Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұялы телефонның зияны мен пайдасы
Сыныбы: 7 «Д»
Сынып жетекшісі: Бүркітбаева Гүлжан
2022-2023 оқу жылы
Бекітемін:
Күні: 2.12.2022ж.
Тақырыбы: Ұялы телефонның зияны мен пайдасы
Мақсаты: Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жақтары жөнінде білімін жетілдіру. 2) Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге , біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. 3) Ортада және топпен жұмыс жасай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі дебат сабағымыздың тақырыбы: «Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе ?» Жақтаушы және даттаушы топтар орындарына орналассын. Ал қалған оқушылар сараптаушы топ болады.
Олар екі топтың сөздерін, пікірлерін мұқият тыңдап, өз пікірлерін айтады.
2. Ойын барысы.
1. Жақтаушы топ.
Кіріспе: Қазіргі адамдардың ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, « сотка » аталып кеткен ұялы телефондар барлық тіршілігімізді билеп алған. Онсыз күніміз жоқ.
Ұялы телефон 20 ғасырдың ортасында Японя , Қытай , Америка мемлекеттерінде шыға бастады. Ол мемлекеттерден біздің мемлекетке 20 ғасырдың аяғында келді.
- Сіздердің қарарларыңыз ?
Хормен : « Ұялы телефон оқушыларға қажет.»
- Критерилеріңіз ?
Критериіміз: « Дамыған мемілекеттер қатарына қосылу .»
1. Біздің пікіріміз, ойымыз. Ұялы телефон оқушыларға қажет.
2. Егер боранды күні жолға шығып, далада машинаң жүре алмай
қалса, соткамен хабар бересің де, құтқарушы келеді.
3. Ата – анамыз жұмыста болғанда, біз сабаққа кетеміз. Олар бізді
ойлайды. Сол кезде ұялы телефонмен жағдайымызды біліп
отырады.
4. Елбасымыздың халқымызға арнаған жолдауында « Қазақстан болашақта бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарынан табылатын болады » деп алдымызға үлкен міндет
қойған. Дамыған елу елге теңесу үшін әрбір оқушы телефонды да,
компютерді де меңгеру керек.
2. Даттаушы топ.
Кіріспе: Ал біз сіздердің пікірлеріңізді қолдамаймыз.
Ұялы телефонның қаншалықты зиян келтіретінін неге ойламайсыздар.
Бекерге қызыға бергенше бізді тыңдап, ойланыңыздар достар.
- Сіздердің қарарларыңыз ?
Хормен : « Ұялы телефон оқушыларға қажет емес.»
- Критерилеріңіз ?
Критериіміз: «Салауатты өмір салтын ұстану.»
1. Біздің пікіріміз, ойымыз. Оқушыларға ұялы телефон қажет емес.
2. Денсаулыққа зиянды радиациялар бөледі.
3. Ұялы телефон алуға және бірліктерге яғни идиницаға қаншама
қаражат қажет.
4. Ұялы телефонның көбі Қытайда жасалады оның зиянының көптігін
тіпті тарақан, қоңыз тәрізді жәндіктер де біліп, үйлеремізден қашып
кетті. Бірақ олардың үйде болмағаны бізге жақсы ғой. Дегенмен
біз ұялы телефонның зияны жайлы айтып отырмыз.
3. Жақтаушы топ.
1 .Алыстағы ата – әжелерімізге хабарласып, құттықтаймыз
2. Тойларда, мерекелерде суретке түсеміз.
3. Сабақтан аурып қалап қойсаң, ұстазыңа хабарлап айтасың.
Достарыңнан сабақ сұрайсың.
4. Ата – анамыз ерте жұмысқа кетеді . Бізді кім оятады ? Әрине анамыз
соткаға тұратын уақытымызды белгілеп кетеді.
5. Музыка тыңдап, ойын ойнайсың.
4. Даттаушы.
1.Сабақта шырылдап, көңіліңді бөледі, басқа балаларға кедергі
болады.
2. Ұялы телефонды жатса да, тұрса да қолынан тастамайтын бала
тұйық, жеке жүретін, көп сөйлемейтін болыды .
3. Жүргізушілерге соткамен сөйлесуге болмайды. Апаттың көбі қазір
соткамен сөйлескендіктен болып отыр.
4. Кейбіреулер балаларды төбелестіріп, соткаға түсіріп алады.
5.Соткамен көп сөйлессең, музыка тыңдасаң , құлағың аурады. Ал одан
ойындарды көп ойнасаң, көзің аурады.
4. Сараптаушы.
1.Егер отбасының қаражаты жетпесе, сатып беріңдер деп мазалаудың
қажеті жоқ. Сотка қажеттілік емес, онсыз да өмір сүре аласың.
2.Ұялы телефонның денсаулыққа зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан тек қажетті кезде ғана қолдану керек.
3.Сабақ кезінде соткаларыңды сөндіріп, немесе ешкім сабақ
уақытында қоңырау соқпауын ескертіп қойсаңдар дұрыс болады.
4.Ұялы телефонға көп бірлік кетірмей , ең керекті сөздермен
шектелу қажет. Бос әңгіме айта бермеу керек.
5.Төбелестерді соткаға түсіріп, оны басқаларға тарату ,
тәртіпсіздің ісі.
6. Сотка қажет екені жасырын емес. Қажет кезінде тез хабарласа
аласың.
7. Жүргізуші жүріп келе жатып, соткамен сөйлеуге болмайды.
8. Адасып кетсең, сотканың көмегі өте қажет.
Ұсыныс: Екі жақты тыңдай келе , біз мыныдай шешімге келдік. Әрине, заман талабына сай, ұялы телефон қажет. Бірақ, жаңағы даттаушы топтардың айтқандарын да жоққа шығара алмаймыз. Ұялы телефонның зиянды кездерін де ескеру керек.
Ұялы телефонды қажетті кезде ғана қолданғанымыз дұрыс.
Қонақтардың ұсынысы қандай ?
6. Қорытынды: Сараптаушы топтың пікірін тыңдағанымыз дұрыс шығар. Ал екі топ та теріс пікір айтқан жоқ. Өздерің тағы да ойланып, дұрыс шешім жасайды деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |