Бейнелеу өнері және сызу мамандығын даярлаудағы жаңА Әдістер



Дата27.05.2018
өлшемі87,75 Kb.
#41046
Балкенов Ж. Ш., Бодиков С.Ж.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ МАМАНДЫҒЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР

Білім жүйесін реформалаудағы алға қойылған мақсат - міндеттерді орындау барысында бейнелеу өнері мен дизайн мамандығын оқытудың маңыздылығы ескеріліп, басқа пәндермен бірдей деңгейде қарастырылады.

Бейнелеу өнері мен дизайнды оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларға тоқталатын болсақ, ол - соңғы техникалық құралдармен, жабдықталған шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс - тәсілдердің жүйелі бірлігі.

XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңдерге келіп жетті.

Қазақстан Республикасының жоғарғы білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі заманауи білім мен тәжірибенің негізі:

1) практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;

2) қоғамның интеллектуалды қуатын жетілдіру;

3) еліміздің материалдық - қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;

4) жоғары білім берудің жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының ұжымындағы әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жол ашарлық қарым-қатынас жасау үстінде. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтежелі қолданудың жолдарын іздестіреді.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтежесінде көтеретін әдіс-тәсілдерің, түрлерін көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа», «жаңалық еңгізу» деп көрсетіледі екен. Кейбіреулері оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминмен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазірде білім берумен өнерді үйретудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылады. Бірақ ғылымда бір терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновация «білім беру жүйесінде жаңалық еңгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.

“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация” әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең – инновациялық үрдісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

“инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.

Қазақстан мемлекетінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н.Нұрахметов “инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

“инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады. Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала-субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер

- Оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

- Ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

- Иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- Саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

- Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

- Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады;

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген.

Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлкте жетілдірудің де жүйесі.сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.

инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік даму сатыларынан тұрады:

- жаңа идеяның пайда болуы;

- мақсат қоюшылық;

- тарату және жойылу.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:

- Енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;

- Жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;

- Жаңалықты енгізу жолдарымен.

Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық технологиялар көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, М.Монтессори мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың ірі блоктік жүйесі және т.б.

Инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жаңа технологиялардың философиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолдануда. Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу, сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық құрылуы қажет.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

Қазіргі педагогикалық технологиялық объективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп тануды талап етеді.

«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогикада көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды. Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқудың құрылу, қолдану және анықтау барысының жүйелі әдістер мен жаңа технологияның өзара қатысы болып табылады.

Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғы шарты болып есептейді.

Бір жағынан алғанда жаңа технология - ол ақпаратты өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан оқыту үрдңсінде оқушының қажетті техникалық, ақпаратты тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым.

Сонымен, жаңа технология болашақ маман даярлаудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және қолданылатын тәсілдер түрлі көркемдік жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Калюжый А.А. Формирование имиджа учителя.-М: Владос. 2005, 177б.

2. Перелыгина Е.Б. Психология имиджа.- Москва: «Аспект Пресс», 2002. 223б.

3. Почепцов Г.Г. Профессия имиджмейкер.- Кие, 2001.



4. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - міндет. // қазақстан мектебі. № 9-10. 2005. 25-26 б.

5. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. // қазақстан мектебі. № 1. 2007 . 69-70 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет