6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы - лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына- затесім.
6.2.Екінші грамматикалық мағынасы атау септігінің нөлдік тұлғасы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына - атауыштық мағына.
7. Адамдар кімдер деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім, не, кімдер, нелер т.б.сұрақтарға жауап беріп, заттың нәрсенің, құбылыс-тың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарай
а) жалпы есім, себебі біркелкі тіршіліиесі-нің жалпылай атауы;
Сабақтың әдісі: Талдау, сұрақ – жауап, жазба жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география, сурет, математика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (сабақтың ашылу рәсімі)
Әрбір адам?
Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім?
Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзім?
Шындық, бірлік, адалдық.
(сыныпты топқа бөлу, бағалауды түсіндіру)
2.Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге балалар орфография және орфоэпиялық сөздіктерді пайдалана отырып айтылуымен жазылуында өзгешелігі бар он сөзден жазып келуге бергенмін.
- Кәне балалар, үйге берілген тапсырманы кім оқиды?
Үлгі: басшы – башшы
3.Қызығушылығын ояту.
Енді балалар, бүгінгі сабағымызды не жайында екенін білу үшін мына математикалық сөзжұмбақты шешсеңдер деймін. Бұл сандар алфавиттік жүйе бойынша қойылған. Соны тауып көрейік.
а) Балалар алдарыңда «Тіл білімінің картасы» ілінген. Біз 5 – сыныпта фонетика ауылын зерттедік. Мына суреттегі Фонетика ауылына көз салыңдар. Мына суретте ірі өзен Тасымал ағып жатыр, ал мынау биік тау Екпін, кіші ауылдар: Буын, Үндестік, дыбыс үндестігі, буын үндестігі. Мына екі ірі үй Дауысты мен Дауыссызды көріп отырсыздар.Ал фонетика елімен шекаралас Морфология, Синтаксис, Лексика ауылдары орналасқан. Ал балалар енді осы суреттегі қандай ауылдарда қонақта болдық?
Балалар:
- Лексика, фонетика ауылдарында.
Ендеше біз бүгін фонетика ауылына соңғы рет саяхат жасап, фонетика ауылының адамдарымен жүздесіп, қоштасып қайтсақ деймін.
4.Өткенді қайталау:
Балалар фонетика тарауы бойынша мына сандардың құпиясын ашып көрейік.