«Бекітемін» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Т. Оспанов Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Қ. Аюпова, Е. Ахметов 23. 11. 2015 ж Мадалиева Махаббат



Дата28.01.2018
өлшемі24,49 Kb.
#35597
«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Т.Оспанов

Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Қ.Аюпова, Е.Ахметов

23.11.2015 ж

Мадалиева Махаббат

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырыбы:


«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
сыныбы: 6 «б»

Сабақтың мақсаты:


1. Білімділік: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы оқығандарын пысықтау, толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз жерінен шыққан ұлы адамдар өмірі мен шығармашылығын сүюге, бағалай білуге, өнер-білімге, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденушілік, қорытынды сабақ.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу, салыстыру. Венн диаграммасы, талдау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих.
Көрнекіліктер: Абай портреті, «Кітап көрмесі», Абайға 165 жыл, сөз жұмбақ «Абайтану», буклет, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған файл және слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Абай лебі - заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?

Абай өмірінен мәлімет.


1. Абай – ұлы ақын.
Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттанған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Ендеше, Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңі ермек үшін»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
«Оспанға»
«Ұлы Абайға»
« Сегізаяқ»
2. Абайдың поэмалары
3. Абайдың лирикасы:
«Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»
а) Табиғат лирикасына шолу
ә) Махаббат лирикасы.
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? » дегендей Абайдың махаббат, ғашықтық тақырыптағы өлеңдеріне шолу жасайық.
Жас әнші, термешінің орындауында «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін тыңдайық.

4. Абай шебер аудармашы.


Ойы – терең, түрі көркем , өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай – қазаққа ғана емес, туысқан елдердің көптеген талантты ақындарына ұстаз. Ол Гетенің, Пушкиннің, Лермантовтың, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударып, шебер аудармашы атанды.
«Қараңғы түнде тау қалғып» әнін хормен айту.
5 Абай – сазгер.
Қазақ халқының мәдени мұрасында Абай шығармашылығы маңызды орын алады. Қазақ халқы Абайды тек данышпан ақын, әрі ағартушы ретінде және көптеген халық әндерінің авторы болғандықтан оны сазгер деп таниды.
Енді сол әндерінен үзінді тыңдап көрейік.
«Желсіз түнде жарық - ай» ұлдар тобының орындауында.
6. Абай – жазушы, философ.
- Ақын адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіріп, әділетті, ақиқатты сөз ететін, тәрбиелік мәні күшті қара сөздер жазды, - дей келе қара сөздеріне шолу (слайд арқылы).
7. Сабағымызды қорытындылай келе, оқушылар шығармашылығына тоқталу.
Абай туралы менің өз ойым.
8. Сөз жұмбақ «Абайтану»
Сөз жұмбақты дұрыс шешкенде «Абайтану» деген сөз шығады.
9. Венн диаграмасы
Шоқан, Ыбырай, Абай – ХІХ ғасырдың ағартушы демократтары. (Ұқсастығын келтіріп, айырмашылығына тоқталады).
10. Үйге тапсырма:
«Мен Абайды қаншалықты білдім?» - эссе жазу.
11. Оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 1280
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1280 -> Сабақтың мақсаты
1280 -> Д. К. Алибекова (Алакөл негізгі мектебі)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет