орындалған материалдарды жинау, жазбаша жұмыстардың (эссе, реферат, баяндама, слайд) дұрыс рәсімделуін тексеру және презентация жасау бойынша өзіндік жұмысты қабылдау.

Қорыта айтқанда, өздік жұмыстың атқару мерзімін сақтауды талап ету,

сапалы орындау мен атқарылған жұмысқа жауаптылықтын таныту,кәсіби танымдық әрекеттерге деген қызығушылығын қалыптастыру, базалық шет тілі пәні саласы бойынша білімін тереңдету қажеттілігі туындайды.
IV. Жаңа ақпараттық технологияға негізделген әдістер
Білім алушыларды жоғары оқу орындарында белсендіру жолдарының бірі - жаңа технологиялар жүйесі мен жаңа оқыту әдістерін қолдану:


  • активті және интерактивті әдістер: пікірталас, саяхат, психологиялық тренинг, танымжорық, әдеби шоулар;

  • дәрістік, зертханалық және тәжірбиелік сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны қолдану әдісін (инновационный)

  • жеке тұлғаға бағытталған әдіс (личностно-ориентированный): бұл ойлауды талдауға негізделген, ішінара ізденуге, зерттеуге түрткі болу, яғни тұлғалық аспектіні сомдау.

  • проблемалы мазмұндау (проблемно-ориентированный);

  • топтық, ұжымдық, жобамен жұмыс ( проектно-ориентированный);

  • сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздігінен оқу, іздену, еркін жазу (коммуникативный)


V. Өз бетінше орындалатын жұмыстардың тақырыптық мазмұнына арналған әдістемелік нұсқау




Тақырыптық блок

Тапсырма

СӨЖ-дің әдістемелік нұсқауы

1 семестр

1.

Phonetics: Vowels and Consonants

Lessons 1-5

Relations by birth & marriage.


Кесте

Презентация

(топтық)
Жазбаша жаттығу

459-467 бб. (Аракин)



Кесте жасау үшін:

а) дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу жолдарын меңгеру, дыбыс тіркестерінің оқылуын, буын түрлерін ажырата алу.



Презентация дайындау үшін:

Грамматикалық материалды қайталау

( to be, to have, pronouns, numerals)

жаттығуларды орындау, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдыруға дағдылану.



2

Phonetics: Diphthongs &Digraphs

Intonation

Lessons 6-9


Кесте
Конспект

Жазбаша жаттығу

467-471 бб. (Аракин)


Кесте жасау үшін:

дифтонгтар, диграфтар мен ерекше дыбыстардың айтылу жолдарын меңгеріп, мысалдар келтіру, мәтін сөздеріне дыбыстық талдау жасау, айтылуы бойынша топтастыру.



Конспект жазу үшін:

ырғақ және оны белгілеу, айтылу тәсілдеріне арналған үлгілер бойынша берілген жаттығуларды орындау, күнделікті қарым-қатынаста қолданып, машықтану.



3

Phonetics &Grammar: Intonation of Complex sentences. Article.

Present Tenses

Lessons 10-13


Сөздік (жағрафиялық)

Тест

Жазбаша жаттығу

474-487 бб. (Аракин)



Сөздік құрастыру үшін:

жер-су аттарының атауларын (әлем елдері және туған жер) жинау және олардың дұрыс оқылуына арнап тақырыптық сөздік жасау;

артикль қолданысына арналған жаттығуларды орындау, олардан тест құрастырып, группаластарымен алмасу, шешеу, бірін-бірі бағалау;

жаттығуларды орындау, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдыруға дағдылану.



4.

Phonetics &Grammar:

Past & Future Tenses

Lessons 14


Конспект

Жазбаша жаттығу

487-497 бб. (Аракин)


Конспект жазу үшін:

екпін және оның түрлері туралы қосымша әдебиет көздерінен оқып, екпін түскен буындарды дұрыс оқып үйренуге арналған мысалдарды жинақтау;

жаттығуларды орындау, төл сөздерді төлеу сөздерге айналдыруға дағдылану.


Home Reading:

Oscar Wilde. The Picture

of Dorian Gray.




Доклад

(хабарлама немесе мәлімдеме түрінде)



Үйде оқылатын әдебиетпен жұмыс істеу барысында:

автор шығармашылығымен танысу;

сөздікпен жұмыс істеу;

кейіпкер бейнесін ашатын лексиканы қолданып, серіктестеріне арнап сұрақ құрастыру, мазұндама жазу;

оқытушының «бақылау сұрақтарына» дайындалу.





2 семестр

1.

Grammar:

Past & Future Tenses

Lessons 15


Реферат

Университет: өткені және болашағы

Жазбаша жаттығу 497-502 бб. (Аракин)



Реферат жазу үшін:

грамматикалық материалды қайталау; (Article, Types of Adverbial Clauses, Modals)

тақырыптың лексикалық құрылымына (сөз, тіркес, мағына, синоним, омоним, антоним т.б.) талдау жасау.


2.

Grammar:

Past & Future Tenses,

Passive voice

Lessons 16-17



Шығарма:

Демалыс

Жазбаша жаттығу 502-510 бб. (Аракин)



Шығарма жазу үшін:

грамматикалық материалды қайталау; (Sequence of Tenses, Adjective, Passive voice)

лексикалық қорды, үлгі орамдарды (Models) демалыс өткен орындар тақырыптары бойынша жинақтау.


3

Grammar:

The Complex Object

Lessons 18


Топик:

Дүкенде

Жазбаша жаттығу 511-514 бб. (Аракин)

Сөздік


Топик жазу үшін:

грамматикалық материалды қайталау; (Complex Object, Sequence of Tenses, Numerals –Киім және тағам атауларына (отандық және шетелдік) қатысты лексикалық қор жинау және олардың дұрыс оқылуына арнап тақырыптық сөздік жасау.



4.

Grammar:

Gerund & its combinations

Lessons 19-20


Диалог:

Театрда
Жазбаша жаттығу 514-519 бб. (Аракин)


Диалог құру үшін:

Грамматикалық материалды қайталау; (Gerund,)

соңғы көрген немесе қатты ұнататын қойылым туралы диалог құру, мазмұнын төлеу сөзге айналдырып ақпарат жазу;

Герундий тіркестеріне мысалдар жазып, кесте жасау, жаттығулар орындау



Home Reading:

A. Christie. The Body in the Library

Доклад

(хабарлама немесе мәлімдеме түрінде)



Үйде оқылатын әдебиетпен жұмыс істеу барысында:

автор шығармашылығымен танысу;

сөздікпен жұмыс істеу;

кейіпкер бейнесін ашатын лексиканы қолданып, серіктестеріне арнап сұрақ құрастыру, мазұндама жазу;

оқытушының «бақылау сұрақтарына» дайындалу



Ескерту: Үйде оқылытын әдебиетті жеке дара, жұп немесе топ болып таңдауға болады, сонымен қатар ағылшын, американ жазушыларының шығармаларын таңдау барысында білімгерлермен ақылдасып, шешу керек. Шетел тілдеріне аударылған отандық ақын-жазушылардың шығармаларын да таңдауға болады.
VI. Өзіндік жұмысыбойынша білім мен құзыретті бақылау формалары

Өз бетінше орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру технологиясына байланысты тапсырма түрін (реферат, презентация, эссе, жоба етіп қорғау, аналитикалық шолу жасау және стилистикалық талдау т.б. тапсырмалар ретінде жобалық-зерттеу, шығармашылық ізденіс сипатында) оқытушымен кеңесіп өзгертуге болады. Бұл топ деңгейлерінің, онда оқитын студенттер қабілеттерінің, белсенділіктерінің және талап-талғамдарының әртүрлігіне байланысты орындалып, бақылануы тиіс.

Балдық рейтинг жүйесінде білім алушының өз бетінше істейтін жұмысының орындалуын қабылдау төмендегідей бағаланады:


  • студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қарай;

  • практикалық тапсырманы орындау барысында студенттің теориялық білімді қолдана алу қабілетіне байланысты;

  • жауаптың нақтылығы, ойдың жүйелі және мағынасының дұрыс берілуіне қарай;

  • тақырыпқа сәйкес тілдік нормаларды дұрыс қолданып, сөз қорының бай болуына қарай;

  • үйде оқылатын әдебиеттің ма змұнын шетел тілінде айтып беру барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алуына орай;

1 кесте. Білім және құзіретті бағалау тәртібі, % , балл



Сабақ / бақылау түрі

Балл саны



Практикалық сабаққа қатысуы және белсенділігі (СОӨЖ)

СӨЖ


Бақылау жұмыстары № 1 №2

Емтихан

Балл

1-7 апталық балл саны

10

14

-

-

24

8-15 апталық балл саны

10

16







26

Аралық бақылау балы

-

-

№ 1бақылау5 балл

№2бақылау 5 балл



-

10

Қорытынды бақылау

-

-

-

40

40

Барлығы

20

30

10

40

100

2 кесте. Білімді бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық

Құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

«Өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»


VII. Өзіндік жұмыс арқылы тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өзін-өзіжетілдіруге арналған жобалық жалпы және арнайы ауызша тақырыптар тізімі:




Жалпы

Арнайы




My friends family

Meeting people

About myself

Family & Friends

My friend’s flat.

Classroom activities

At an English Lesson

Around the house

The Calendar

Countries & capitals

My favorite food

At the library

My daily routine

Seasons and weather

My best holiday

My last week-end

My day off

My free time

Hobby


Family life

Student’s life

The flat I live in.

The map of the World

My native town.

In the canteen

Meals in Kazakhstan

English meals.

Housework

Our University

My studies

Rest: at the seaside

A visit to Astana

The places I’d like to visit

My usual shopping round

My favorite actor

Theatres in our life

The British theatre



Judging by appearances




Білім алушылардың өзіндік қалауы бойынша




My favorite writer; Music in our life; My favorite actors; My favorite book; Sport in the USA; My future plans; My future profession; Cities in the UK; Internet and modern life; My foreignlanguage teacher; The best film I have ever seen; Sport in Kazakhstan; Sport in the UK; Why do we learn English;Choosing an occupation; An ideal world; Education; Shopping; Different worlds; Famous people; Culture shock;Modern manners, etc.

VIІІ. Білім алушының өзіндік жұмысының оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы
А) шетел филолгиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушы құрамы дайындаған оқу әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың және мақалалардың тізімі:

  1. Бекишева Р.М., Молдасанова А.А., Исмаилова Г.А. Шет тілін үйретудегі мәдениаралық қатынастың рөлі. // «Тіл және мәдениаралық қарым-қатынас» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдар жинағы.

  2. Джарасова Т.Т. Инновационные технологии в методике обучения иностранным языкам. // Сб. Международной научно-практической конференции «Роль иностранного языка в программе внедрения Болонского процесса в образовательную систему Казахстана». 2011. – C.105-108.

  3. Джарасова Т.Т. Инновационные методы преподавания иностранного языка.// Сб. материалов Республиканской научно-теоретической конференции «Инновационные технологии в обучении иностранным языкам». КазНУим.аль-Фараби. Алматы, 2011.–С136-139.

  4. Джарасова Т.Т. New Programs and Technologies in Teaching Foreign Languages. // Сб.матер. Международного науч.метод. семинара «Мультилингвизм и межкультурное образование: опыт преподавания иностранных языков в Казахстане».г. Астана, 2012. –С 63-66.

  5. Жанабекова М.А. Ағылшын тілі сабағында өзіндік жұмысты ұйымдастыру арқылы білім сапасын жетілдіру. // Алматы: Қазақ университеті, 20 ақпан 2012. – 360-363 б.

  6. Жанабекова М.А. «Ағылшын тілі сабағында фонетика бойынша кіріспе курсты меңгеру арқылы білім сапасын жетілдіру». 12-13 қараша 2012.

  7. Жанабекова М.А., Камзина А.А. Шет тілін оқытудағы инновациялық әдістердің маңызы. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция «Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми парадигмалар мен оқытудың инновациялық технологиялары». Алматы, 2012. - 215-218 б.

  8. Карагойшиева Д.А. Білім беру үдерісіндегі жаңа технологиялар (Praat бағдарламасы бойынша). // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазақстанда Болон процесін енгізу бағдарламасындағы шет тілінің рөлі». – Алматы, 2011.–70-73 бб.

  9. Мадиева Г.Б. Мамандықты компьютермен оқыту: оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2002.

  10. Сулейменова Э.Д. Модульно-блочное обучение в преподавании иностранных языков в университете. //«Роль иностранного языка в программе внедрения Болонского процесса». Международная научно-практическая конференция, Алматы, 2011.

  11. Уматова Ж.М. Компьютерные программы в обучении иностранным языкам.// Әлемкеңістігіндегітүркітануғылымы: халықаралықғылыми-теориялық семинар.  Алматы, 2011.  С. 243-247.


Ә) білім алушының өзіндік жұмысын орындауға төмендегі әдебиеттер тізімін ұсынады:

Негізгі
1. В.Д.Аракин. Практический курс английского языка.Iчасть.Москва, 1999.

2. R. Murphy. English Grammar in Use, Cambridge University Press, 1992.

3. Liz and John Soars. New Headway Intermediate. Oxford, 2003.

4. К.Н.Качалова, Е.Е.Израилевич. Практическая грамматика английского языка, Санкт- Петербург, 2008.

5. Ю.Голицынский. Грамматика (Сборник упражнений), Санкт-Петербург, 2008.

Қосымша
1. Н.А. Бонк. Учебник английского языка, часть 1,2; Москва, 2004.

2. А.Х. Айдарбекова. Қазақ бөлімдеріне арналған ағылшын тілі. Алматы, 2005.

3. З.И.Бурова. Учебник английского языка, Москва: “Айрес пресс” 2002.

4. С. Қайырбаева. Ағылшын тілі, Алматы: Қазақ университеті,1999.

6. И.П.Крылова. A Grammar of Present-day, Москва, 2003.

7.В.П. Бочкарев. Самостоятельная научная работа студента: метод,

указания понаписанию и оформлению реферата для студентов всех

специальностей гуманитарныхдисциплин /Красноярск, 2004

8.П.И.Пидкасистый. Организация учебно-познавательной деятельности студентов. М.: Педагогическое общество России, 2005.

9. А.Л.Ермаков, Н.А. Галатенко. Основы самостоятельной работы студента. – М., 1996.



Б) білім алушының өзіндік жұмысын орындауға төмендегі лексикографиялық әдебиеттер тізімін ұсынады:

1. Гальперин. Англо-русский словарь. Москва, 1989.

2.Oxford English Dictionary.

3.Webster’s Dictionary.

4.Collins.Англо-русский/ русско-английский словарь. Москва, 2006.

5. English-Kazakh Dictionary. Алматы, 2004



6.Электронды сөздіктер (интернет желісі, ұялы телефон т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет