«Бекітемін» Директордың ож жөніндегі орынбасары Т. Айтжанов



Дата25.12.2021
өлшемі55,8 Kb.
#105049
түріСабақ


«Бекітемін»

Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

__________________Т.Айтжанов

«_____» _______________ 2020ж.

Алматы қаласы Білім басқармасы

КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі»

__2__ сабақ жоспары



Топ №

ХКМ-104

А-108

РЭМ-116

ИС-117




Өткізілген күн
















Сабақтың тақырыбы: «Сегіз аяқ» өлеңі

Мұғалімнің аты-жөні:

КУРС: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

Сабақ мақсаттары


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Көркем шығарманың кейіпкері туралы ақпарат біледі.



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Шығармадағы көркем бейнені сомдайды.



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Көркем бейне жасауға қажетті өмірлік материалды жинақтайды,әдеби тұлғаны даралайды.



Бағалау критерийі

Көркем шығарманы кейіпкері туралы ақпарат біледі.

Шығармадағы көркем бейнені сомдайды.

Көркем бейне жасауға қажетті өмірлік материалды жинақтайды,әдеби тұлғаны даралайды.


Тілдік құзіреттілік

Сатира, пародия, ұйқас

Сабақта қамтылған

құндылықтар



Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Әдіс-тәсілдер

Түртіп алу, екі жақты күнделік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих

Алдыңғы оқу

Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныс.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сабақ мақсатымен таныстыру.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.



ІІ.Қызығушылықты ояту

Оқушыларды сабақ мақсатына жетелеу үшін сұрақтар қойылады.

Абайша айтқанда «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты ма,қалай ойлайсыңдар?

«Тізбектен не түсіп қалған?»әдісімен Абайдың өлеңі беріледі, соны оқушылар ұйқасын тауып мәнерлеп оқып шығады Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып тақырыпқа болжам жасайды.






Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

1-тапсырма.

Түсіну картасын жасау.

Өлең несімен ерешеленеді?

Өлең шумақтық өрнегі қазақ поэзиясына әсері қандай болды?

Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге қатысы қандай?

Әдебиет тоериясы бойынша

2-тапсырма. ТТ.

Пародия, сатира,ұйқас түрлері туралы ойталқы .

3- тапсырма. ЖТ

Қолданып көр.

Өлеңді мәнерлеп оқу..

Осы өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтау.


Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут


Қолдану

«Сегіз аяқ» өлеңі бойынша әр шумақтағы сөздердің синонимдік қатарын жаса.

Өлеңді ғаламтордан тыңдап, негізігі идеясын анықтап, түйіндеме жаз.




Сергіту сәті

2 минут


Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу. Поэзия сәтін ұйымдастыру.

Өлеңдер жинағы

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Синтез

Қалай ойлайсың «Сегіз аяқ өлеңі стиліндегі өлеңдер қазақ поэзиясында кездесе ме? Абай тәсілімен өлең шығару.






Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут


Интерью әдісі арқылы

Сұрақтар

Оқушы жауабы

Сабақ сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.




Сабақтың ең ұтымды тұсы қандай болды?




Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?Неліктен?




Сабақта қандай әрекет атқардыңыз?




«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таңғалдырды»



Кері байланыс кемесі

«Бекітемін»

Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

__________________Т.Айтжанов

«_____» _______________ 2020ж.

Алматы қаласы Білім басқармасы

КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі»

_3_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР




Күні















Тобы

МП-101

ХКМ-104

А-108

РЭМ-116

ИС-117




Бөлім

I Бөлім. Қалың елім, қазағым.

Сабақ тақырыбы

Абай. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

Оқу мақсаты

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

Сабақ мақсаттары

Шығарманың идеялық мазмұны мен ұлттық құндылықтардың маңыздылығын талдау. Көркемдегіш құралдарды анықтау.

Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Лексикалық бірліктер:  
шырайың, сартша, орақ орған, қыртың, өңкей қиқым, қыртың, тырқың 

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: 

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; 



Құндылықтарды дарыту




Пәнаралық байланыстар




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-7 мин)



І.Ұйымдастыру кезеңі   

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару 

  • Кезекшімен сұхбат  

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру 

ІІ.Қызығушылықты ояту 

https://www.youtube.com/watch?v=yQpv4VIhEys(00:00-00:51)«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің аудио нұсқасын тыңдау.  

Мәтінде кездесетін негізгі тірек сөздерді анықтау:  



қалың елім 

жұртым 

бірлік 

ағайын 

береке 

 

 



Берілген сөздер мен сөз тіркестерін не байланыстырады? 

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.  




Сабақтың ортасы

(7-30)


Қосымша  

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтіксалмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды. 

Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, тұнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсеқызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орғажығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, езгіге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай. 

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған. (291 сөз) 

Тапсырма №1 

FILA кестесін толтыру  

F (деректер) 

I (идея) 

L (туындаған сұрақтар, мәселе ) 

A (жоспарлы әрекет) 




 

 

 

Дескрипторы: 


  • Өлеңнің идеясын анықтайды;  

  • Өлеңде көтерілген негізгі мәселені табады;  

  • Мәселенің шешу жолдарын ұсынады;

Тапсырма №2 

қалың елім 

жұртым 

бірлік 

ағайын 

береке 

 

 



Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып ұлттық құндылықтың маңыздылығын талдап жазыңыз (50 сөз) 

Дескрипторы:  

  • Сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;  

  • Ұлттық құндылықтарды анықтайды;  

  • Маңыздылығын талдайды;  




Сабақтың соңы

Ой толғаныс  

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. 

Бірінші  сөйлем  «Менің ойымша,...  » 

Екінші сөйлем  «Себебі,  мен  оны  былай  түсіндіремін …»   

Үшінші  сөйлем   «Оны мен  мына  фактілермен, мысалдармен дәлелдей  аламын   … » 

Соңғы сөйлем  «Осыған  байланысты  мен мынадай  қорытынды  шешімге  келдім 





Рефлексия



Кері байланыс. 

«Сұрақ-жауап» әдісі  

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?  

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? 






Оқытушы ____________________ Г.Мадешова

«Бекітемін»

Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

__________________Т.Айтжанов

«_____» _______________ 2020ж.

Алматы қаласы Білім басқармасы

КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі»

_6_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР




Күні















Тобы

МП-101

ХКМ-104

А-108

РЭМ-116

ИС-117




Бөлім

I Бөлім. Қалың елім, қазағым.

Сабақ тақырыбы

А.Құнанбаевтың отыз екінші қарасөзі

Оқу мақсаты

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;



Бағалау критерийі

  • Көтерілген мәселені талдайды;

  • Шығарма жазады;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

  • Әдеби шығарманың композициясын талдай отырып, белгілі – бір эпизодтың маңызын анықтау дағдыларын қалыптастырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Екі түрлі мінез, тән құмарлығы, жан құмарлығы.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Жас бала екі түрлі мінезбен туады, ішсем, жесем, бәрін білсем екен.




Тілдік мақсаттар

Лексикалық бірліктер:
- Ғақлия - көркем, дана сөз

- ғибадат - құлшылық ету, сиыну

- мәдмәладқа жету - мақсатқа жету

- ахирет - адамның о дүниеде сұралатын ісі.

- нәпсі - құмарлық

- залал - зиян

- күнәкәр - күнәлі болу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының зайырлы ұлт және жоғары руханият құндылығы бойынша: өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы т.б.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-7 мин)



І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ.Қызығушылықты ояту

Он жетінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату







Қайрат

Ақыл

Жүрек

Айырмашылықтары










Не ортақ?




Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.




Сабақтың ортасы

(7-30)


Тапсырма №1

Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы бойынша қара сөзде көтерілген мәселені талдау.





Дескритпор

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Мәселенің өзектілігін табады;

  • Қарама-қайшылықтарды анықтайды;

  • Көзқарасын білдіреді;


Тапсырма №2

Оқушылар көтерілген міселені талдаған соң,

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,....» тақырыбында эссе жұмысын жазу.
Дескриптор


  • Құрылымдық ерекшелігін сақтайды;

  • Тақырыпты ашады;

  • Ойын дәлелдеуде аргументтер келтіреді; (кемі 3)

  • Сөз санын ескереді; (200 сөз)







Сабақтың соңы

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім





Рефлексия



Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі




Оқытушы ____________________ Г.Мадешова
Қосымша

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды.

Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, тұнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсеқызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орғажығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, езгіге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай.

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған. (291 сөз)

«Кейіпкерді зерттеу»

Оқушыларға шығарманың «Кенжетай» және «Биге шықты дөңгелеп» бөлімдерінен үзінділер таратылады.

Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, тапсырмаларымен жұмыс жасайды (Имантай, Әлима, Овсянников, Әбікей, Николай Ермилович, Нұрым, Қаныш, т.б.).

1. Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;

2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,

3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;

4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;



5. Кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттер тізбесін жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет